Қаскелең қосалқы мектеп-интернаты
Тәрбиеші: Бекмағамбетова Айткүл Сейтенқызы
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел оған қызмет етеді. Олай болса, білім саласы үнемі жетілдіруді қажет етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты,- » деп атап көрсеткен болатын. Мектептегі басты тұлға мұғалім мен тәрбиеші екендігі даусыз. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім мен тәрбие сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім мен тәрбиешінің рөлін еш нәрсемен ауыстыруға болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, педагог біліктілігі – еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабіліетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел тәрбиешілер ғана тәрбиелеп шығара алады.