Басы » Бастауыш сыныптар » Мұғалім Нұрхан Жанаев

Мұғалім Нұрхан Жанаев

Маймақова Толқын Сейітжанқызы

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Күні: 15.09.14 жыл Әдебиеттік оқу             4-сынып
Тақырыбы Мұғалім Нұрхан Жанаев
Мақсаты Өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру. Өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін талдауға үйрету. Прозалық кейіпкердің поэзиялық кейіпкерден айырмашылығын  аңғаруға алғашқы әрекеттер жасау. Ашық әңгіме, бүкпесіз ой арқылы тіл дамуына, ой еркіндігіне мүмкіндік беру. Осы арқылы оқушылардың барлығын белсенді әрекетке ұмтылдыру.
Көрнекілігі Көрмеге арналған оқушылар жұмыстары, суреттер, техникалық құралдар, плакат, маркерлер, қосымша материалдар.
Оқу нәтижелері Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екенін түсінеді. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге, оны сыйлауға үйренеді.
Түйінді идеялар Өлеңдегі шәкірт ойын түсіну, ұстаз еңбегін құрметтеу, дәріптеу.
Сабақтың барысы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының іс -әрекеті

І. Қызығушылықты ояту.Қоңырау, оқушы, сабақ сөздеріне қарай топқа бөлініп отырады.

— Осы сөздерді мәтін шығатындай ретпен қалай қояр едіңдер?

— Енді бізге кім жетіспейді? Мұғалімсіз мектеп болмайды.

— Шәкенді өнерге үйреткен алғашқы ұстазы кім? Ал оған білім үйреткен ұстазы бар ма?

Үй тапсырмасы  пысықталады.

— Алғашқы педагог, ағартушы, тұңғыш мектеп ашқан кім?  Балаларды оқуға шақырған, ұстаздардың ұстазы ол- Ыбырай Алтынсарин.

ІІІ. Мағынаны тану.

Жаңа сабақтың тақырыбы, авторы айтылады. Автор туралы мәлімет беріледі. Нұрхан Жанаев -біздің жерлес ақынымыз. « Өнерлі жігіт» аңызын сахналап қою. Әл- Фараби туралы мәлімет айтылады.

— Әл- Фараби жігітке не үйреткісі келді? Не үшін?

— Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай еңбек сіңіреді?

— Білім адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді. Әр топтан әр шумақты оқыта отырып мағынасын сұрайды, тақырып қояды. Жоспар жасайды.

— Өлең кімнің атынан жазылған?

— Өлеңдегі шәкірт ойын қалай түсінесің?

— Ақын мұғалімге деген халық құрметін қалай білдіреді?

— Шәкірт үшін мұғалім кім?

— Оқушы ұстазына қандай серт береді?

— Өмірдің зор сынағы деген не?

Жоспары:

І бөлім: Мұғалімге тағзым.

ІІ бөлім: Қамқоршы.

ІІІ бөлім: Өміріме үлгі.

ІY бөлім: Орындалар арман.

— Өмірде ұстазы жоқ адам болу мүмкін бе?

ІІІ. Ой толғау.

Постер дайындау, қорғау. І топ: Мұғалімді неге теңейсің? Сипаттау мәтіні бойынша ұстазының жақсы қасиеттерін жазады. ІІ топ: Біз мұғалімімізді құрметтейміз, өйткені………………

Пайымдау мәтінін жазады. ІІІ топ: Ұстаз еңбегіне әңгімелеу мәтінін жазады. Топ ақылдасып, өзара бірін- бірі бағалайды.

Сергіту сәті. Ұстаз туралы әнді бірінші топ бастайды, қайырмасын келесі топ жалғастырады.

Жағдаяттарды шешу, оны сахналап көрсету. І топ: Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті.

ІІ топ: Дәулет сабаққа кешігіп келді. ІІІ топ: Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса қашып кетті.

Жас тілшілер ойыны. Ұстаздарына сұрақтар қойып, диалог құрады.

-Сіз неше жыл жұмыс атқардыңыз?

-Не үшін осы мамандықты таңдадыңыз?

-Оқушыларыңыздың жетістіктерін айтып беріңізші?

-Сіздің алғашқы ұстазыңыз кім?

Топпен сөзжұмбақ шешеді. Өнер, білімге байланысты мақалдардың мағынасын түсіндіреді. Мұғалімге арнап жасаған көрмеге саяхат жасап, құттықтау тілектерін айтады. Бағалау парақтарын жазады.

Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап алу. «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбына эссе, өлең, бес жолды өлең жазу, ұстаз туралы мақалдар жаттап келу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *