Басы » Tәрбие сағаттары » Ғажайып жетілік (Презентация)

Ғажайып жетілік (Презентация)

nesipeliЖамбыл облысы, Жуалы ауданы

№30 Көктөбе орта мектебінің

   география пән мұғалімі

     Исламова Несібелі

  Сабақтың тақырыбы:      «Ғажайып жетілік»

Мақсаты: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, еркін сөйлеуге , тереңнен ойлау қабілетін дамыту.Ойын үстінде сабырлылық танытып , үлкен сайыстарға дайындау.

Танымдық ойын

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ойынға қатысушы сайыскерлер!

«халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін  ең алдымен , азаттық пен білімділік қажет» -деп Шоқан Уалиханов  , ал, Қаныш Сәтбаев :» Ғылым майданының  қатардағы  жауынгері  тек үнемі  оқу , іздену , талпыну , тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның  ірі қайраткері дәрежесіне  дейін көтеріледі» -деп айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Ал сол білімді жастарды болашақта  біздер құратын боламыз . Осы мақсатпен сыныбымызда «Ғажайып жетілік » танымдық ойынын өткізгелі отырмыз.

Байқасаңыздар  бүгін біздің үстел басында 7- сыныптан құралған 7 топ отыр. Ойын 7 бөлімнен тұрады. Бағалау жүйесі де 7 балдан тұрады.

1.Оқушы- Эсмира :

Әйнегі – күн, шатыры – аспан,

Кең дала. Төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан Республикам менің !

Айқаста жаудың алқымын қысқан.

Атауға қимай , намысты елін

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан Республикам менің !

Абай туған, Сәкен туған

Құрметте достым, қазақтың жерін

Қамбаға жылда ,мол астыққұйған

Қазақстан Республикам менің !

 

  1. оқушы-Думан

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар

Туған тілім-жүрек үнім,наныңдар

Нанбасаңдар

Жүрегімді суырып алыңдар  — деп ақын жырлағандай ,жалынды сөздермен біз сайысымызды бастаймыз.

 

Жоспар :

  1. Мақал –мәтелдер
  2. «Жеті тілдің тілін біл,Жеті түрлі ілім біл»

3.«Тапқырлық»

  1. «Тіл -өнер»
  2. «Көңілді нота»
  3. «Жеті жұмбақ»
  4. Жорға

1.Батылар, еңбек , отан, табиғат, оқу білім, тіл , туған жер(ауыл) туралы мақал- мәтелдер айтамыз.

  1. .« Жеті тілдің тілін біл,Жеті түрлі ілім біл »

Сөздік қорымызды сынаймыз.

7  тіл білмесек те , Елбасымыздың талабы  бойынша  3 тіл білу –біздің парызымыз.Сондықтан орыс тіліндегі берілген сөздерді қазақша –орыс, ағылшын тіліндегі баламасын айтуға мүмкіндігіміз бар.

  1. Келесі сайысымыз «Тапқырлық»

«Үш аманат» деп аталатын атамыздың аманатын орындау.

« Ғалымжан кішкентай қайығымен  өзен жағалуында қасқырға мінген ,шөп арқалаған, ешкі жетектеген бір қартты кездестіреді.

— Ассалаумағалейкум , ата!

-Уағалейкумассалам, балам. Сен қай ұлсың?

-Ата мен «Балдырған» журналының тілшісі Ғалымжанмын ғой, мына кереметіңіз не , ата?

— Ғалымжан болсаң тіпті жақсы болды. Осы үшеуін саған аманат етіп тапсырамын, балам. Қасқырды  хайуанаттар бағына тапсыр, шөпті Қабақ атаңа бер, ешкіні Манап қартқа апарып бер.  Мен асығыс едім балам, аманат жолы қиын екенін білесің бе?

-Білемін ата, «Аманат   , аманатқа қылма қиянат!» деген , орындаймын, ата , дейді. Қария бұл үшеуінің бір біріне сенуге  болмастығын ескертіп, қош айтты да  жөніне кетті.

Қайыққа баламен бірге біреуі ғана сияды.

Дегенмен , Ғалымжан амалын тауып, ешкіге  шөпті жегізбей, қасқырды ешкіге тигізбей, өзенннің арғы жағына әлгі қайығымен барлығын аман –есен өткізуі керек

-Енді балалар, Ғалымжан қалай өткізді?

  1. «Тіл өнер» полиглот

Сөйлем қатарында түсіп қалған сөзді тауып оны  орыс- ағылшын тіліне аударамыз.

1.Мен ———- қылған күні ай жарық болды.        (ұрлық –кража- ———)

2.Тақыр жерге ——— төксең , жүруге тайғақ.     (су –вода — ———)

  1. Мұртымен туады

Мұртын күнде жуады.                      Жауабы  (мысық – кошка — ———-)

 

 

  1. « Көңілді нота »

Қазақстан Республикасының 22 жылдығына орай патриоттық ән орындау.

