Тілашар

Ташенова Улбазар Курманбаевна

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Алматы облысы, Алмалы ауданы

№135 жалпы орта мектебі

 Сабақтың тақырыбы: Тілашар

Сабақтың мақсаты: оқушыларға  қазақ халқының салт-дәстүрлері жайында мағлұмат беру:

 Дамытушылық: сөйлеу шеберліктерін, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, тапқырлыққа, Отансүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлану

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Көрнекі құралдар: тірек сызбалар, кеспелер, суреттер,

Жаңа сабақ:

Адамзат баласының алдында тұрған ұлы мұраттың бірі өзінің ісін, ұрпағын жалғастыратын баланың дүниеге келуі қай халықта болмасын үлкен қуаныш. Баланың өмірге келгенінен бастап оның тәрбиесіне үлкен мән берілген. Қазақ халқында өмірге сәби келу қуанышына орай тойлар беріледі. Олар мыналар:

Жас балаларға жасалынатын тойдың түрлері:
Шілдехана
Тұсау кесер
Атқа мінгізу тойы
Сүндет тойы
Тілашар

 

 

 

 Тұсау кесер тойында айтылатын өлең:

Күлгенің де той сенің,

Жүргенің де той сенің.

Қызықтасын халайық,

Тұсау кескен бұл күнің

Есте қалсын, жарқыным.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Сөздікпен жұмыс

ерінбей-жалықбай – не ленясь           шақыру – пригласить

бүлдіршін, бөпе –младенец                  ребенок саусақ – пальцы

жеке-жеке – отдельно                        аты жоқ – безымянный

қабылдау — воспринимать

 

2- тапсырма. Берілген хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер құраңдар.

Үлгі: Бала үшке толғанда ата-анасы оған ертегі айтуды үйрете бастайды.

  • Ата-анасы балаға неше жасынан бастап ертегі айтуды үйретеді?

 

        

Жаңа материал: Сабақты түсіндіріп, топпен жұмыс жасау.

Қорытындылау:

Сұрақ – жауап

  1. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
  2. Шылау сөздердің түрлері ұандай? Мысал келтір.
  3. Отбасы тақырыбына ұандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
  4. Тілашар тойы баланың неше жасында тойланады?
  5. Бала неше айлығынан бастап дыбыс шығара бастайды?
  6. Бес саусағың аттарын атап бер.

Үйге тапсырма: Тілашар . 3-тапсырма. Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзін қалай түсінесіңдер? Жазып алып, шылаулардың астын сызыңдар.

 

tilasar

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *