Тарбағатай ауданы
Көктүбек ауылы
«Көктүбек орта мектебі» КММ
Мектеп психологы
Мизамитова Бақытгүл Масалимқызы
«Өмір- сенің жарқыраған аспаның,
Өмір- сенің таусылмайтын дастаның» тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында суицидтің алдын алуға байланысты өткізілген тренинг
Тақырыбы: «Өмір- сенің жарқыраған аспаның,
Өмір- сенің таусылмайтын дастаның»
Мақсаты: Өмірдің адам үшін маңыздылығын жан- жақты ашу, өмірді мәнді де, мазмұнды сүруге ықпал ету. Өмірді бағалауға, дұрыс өмірлік ұстанымға жол ашу.
Құрметті оқушылар!
Бүгінгі өткелі отырған
«Өмір- сенің жарқыраған аспаның,
Өмір- сенің таусылмайтын дастаның» атты психологиялық тренингқа қош келдіңдер.
Тренингімізді бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық. Қағаздан қиылған 2 түсті қызыл және сары гүл күлтелері таратылады. Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады. Жасыл гүл тандаған оқушылар жасыл столға, қызыл гүл таңдаған оқушылар қызыл столға отырады.
1- топ «Шаттық » тобы , 2- топ «Қуаныш» тобы.
- Өмір керек. М.Мақатаев
Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат,
Қызық өмір, ақырын тұрсаң қарап.
Біреулердің еңбегі еш, тұзы сор боп,
Біреулердің бақыты жүр сорғалап.
Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,
Аласы мен құласы, торысымен.
Тағдыр түрлі болғанмен, өмір біреу.
Ұнатамын өмірді сол үшін мен.
- Өмір сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
(шығармашылық жұмыс орындату)
- Ой қозғау. (тренингқа әрбір қатысушының пікірін тыңдау.)
- Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
- Мәнді өмір сүру үшін адамға не керек?
- … Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ, ешкім де сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес.Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше ғибрат алады.
Бірақ қандай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер қызығы мен рахаты, не азабы мен қасіреті, жақсы мен жаманға үйрететін мектебі. Б. Бұлқышев.
- «Орындарын ауыстыру».
Балалар шеңберге тұрады. Содан соң туған айларына, есімдерінің бас әріпіне, жыл мезгілдеріне байланысты орын ауыстырады.
9- сынып оқушысы Абдоллаева Ақботаның өз шығармашылығынан шыққан «Өмір- теңіз» атты өлеңі оқылады.
«Өмір- теңіз» А. Абдоллаева
Өмірдің баспалдағы ақ пен қара,
Өмір ағыс құралады өкпе- нала.
Өмірдің бір бүйірі жақсы болса,
Екіншісі жамандық әрі жала.
Өмір- мәңгі жақсылықтан тұрмайды,
Уақыт шіркін, ұшқан құстай зырлайды.
Адам деген өмірдің бар қонағы,
Өз тағдырын өз қолымен құрайды.
Өмір- мектеп үлкен сабақ беретін,
Болашақты жалғыз сол ғой көретін.
Өмір- айдын мәңгіге алып баратын,
Тағдырыңа қайғыны да жазатын.
Өмір- көктем бола алады бірақ- та,
Өмір қысқа келе алады, алып кетіп жыраққа.
Өмір, өмір жазда бола алады,
Адам жанын жіберетін жұмаққа.
Бұл өмірде әрқашанда алшы түспес асығың,
Бақытың ол бұл өмірде баға жетпес асылың.
Өмір- кітап, парақтары адамдар,
Ал тағдырлар басып шығар басылым.
Өмір- гүлдер түрлі- түсті болатын,
Жазда жайнап, қысты күні тоңатын.
Өмір- тағам ащы- тұщы дәмі бар,
Ал, адамдар аспаз тұзды салатын.
Біз өмірде мәңгілікке қалмаймыз,
Бірде жанып, бірде сөнген шамдаймыз.
Шам бір уақыт лап етеді, өшеді,
Бізде өшкен сол шамдардан аумаймыз…
7.«Сөйлей алатын қолдар»
Қатысушылар екі шеңбер құрып тұрады.
Бірі шеңбер ішінде, екіншісі сыртта. Ішкі шеңбер сыртқы қарайды. Сонда бізде қатысушылар жұпқа бөлінбек. Әр жаттығудан кейін психолог «сыртқы шеңбер бір қадам оңға» деген ұсыныс айтады сонда сыртқы шеңбер бір қадам оңға басып жаңа адаммен жұп құрады. Психолог айтатын жаттығулардың бәрін тек қолмен ғана орындау керек: Амандасу, достасу, аяу, қуаныш көрсету, ескерту айту, күресу, сәттілік тілеу, сипау, қоштасу т.б
8.Миға шабуыл әдісі. «Қазіргі заманғы бақытты жасөспірім» қандай болу керек? Ватманның екінші жағына шығармашылық жұмыс орындайды.
- 9- сынып оқушысы Тоқтасынова Назеркенің орындауында өмір жайлы ән тыңдау.
10.Қорытынды.
Өмір- сенің мүмкіндігің пайдалана біл;
Өмір- сұлулық, сүйсіне біл;
Өмір- арман, жүзеге асыр;
Өмір- парыз, орындай біл;
Өмір- ойын, ойнай біл;
Өмір- байлық, бағалай біл;
Өмір- махаббат, ләззат ала біл;
Өмір- құпия, сырын аш;
Өмір-қайғы, көтере біл;
Өмір- күрес, жеңе біл;
Өмір- бақыт, баянды ет.
Өмірлерің бақытты, баянды, жеңіске толы болсын!,- деп бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
«Өмір- сенің жарқыраған аспаның,
Өмір- сенің таусылмайтын дастаның»
атты өткен тренингтан көрініс