Басы » Бастауыш сыныптар » ануарлар дүниесінің әртүрлігі

ануарлар дүниесінің әртүрлігі

Қызылорда облысы,

Жалағаш ауданы,

№ 201 орта мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі  Нурова Динара

Пәні: Дүниетану. Сыныбы: 2 сынып

 Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлігі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жануарлар тіршілігінің әртүрлігі

туралы түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін,

сөздік қорын, тілін, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

  1.         Алған білімдері бойынша

қорытынды шығара білуге үйрету.

  1.        Жан – жануарлардың жанашыры

болуға, оларды  қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, таратпалар, суреттер.

Әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Психологиялық дайындық:

Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.

Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз!

Үлкенге ізеттіміз,

Кішіге қамқормыз.

Көп оқимыз, Өнерліміз!

Жанып тұрған шырақпыз!

Елімізді өркендететін,

Біз қазақ елінің болашағымыз!

  • Рахмет, балалар. Ендеше, барлығымыз орнымызға отырып сабағымызды бастайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Үйге қандай тапсырма берілді
  • Өсімдіктердің тіршілігі деген бөлімді қайталау.
  • Дайынбыз ба?
  • Ия.

ІҮ. Ой қозғау стратегиясы.

Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтан үш оқушыға сұрақтар жазылған корточкаларды тарату.

  1. Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?
  2. Өсімдіктің мүшелерін ата?
  3. Өсімдікті неге тірі ағза дейді?
  4. Өсімдіктің тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
  5. Жемістер нешеге бөлінеді?
  6. Күзде жапырақтар неге сарғайып жерге түседі?
  7. Өсімдік неден көбейеді?
  8. Өсімдік мүшелері қандай қызмет атқарады?
  9. Қатасін тап: Қыста жапырақтар түседі;

Күзде     өсімдіктер көктеп шығады;

Көктемде    өсімдіктер пісіп жетіледі;

Жазда         өсімдіктің өсу мерзімі тоқтайды;

Ү. Жаңа сабақ.

— Жарайсыңдар, балалар біз осымен өсімдіктер тіршілігі деген тарауды қорытындылағалы отырмыз.

Ү. «Адасқан сандар» ойыны. 

Әрбір санда бір әріптен бар. Сандарды өсу ретімен орналастырамыз. Сонда біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын шығарамыз.

  • Жарайсыңдар! Біз бүгіннен бастап «жануарлар тіршілігі» деген тарауды бастаймыз. Бұл тарауда біз жануарлардың ұқсастығы, олардың қысқы, жазғы тіршілігі, ұқсастығы, бір – біріне қайырымдылығы, айырмашылығы туралы оқып – білеміз. Олай болса осы тараудың ішінен біз бүгін «жануарлар дүнесінің әртүрлігі» деген тақырыпты ашамыз.
  • Балалар, «жануарлар дүнесінің әртүрлігі» дегенді қалай түсінесіңдер
  • ?
  • Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
  • ?

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы мәтінді оқып, түсіндіру.  Оқушылардан түсінгендерін сұрау.

Жануарлар да тіршілік иесі. Тіршілік ету үшін жануарларға да адам сияқты түрлі жағдайлар қажет.

Шөппен қоректенетін жануарлар шөпқоректі, ал қасқыр, жолбарыстарды жыртқыштар дейміз. Аю да жыртқыш – аң. Ол бірақ балмен, балықпен, жидекпен қоректенеді.

ҮІІ. Суретпен  жұмыс.

Суреттегі жануарлардың қайсысы қай топқа жататынын айтқызу.

  • Балалар, қазір қай мезгіл?
  • Қыс
  • Қыс мезгілінің қай айы?
  • Желтоқсан айы.
  • Осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
  • 16. 31 желтоқсан.
  • Дұрыс айтасыңдар, біз жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.
  • Балалар біз 1,2 күнде жаңа 2014 жылды қарсы аламыз. Ал қандай жылды шығарып саламыз?
  • Жылан жылын.
  • Ал, қандай жылды қарсы аламыз?
  • Жылқы жылын.
  • Ал, енді балалар қараңдаршы, біз жануарларды бірнеше топқа бөлдік. Осы жылан мен ұлу сол топтардың қайсысына жатады.
  • Жорғалаушылар тобына.
  • Жарайсыңдар балалар, олай болса келесі суретке назар аударайық.

Жабайы және үй жануарларын ата?

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс.

Сызбаны дәптерге жаздыру.

Жануарлар – шөпқоректі – жыртқыштар – жәндіктер – құстар.

  1. Мына жануарлар қайда тұрады? Суреттегі әр жануардың тұратын орнын бағыттауыш сызықтармен қос.
  2. Жануарлардың тіршілігіне не қажет? Бағыттауыш сызықтармен қос.

ІХ. Сабақты қорытындылау.

  1. Қандай үй жануарларын білесің? Олар қалай қоректенеді?
  2. Қандай жануарлар жыртқыштар деп аталады?
  3. Қандай жануарлар шөпқоректі деп аталады?
  4. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды бір – бірінен қалай ажыратамыз.

Х. Үйге тапсырма.

  1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. Шөпқоректі жануарлар туралы шағын әңгіме жазып келу.

ХІ.  Бағалау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *