Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Құмарова Азат
«Өрімтал» балабақшасының тәрбиешісі
№29 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: Күшік неге көңілсіз (сурет бойынша шығармашылық әңгімелеу)
Мақсаты: а)Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға ,күшік сөзіне қандай анықтауышты үйлестіруге болатынын көрсету.
Ә)Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Б)Тілдік қорын молайту.
Сөздік жұмыс:күшік
Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық құралдар,тіл дамыту дәптері,жұмсақ ойыншық күшік
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Жұмбақ жасырылады:
Адамға серік, Күзетке берік -Балалар ит қандай жануар түріне жатады? -Иттің баласын не деп атаймыз?-Күшік қандай дыбыс шығарады? -Кәне,ендеше бәріміз күшік сияқты үрейікші(әуп-әуп) |
Жұмбақтың жауабы
ит екенін табуға ат салысады. Иттің үй жануары екенін айтады. -Иттің баласын күшік деп атаймыз. Күшік үретінін баяндайды. (әуп-әуп).Күшіктің дыбысын салып үруге талпынады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Демонстрациялық құрал
(көңілсіз күшіктің суреті) -Балалар,суреттегі күшік туралы әңгімелейік.
-Күшіктің көңіл күйі қандай? -Ол неліктен көңілсіз,жабырқаулы деп ойлайсыңдар?
-Күшік кіп-кішкентай,сүп-сүйкімді,ақылды,құлақтары ұп-ұзын,жүні жұп-жұмсақ,бірақ күшік көңілсіз,жабырқаулы. Неге ол көңілсіз,жабырқаулы? -Мүмкін өзінің атын ұмытып қалған шығар?Қане,оған ат қойып көрейікші.
-Бәлкім,ол өзінің атын естігенде көңілденетін шығар? -Ол көңілденбеді,әліде жабырқаулы.Енді не істесек болады?Ендеше дәптерімізді ашайық,күшіктің көңілін көтеру үшін тапсырманы орындайық. Дәптермен жұмыс:дәптердегі «Күшікке сүйекке жету жолын бастыр»тапсырмасын орындату. -Балалар ,біз күшікке сергіту сәтін жасап көрсетейік.Ол сол кезде көңілденер?
Сергіту жаттығуы: «Қолғабысы күшіктің» Тақиясын ұшырып Жел інімді жылатты Бірақ оны күшігі Әкеп беріп жұбатты. (А.Сәрсеков) (Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындату)
|
Қүшік кішкентай, сүйкімді, бірақ оның көңілсіз екенін суретке қарап жеткізеді.
«Досын,анасын жоғалтып алды,мүмкін ауырып тұрған шығар,сондықтан көңілсіз»,-деп әртүрлі жорамалдар айтады.
Өздері білетін әр түрлі аттарды атайды. Мысалы:Ақтөс, Бөрібасар,Бим.
Өз ойларын айтады
Дәптерді ашып,күшікке сүйекке жетуге көмектеседі.
Қимылын келтіріп айтады. |
Рефлексиялық-түзетушілік | -Біздің күшігіміздің көңілі көтерілмеді.Біз енді үйге барған соң ғаламтор,телефон арқылы хабарласып күшік туралы мағұлыматтар жіберіп,оның иесін табуға көмектесеиік.Сендерде ата-аналарыңнан көмек сұрап,күшікті сипаттап ғаламтор желісіне жіберіңдер.
-Біз солай күшікті қуантсақ нұр үстіне нұр болар.Күшікпен қоштасып оған жылы сөздер мен тілектер арнау. |
Балалар ата-аналарынан,аға –әпкелерінен көмек сұрап, күшікке қол ұшын беретіндіктерін, дос екендіктерін баяндайды.
Күшікпен қоштасып,ертең-ақ оның иесінің табылып қуанатынына тілектестік білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:өз ойын жеткізе білуді,суретке қарап әңгіме құрауды;
Игерді:шешім қабылдауды,сұраққа толық жауап беруді;
Меңгереді:жылы сөздер мен тілектер айтып жұбатуды біледі.