Басы » Информатика » Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
Бактыгереева Лаззат Мухаткалиевна
№47 жалпы білім беретін орта мектеп

 

47 жалпы білім беретін орта мектебі

 

 

Информатика пәнінің мұғалімі: 

 

 

Пәні, сыныбы: Информатика,  5 сынып Күні: 18. 12. 2014 Сабақ №15
Сабақтың тақырыбы Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Жалпы мақсаты Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Оқу нәтижелері
  • Графикалық редакторды іске қоса алады (барлығы);
  • Графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады; (барлығы);
  • Құжаттарды құра және сақтай алады (кейбіреуі).
Сабақ  түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық

ОБжК: (оқытуды басқару  және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

ОҮБ: (формативті, сумативті)

Дарынды және талантты  балаларды оқыту: Деңгейлік

                                                                                     тапсырмалар

Көрнекілігі ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.
Түйінді идеялар Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 5 мин

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Смайлик арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.

 

Тұсаукесер

Уақыты: 5 мин

 

Миға шабуыл.

 

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексеру.

 

Негізгі бөлім

Уақыты:25 мин

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану.

 

1-топ: «Paint бағдарламасын іске қосу»

2-топ: «Терезе элементтерін атау»

3-топ: «Сурет салу құралдары»

Формативті бағалау ( қол белгісі бойынша )

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгей

Paint графикалық редакторын іске қосу  әрекеттерін тізбек түрінде жазып көрсетіңдер.

 
 

 

 

В-деңгей

 

Терезенің негізгі элементтерін атап, олардың міндеттерін жазыңдар.

 

С-деңгей

 

Сергіту сәті.

 

Бекіту тапсырмасы:

Paint  бағдарламасында жұмыс істеу)2;3;4;5 тапсырмаларды орындау.

 

 

 

Қорытынды

Уақыты: 6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

 

Не үйрендім? Не үйренгім келеді?
 

 

 

 
Үй тапсырмасы

Уақыты: 2 мин

Үйге: тақырыпты оқу және интернеттен қосымша мәліметтер алу.

5-сыныптың информатика оқулығынан Paint редакторының батырмаларымен танысу және атқаратын міндеттерін жаттау (155-156 бет, 2012ж)

 

  Бағалау

Уақыты: 2 мин

 

 

Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша  жиынтық баға қойылады.

 

Дерекккөздер

Е.А.Вьюшкова,Н.В. Параскун,  Б.Қ.Әбенова «Информатика-5» оқулығы, Астана «Арман ПВ» 2014, 5-сыныпқа арналған электрондық оқулық,  «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет материалдары

 

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

 

__________________________________________

Топтың аты

 

__________________________________________

Топ басшысының аты–жөні

 

 

 

Оқушының аты-жөні Техника қауіпсіздік ережесі «Қайталау–оқу айнасы» Постер қорғау Практикалық жұмыс «Әр сұраққа–бір жауап» ойыны

 

Қорытынды баға
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» 5 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:       Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, компьютер, слайдтар, «Информатика» оқулығы 5 класс

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
  • Редакторды іске қоса алады.
  • Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
  • Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
  • Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.

Сабақ барысы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй жұмысынтексеру
  • Үй тапсырмасын бекіту
  • ІV. Жаңа сабақ
  • Практикалық бөлім
  • Қорытындылау
  • VІI. Үй тапсырмасын беру
  • VІIІ. Бағалау
  1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу;
  2. Үй жұмысын тексеру: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, талдап, жұлдызшыдағы сұрақтар арқылы үй жұмысын бекіту;
  3. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға тапсырма беріледі және ертегі оқылады.

Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

  • Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз

PAINT графикалық редакторы

ІІ. Мағынаны тану

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT  сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows–тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

  1. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек. Пуск           Барлық бағдарламалар        Стандартты          PAINT

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.

PAINT терезесімен таныстыру.

Сурет салу кезеңдері

  • Құралды таңдап алу

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

  • Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

  • Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек

  • Фонның түсін таңдау

Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)

  1. PAINT графикалық редакторының құралдары

   —Сендер бейнелеу сабағынан сурет салғанда қарапайым құралдарды пайдаланасыңдар сол сияқты графикалық редакторда да өзінің құралдары бар. Енді солармен танысайық.

Линия (сызық) –түзу сызық сызу үшін керек

 

Тік төртбұрыш –боялмаған және боялған тік төртбұрыштар салуға болады.

Дөңгеленген тік төртбұрыш-бұрыштары дөңгеленген,іштері боялған және боялмаған тік   төртбұрыштар салуға болады.

Эллипс -іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады.

Қисық сызық-қисық сызықтар сызу үшін керек.

                           -Көпбұрыш-көпбұрыш салу үшін керек.

 

Құю-оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады.

Бүріккіш-бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.

Қылқалам-тұйық емес контурды бояуға арналған

Өшіргіш- қате жерлерді кетіру үшін пайдаланылады.

 

 

Суретті қалай сақтайды?

Салған суреттерді,графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.

PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін «Файл-сохранить как» командасын орындау керек.

Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады

Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

 PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -.bmp

Мәтіні бар сурет салу

Суреттің үстіне мәтін жазу,қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады

-Надпись(жазу) –мәтін жазуға арналған

 

Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman»  типіне қоямыз. Жазылған мәтінді курсив,жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.

Суреттерді қалай ашады?

Сақталып тұрған суретті ашу үшін «Файл-открыть» командасын орындау керек. Экранда диалогтық терезе ашылады, оған меңзерді   қажетті файлдың атына орналастырып,екі рет шертеміз.

ІІІ. Компьютермен жұмыс. Тапсырмалар

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға информатикалық диктант таратылады және «графикалық редакторға» тірек-сызба жасайды.  

Үйге тапсырма 

Келесі  сабақта  төменде берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып, қорғау үшін мына тақырыпта дайындалу.

«Сиқырлы дастархан» суретінің эскизін жасап келу.

 Бағалау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *