12 жылдық білім беру жүйесіне көшу — заман талабы
Зәмзагүл Болатқызы Ахметова,
Павлодар облысы Екібастұз қаласы
№11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
12 жылдық мектепте бастауыш мектеп оқушыларының білім деңгейлерін арттыру үшін дамыта оқыту технологиясының көмегі зор. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс-әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясымен көрнекті ғалымдар Л.С.Выготский, М.Я.Лернер, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. В.В.Давыдов: «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көлсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы», -дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселесі шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға ынтасын артып, білім алуға әрекет жасайды. Қазіргі технологияларда «миға шабуыл», дебат, үлгі, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданып келеді. Соның ішінде әсіресе, негізгі концепциясын ұсынып жүрген Эльконин, Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясын алуға болады. Дамыта оқыту тікелей баланы жан-жақты дамыта отырып оқытуға негізделеді. Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:
- Оқушы субъект, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады.
- Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес)
- Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – информатор емес, керісінші, бағыт беруші, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші.
- Дамыта оқытудағы басты іс-әрекет – диалог, пікірталас, пікірлесу.
- Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы,
Міне, осындай жүйелер арқылы «Өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни, дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады.
Дамыта оқыту белгілері:
- Педагогикадағы түсіндірмелі көрнекілік әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы тығыз байланыста.
- Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
- Балаға іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
- Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
- Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
- Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
«Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек», деген Л.С.Выготский. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтайды:
- Өзекті даму деңгейі – бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер;
- Жақын даму аймағы – бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Тұлға жақын даму аймағына өтуге өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын дамытуға дағдыланады. Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы. Оқушы танымы: өзі анықтап, еркін өз қалауы бойынша іс-әрекет ету, өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек етеді, оның балаға деген сүйіспеншілігі, «мұғалім» мен «оқушы» арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен мінезін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабына сай құзыреттілікке негізделген оқытуда мақсатқа жетудің жолы да осы танымдық белсенділіктен басталады. Педагогикалық аспект тұрғысынан алғанда белсенділіктің үш түрін көрсетуге болады:
- Ақыл-ой белсенділігі
- интеллектуалды белсенділік
- таным белсенділігі.
Ақыл-ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:
- Ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы-зерттеу іс-әрекетіне бағытталған белсенділігі ретінде;
- Интеллектуалды ынталандыру түріндегі көрінетін тұлғалық белсенділік ретінде.
Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны стандартпен анықталатын құзыреттіліктер ретіндегі білім берунәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
- Мәселелердің шешімін табу;
- Ақпараттық
- Коммуникативтік құзыреттіліктер.
Құзыретті ұғымы білім, білік және дағды сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік оқыту оқыту нәтижесін ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдандана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқу үрдісінде қалыптасады. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады. Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау – мұғалім үшін жауапты да күрделі жұмыс. Оқушының өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Шығармашылық ізденістер. Бастауыш мектеп. 1996. — №2
- Қ.М.Нағымжанова, Н.М.Нұрғазиева, «Бастауыш білім берудегі жаға технологиялары».
- 12 жылдық білім. 2005ж №7