Шарты: ән берілген , сол әнді  нақышына келтіріп орындау

  1. « Жеті жұмбақ » пәндер бойынша сұрақтарға жауап береміз.

 

« ДО»

Тарих

«Ре»

Биология

«Ми»

Қазақ тілі

«Фа»

Математика

 

«Соль»

География

 

«Ля»

Әдебиет

«Си»

Физика

18 бет №3 2012   13 б

География –Кез келген жердің географиялық орнын  қалай, немен  анықтауға болады?

Тарих – Қазақстан республикасының ата заңы қанша баптан тұрады?

Биология – Адам баласының  ең алғаш қолға үйреткен жәндігі (ара)

Қазақ тілі –  Құрмалас салаласқа қандай сөйлем құрауға болады?

Математика – тік төрт бұрыштың ұзындығы 10 м , ал ені одан 2 м кем. Тік төртбұрыштың  ауданы неге тең?  (80 )

Әдебиет  –  Мағжан Жұмабаевтың еңбектерін ата?

Физика – Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым және оның формуласы?

  1. «Жорға»

7 топ бір конвертті таңдап, сұрақтарға жылдам жауап береді

 

  1. Адам тіршілікке қажетті жылуды қайдан алады? (Күннен)
  2. Қара-көк сын есімнің қай түрі? (дара)
  3. 10 –ның кубы нешеге тең? (1000)
  4. Ауа құрамында ең көп кездесетін не? (азот)
  5. «Жетім» әңгімесінің авторы кім? (М Әуезов)
  6. Ең үлкен мұхит? (Тынық)
  7. Қос мекенді жануар? (құрбақа)

 

 

 

 

1.Жалғауы жоқ септік  (атау)

2.Мәлімдеме сөзінде қанша буын бар  (4 буын)

3.Жербетінде қанша мұхит бар   (4)

4.Жердің өсімдік өсетін құнарлы қабаты   (топырақ)

5.Квадраттың периметрі 20 см .Бір қабырғаның ұзындығын есепте(5 см)

6.Жер көлемі бойынша Қазақстан қаншасыншы орында   (9)

7.Тарихтың атасы     (Герадот)

1.Еліміздің рәміздерін ата   ( ту , елтаңба , әнұран)

2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері   (Т. Әубәкіров)

3.Астана қаласының әкімі          (И  Тасмағанбетов )

4.64 саны ненің квадраты        (8)

5.Жергілікті жеріміздің  батыры          (Б Момышұлы)

6.Қазақтың  билері       (Төле  , Қазыбек, Әйтеке,)

7.Адамның иіс сезу мүшесі                 (мұрын)

 

 

  1. Қазақтың атақты эстрада әншілері
  2. Қай мектепте оқисың (Көктөбе ОМ )
  3. Д/ж ең үлкен шөл (Сахара )
  4. -Да, -де, -та, -те қай септіктің жалғауы (табыс)
  5. Ф Магеллан кім               (д/ж айналған саяхатшы)
  6. 5 жердегі 7 қанша ( 35)
  7. Сөздің одан ары бөлінбейтін бөлігі (түбір)

 

  1. Төрт түлікті ата
  2. Дені сау адамның тамыр соғысы қанша (60-80)
  3. 19 мың 899 санын кейінгі санды тап (19 900)
  4. Бас әріппен жазылытын сөз қалай аталады (жалқы есім)
  5. Ең ұзын өзен (Ніл)
  6. Гидросфера жердің қандай қабаты (су)
  7. Білім сөзінің түбірі нені білдіреді (ақыл)

 

1.Көмектес септігінің жалғауы             (мен, бен ,пен)

2.Ел Президенті кім              (Н Назарбаев)

3.Ең үлкен мұхит            (Тынық)

4.Сүттен жасалатын тағам түрі         (сусындар – айран,қымыз)

5.Зиянды әдеттерге не жатады          (темекі, арақ , наша )

6.Ең  ардақта адам                               (ана, ұстаз )

7.Алғашқы ұстазың                             (Б Айнабекова )

 

  1. Газ немен тасымалданады (құбыр)
  2. Досыңның аты
  3. Айтыскер ақындар (Біржан Байтуов, Айнұр)

4.Каспий көл ме , теңіз бе           (теңіз)

5.Қазақстанның көмір өндіретін жері   (Карағанды , Екібастұз)

6.Қазақтың ұлттық ойындары   (көкпар, аударыспақ)

7.9 жердегі 7 қанша                   (63)

 

 

  1. Қорытындылау. Мадақтау

«Тура биде туған жоқ » деп әділқазыларға сөз береміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *