«№13 орта мектеп гимназиясы» ММ
Информатика пәні мұғалімі:
Сагиндикова Сандугаш Кадиргалиқызы
Сабақтың тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларды Wordpad мәтіндік редакторында мәтінді пішімдеу әдісімен таныстыру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
В) Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Түсіндірмелі -практикалық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, MS Power Point-та жасалған слайдтар, бағалау парағы, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- “Келесі” ойыны (сұрақ – жауап).
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Практикалық тапсырмалар орындау.
- “Пернелерге саяхат”- жұмбақтың жауабын табу.
- Демалыс сәті.
- «Иә — Жоқ» ойыны.
- Жаңа сабақты қорыту.
- «Кубизм» әдісі.
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Сынып тазалығына көңіл бөлу;
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
“Келесі” ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша сұрау. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орынынан тұрып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан береді. Сұрақтары:
- Wordpad қандай редактор? (Қарапайым мәтіндік құжаттармен
жұмыс жасауға арналған мәтіндік редактор)
- Wordpad редакторының іске қосу әрекетінің тізбегін ата?
Пуск – Все программы – Стандартные – Wordpad
- Wordpad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?