Куанова Анар
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Мақсаты: Қосудың қасиеттерімен танысу, есеп шығаруға пайдалана білу.Өз бетімен жұмыс орындауға үйрену.
Дамытушылығы: Логикалық ойлауларын,шығармашылық мүмкіндіктерін, танымдық қабілеттерін,математикалық тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа баулу. Өз бетімен жұмыс істеуге, ұжымда жұмыс жасай алуға ,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру,пысықтау.
Көрнекілігі: суреттер,ойын сызбалары.
Түрі:ойын сабақ.
Пән аралық байланыс: дүниетану.дене тәрбиесі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындап,зейіндерін аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қосудың қандай қасиеттерін білеміз?
3.Жаңа сабақ.
1. Сұрақ жауап.
-Бүгін аптаның нешінші күні?
— Қай күн?
Сәрсенбінің сәті.
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын.
Олай болса бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық.
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдар.
-Қыста қандай өзгешеліктер болады?
2. «Қар жинау» ойыны.
Оқулықтағы 1-ші тапсырма.
3. «Күнді тап» ойыны.
Оқулықтағы 2-ші тапсырма.
4. Тақтамен жұмыс.
Балалар біздер деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? Спорттың қандай түрлерін білеміз? 3-есеп.
Футбол добы-5
Волейбол добы-5
Баскетбол добы-8
Барлығы-?
Шешуі:5+5+8= 18
(5+5)+8= 18
5+(5+8)= 18
Балалар біздер әжемізге кім боламыз? Әжеміз бізге пиррожки пісірген екен.Оқулықтағы 4-есеп.
Пісірді-6 және 10
Жеді-7
Қалды-?
Шешуі: (10+6)-7= 9
6.Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
7.Өзіндік жұмыс.
5 дм3см < 56см
1дм 5см < 2 дм
64см < 7дм
7дм 5см = 75см
87см < 1м
1м > 2дм
8«Жұбын тап» ойыны.
Оқулықтағы 7-тапсырма.
9«Аукцион» ойыны.
Оқулықтағы 8-тапсырма.
4.Қорыту.
5.Бағалау.
6Үйге тапсырма 97-бет 5-есеп.