Жезқазған қаласы,
«Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп- лицейі» КММ
жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
Козыбаева Гульнур Жумабековна
«Рақмет, саған әліппе» әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Сабақтың мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар, оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж.
Сабақтың барысы:
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жеті келед жүгіріп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
Бала деген шіркін-ай балдай екен
Тәттілігі жая мен жалдай
Арып –ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.
1-оқушы( Еркин)
Өлшеулі ар-намысы халқымыздың
Қорғаны адамдықпен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым
Сенері сіздерсіздер халқымыздың.
2- оқушы (Мінайым)
Өмір берер ертеңгі бағаларын
Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.
ІІ- жүргізуші
Бүгін сендерде үлкен қуанышты күн.
Сендер алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулықтарың әліппені аяқтап, қоштасқалы отырсы.
І- жүргізуші
Алғаш қолдарыңа гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде сендер 42 әріпті үйреніп, енді өздерің оқып та, жаза да аласыңдар.
ІІ- жүргізуші : Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
І- жүргізуші : Қызығып қарай бердім әріптерді.
ІІ- жүргізуші : Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
І- жүргізуші : Ұстазым кілтін оның алып берді.
Мұғалім:- Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар. Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе?
-Ендеше, Сынып, әліппеге саяхат жасауға әзірлен! /Фанфар дауысы/
3- оқушы: Алыстан бір зат көрінеді.(дүрбімен қарап, қатты дауыспен)
-Қайықты жағаға бұр.Бұл не екен?
4- оқушы: (Санжар)
Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа әріп пен жазба әріп.
Дауысты мен дауыссыз.
Айтыңдаршы, балалар
Қай оқулық үйреткен?
Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!
Әліппе: (Гүлжанат)
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар ата-аналар!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың,
Әліпбиін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Әліппенің сұрағы:
1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
2-сұрақ: Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды? (Мектеп ашып, оқуға, білімге құштар болыңдар деді)
Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.
Ән «——————————————-» / барлығы/
5-оқушы: (Омар)
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
6- оқушы:( Алдияр)
Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Барлық білім-ілімнің
Ағасы осы әліппе.
7-оқушы: (Н.Нурасыл)
Біз жазамыз «ана» деп
Біз жазамыз «дана» деп
Біз жазамыз «бала» деп
Біз жазамыз «Отан» деп.
8-оқушы: (Ұлжан)
Биік-биік таулар деп
Қызыл-жасыл баулар деп
Қаһарманды ел қазақ деп
Болашағы ғажап деп.
9- оқушы (Шолпан)
Апа-ата атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе.
10- оқушы: (Ділназ)
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе.
11- оқушы: (Айым)
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
12- оқушы: (Сая)
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзі әліппе.
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппе.
Ән «Дос болайық бәріміз!»
І-жүргізуші: Әр жігіттің үш жұрты болады демекші, әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала келіпті.
ІІ- жүргізуші: Әліппенің өз жұрты дауысты дыбыстар.
І- жүргізуші: Нағашы жұрты- дауыссыз дыбыстар.
ІІ-жүргізуші: Қайын жұрты: ъ, ь белгілері. Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға берейік. /Әріп-тақпақтар кезек./
13- оқушы: ( С.Нұрасыл)
Мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан.
«Апа», «ата» сөздері,
А әрпінен басталған
14- оқушы: (Ринат)
«Ә» деген әріп мен болам,
Әділдікке шақырам.
Әдепті бол әрқашанда,
Қасыңда болам сонда ғана.
15-оқушы: (Толғанай)
«Б» әрпінен бастап ұстазың,
Бүлдіршін дейді сүйкімді.
Қуанып сен үшін ата-анаң
Балапаным дейді сүйікті.
16-оқушы: ( Анвар)
Барлық әріп бағалы.
Айттық әділ- бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
17-оқушы: (Айзада)
Анам менің, әкем де
Атам менен апам да
Шопан, ұшқыш, ғалым да
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.
18-оқушы: (Асылан)
Күндерге күн ұласты.
Жылжып-жылжып ай асты.
Ойдағыдай бітірем
Мен бірінші сыныпты.
Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар неге жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма. Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О, П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім: Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені сендер тұңғыш сауаттарыңды ашқан «Әліппені» бітірдіңдер. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Қыздардың орындауында би.
Буратина
І-жүргізуші: Бір күні жаман мен жақсы кезікті, сөз тартысып бір-бірімен кежікті.
Жақсылық:
Жамандыққа жол бермеймін ешқашан да,
Үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға,
Үйретемін баланы жақсылыққа
Жамандық:
Үйренсең бала жамандық,
Қорқады сенен барлығы.
Тауық қашар қыт-қыттап
Құстар ұшар шықылықтап.
Ал, кішкентай балақан.
Бұғып өтер қорқақтап.
Жақсылық:
-Дұрыс емес, сенікі жамандық.Сені балалар жек көріп, аулақ болуға тырысады. Егер осындай қылықтарымен бала кездессе оған тәртіпті, жақсы балалар көмектеседі. Оларды дұрыс тәртіпке үйретеді. Ендеше, екеуіміз де балаларды бүгінгі кештерімен құттықтап, тәртіпті, білімді болуға шақырайық.
Буратина:
-Балалар, тәртіпті, білімді болуға серт береміз бе?
Оқушылар: /хормен/ -Тәртіпті, білімді оқушы болуға серт береміз!
Слайд
19-оқушы: ( Нұртөре)
Ашылды енді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған Әліппе – білім бесігі.
20- оқушы: (Ғалым)
Әліппем менің әліппем,
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет.
21-оқушы: (Нұриден)
Қош бол құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
22- оқушы: ( Мейрамбек)
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.
І- жүргізуші:
Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенің
Сауатты адам санатына кіргенім.
Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Буратина
-Олар білмейді!
Хормен Білеміз!!!
Ендеше сендерді тексеремін!
1 арттырамыз, 1 кемітеміз!
Әліппе:— Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
ІІ- жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Мұғалім:
Әріптердің иесі, құрметті әліппе!
Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз және Білім әкімшілігінің атынан «Еңбегі сіңген білімгер» атағын табыс етуге рұқсат етіңіз.
Әліппе:
Рақмет, ризамын. Менде сендерге бұдан былай қарай кітапты көп оқысын деген ниетпен, мына кітаптарды табыс етемін
Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?
Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.
(Ана тілі ортаға шығады)
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін
Ана тілі ұраным
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.
Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер
1-оқушы: (Мансур)
Кітап-білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
2- оқушы: (Санжар)
Ақыл- тозбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кен.
3-оқушы: (Амина)
Кітапсыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
4-оқушы:( Ғалым)
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
5-оқушы: (Алдияр)
Оқу инемен құдық қазғандай.
6-оқушы: (Омар)
Білім іздеген озар,
Бүлік іздеген тозар.
7-оқушы: (Н.Нурасыл)
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
8-оқушы: (Ринат)
Оқу- білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
10- оқушы: (Диас)
Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
11-оқушы: (С.Нурасыл)
Ана тілің- арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
12-оқушы: (Сая)
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
14- оқушы: ( Нуриден)
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім,
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
Бата
Ана тілі:
Білімнің бетін жарық ет!
Ұл-қызымды білімді ет,
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып .
Өсе берсін санамыз! Әумин.
І-жүргізуші:
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
ІІ- жүргізуші:
Сендердіі осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелерің мен әжелерің, аналарыңа мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады. «Ұстазым» әні.
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында
Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мұғалім: Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.
І-жүргізуші:
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!