№ 30 Көктөбе орта мектебі
Мұғалім: Кипралиева Н
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өсімдіктердің алуан түрлі жолдармен көбейетіндігі
туралы мағлұматтар беру, көбеюінің тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы
оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Өсімдіктерге қамқорлық жасап, күте білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, сурет,интерактивті тақта слайдтары, СТО
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды сабаққа әзірлеу
ә)Психологиялық дайындық.
-Кәне, балалар,сәлемдесіп алайықшы.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Жұмбақ шешу
Үйі де жоқ, күйі де жоқ,
Бірақ
Жауыннан да, дауылдан да,
Қымсымбайды
Ыстыққа да, суыққа да,
Шын шыдайды
Шешуін айта ғой
Балалар білсін жайды. (Өсімдік)
Сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
1) Балалар, біз өткен сабақта не туралы білдік?
2) Өсімдік – тірі организм дегенді қалай түсінеміз?
3) Өсімдіктің түрлерін атайықшы?
4) Өсімдіктің мүшелеріне нелер жатады?
5) Өсімдіктің өсуіне не қажет?
6)
ІІІ. Жаңа сабақ