Қажғалиева Жаннат Кумаржаевна,
Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Несіпбек Айтов
Мақсаты: 1.Өлеңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен байланыстыру.
2.Өлеңді тіл ерекшеліктеріне мән беріп талдау. Зерттеу жұмысына көңіл бөлу. Оқушының тіл байлығына , сөздік қорын дамыту, шығармашылың қиялын дамыту ұшталуын мүмкңндік беру.
3.Өзін-өзі тану, сыйлау ұғымдарының терең мағынасының бірі- ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының баптары.
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту. Топқа бөлу
-Біздің ана тіліміз қай тіл?
Өз т іліңдң қалай дәріптер едің?(тақтаға жазамыз. Оқушылардың пікірлерін жаздырту)
Тұрмыс тілі қуанғанымызды жеткіземіз
Білім тілі Ана тілі ойыңды жеткіземіз
Отбасы тілі жазамыз
1топ Ана тілің отбасында қысықаша қалай қолданатыны туралы әңгіме
- топ Ана тілінде өлең немесе білетін мақал,айтылған ойларды жазады
(оқушыларды біренеше жазған әңгімелері оқылады)
Ал енді ақын ағаларың Несіпбек Айтов ана тілі туралы өз сезімін қалай білдірген екен?
1.Мағынаны тану.
Ақын Н. Айтовтың, «Ана тілім» өлеңі оқытылып, мазмұны айтылады.
- 1-шумақта ақын өз тілін білмейтін адамның сезімін қалай суреттеген?
- 2-шумақта ана тілін қалай сипаттаған?
- Ана тілі арқылы адам қалай өседі?
- Өлеңде ана тілі қандай сөздермен дәріптелген?
(дана тіл, бақ тілі, пәк тіл, алтын ұя, бесіктегі ән)
Топтау кестесін пайдаланып, жұмысты қорытындылау. Бәздің ана тіліміз ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтерілді.
(Ақындарың тіл туралы айтқан өлеңдерін еске түсіріп оқу)
- Балалар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі» деп, Қазақстан Республикасының Коституциясының 7-ші бабында жазылған. Ендеше бәріміз ана тілінде сөйлеуге міндеттіміз. Отбасы мүшелері үйде өзара қазақша сөйлеуі тиіс.
III. Ойтолғау
- Балалар, бүгінгі «Ана тілім» деген өлеңде сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер?
- Ана тілінде
- Ойларыңды қалай жеткіздіңдер?
- Мен сендердің ойларыңды қандай тілде ұқтым?
- Олай болса, ана тілінің ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді.
Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттап, 4-5 шумақ өлең құрастыру тапсырылады.