Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Арықбаева Гүлшаттың математикадан өткізген ашық сабағы
математика
14—апта | 19.12.14 | 69—сабақ | |
Сабақтың тақырыбы: | Бағасы, саны, құны шамалары арасындағы тәуелділік | ||
Мақсаты: | Шамалар: бағасы, мөлшері, құны арасындағы тәуелділікке есептер шығару білігін қалыптастыру | ||
Міндеттер: | 1) Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару алгоритімін пайдалану білігін бекіту
2) Үш таңбалы сандарды ондықтан аттамай жазбаша есептеу білігін жетілдіру 3) Үш амалдан тұратын сандық өрнектерді жазбаша есептеулерді жазу білігін бекіту |
||
Күтілетіннәтижелер | Бағасы, саны, құны шамалары арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығара білді. | ||
Ресурстар | Оқулық, әдістеме, АКТ, сергіту сәті, кестелер, тірек сызбалар | ||
Оқыту әдістері | Ұйымдастыру сәті, музыкалық аспаптардың суреттері арқылы топқа бөлу, «Тобыңды тексер» әдісі, тірек білімді өзек ету, бастапқы білімді бекіту, «Бақытты сәт» оқыта үйрету ойыны, сергіту сәті, топты бағалау, рефлексия. | ||
Тапсырмалар
|
1-гейм Топтық тапсырма «Ой сергіту» Қосымша тапсырма
|
2-гейм Топтық жұмыс «Мен сенемін» 1-4-тапсырмалар |
|
3-гейм «Сен маған, мен саған» 5-9-тапсырмалар
|
4-гейм Өзіндік жұмыс «Өзіңді-өзің бақыла» 10-тапсырма |
||
Үйге тапсырма | 7-тапсырма | ||
Бағалау | Қалыптастырушы бағалау. Бағалау парағы | ||
Рефлексия
|
«Бағдаршам» | ||
Сабақтың жүрісі: | ||
Сабақтың кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1.Психологиялық кезең
Топқа бөлу
Үй тапсырмасы «Тобыңды тексер»
|
-Сендерді өмірде не таңқалдырады? Таңқалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таң қаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар.
Оқушыларға күнделіктерінің арасына жасырынған музыка. аспап суреттерін таптыру.
Үйге берілген тапсырманы топта тексерту. |
Оқушылар күнге қолдарын созып тұрып, интерактивті тақтадағы өлең шумақтарын бәрі бірге айтады.
Аспаптардың суреттері арқылы төрт топқа бөлінеді.
Әр топ үйге берілген тапсырмаларын өзара тексеріп,ақпарлама береді. |
2.Тұсаукесер кезеңі
Тірек білімді өзек ету. 1-гейм «Ой сергіту»
|
«Бақытты сәт» ойыны арқылы оқыту әдісін қолдану, ойын кезеңдерімен таныстыру
Әр топқа тапсырмалар беру. 1-топ сызба құру, 2-топ сәйкестендіру, 3-топ сурет бойынша, 4-топ логикалық тапсырма
|
Оқушылар ойын кезеңдерімен танысады.
Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде топта талқылап , білімдерін ортаға салады. |
Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс «Сиқырлы асықтар»
2-гейм «Мен сенемін»
Сергіту сәті
Бастапқы білімді бекіту «Сиқырлы асықтар»
3-гейм «Сен маған, мен саған»
Қорытындылау 4-гейм «Өзіңді-өзің бақыла» |
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтату. Дәптерлеріне жаздырту.
Қоржындағы 1-ден 4-ке дейінгі нөмірленген асықтарды топқа суырту.
Тапсырмаларға дайындалуға уақыт белгілеу. «Мен сенемін» әдісі арқылы әр топ өз мүшелерінің бірін дайындап , оған сенім артып келесі топ алдында қорғауға шығуларын ескерту.
Таңертеңгі жаттығу жасату
Қоржындағы 5-ден 9-ға дейінгі нөмірленген асықтарды топқа суырту.
Тапсырмаларға дайындалуға уақыт белгілеу.
10-тапсырманы өз беттерімен жеке жұмыс ретінде орындату |
Күннің жадын, тақырыпты дәптерлеріне жазады.
әр топ асықтағы нөмірлерге сәйкес оқулықтағы 1,2,3,4-тапсырмаларды алады.
Әр топ бір-бірінің тапсырмаларын тыңдап , қатесін түзетеді, бір-бірін бағалап отырады.
Музыкамен таңертеңгі жаттығу жасайды.
әр топ асықтағы нөмірлерге сәйкес оқулықтағы 5,6,8,9-тапсырмаларды алады.
Әр топ бір-бірінің тапсырмаларын тыңдап , қатесін түзетеді, бір-бірін бағалап отырады.ін
Өз беттерімен орындап, бір бірінікімен салыстырып, өз білімін бақылайды. |
Бағалау | Қалыптастырушы бағалау | Бағалау кестесі бойынша қорытынды жасайды. |
Рефлексия
|
«Бағдаршам» әдісін қолдану |