Басы » Tәрбие сағаттары » НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСТАУЫ мерекенің сценариібет 143

НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСТАУЫ мерекенің сценариі

nnСолтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Айсары негізгі мектебі

Өткізген директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Шакенова Камар Ералиевна

НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСТАУЫ мерекенің сценариі

1 — жүргізуші:  Ассалаумағалейкум барша халық,

Қартқа құрмет,сыйлайық жасқа шабыт

Салты солай Наурыздың…

Ей,адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық.

 

2 — жүргізуші: Наурыз тойға жиналған халқым менің

Бәріңнің ойға алған жарқын сенім.

Бүгінгі той – ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе – теңін.

 

1 — жүргізуші:  Аманбысың, ардақты  халқым менің.

Ардақта Наурыз тойын, салтыңды, елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісін бәрін жегін!

2 — жүргізуші:    Армысыздар ағайын!  Наурыз келсе, құт келгені, халайық. Есік ашып, шашу шашып қол соғып Ұлысты қарсы алайық!

Ақ мол болсын! Қайда барса, жол болсын!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мерекесімен құттықтауға ауыл әкімі Шайсултанов А.Т  сөз алады.

(Әкімнің құттықтау сөзі)

 

1 -жүргізуші: «Ауылына қарап азаматын таны» дейді ғой,

Бастаса елдің көсемі,

Сөйлесе сөздің шешені.

Ақылы асқан абыздай,

Бар түйінді шешеді.

 

2- жүргізуші: Жоғарыға шықсын қонақтар.

Келіп тұрған алыстан.

Құттықтайды сіздерді,

Наурызда бізбен қауышқан. —  Сөз кезегін мектеп директоры  Негметова Куаныш Рахимбековнаға  береміз

 

1 -жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты қауым! Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні атанған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын. «Наурыз думан – тамаша» атты концерттік мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

2 -жүргізуші: Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

 

1- жүргізуші:     Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы ананың,

Қуанышы ғаламның.

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап, қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Бейбітшілік тойы деп,

Қол соғады барша жұрт.

Арайы бар даланың,

Амансың ба, Жаңа күн!

Сәлем, Халқым, тірегім,

Сендермен бірге жүрегім!

Орындалды ойларың,

Құтты болсын тойларың!

 

2 — жүргізуші:    Наурыз сөзі парсы тілінен енген. “Нау” – жаңа, “руз” – күн деген ұғымды білдіреді. Қазақстанда Наурыз мейрамы 1926 жылға дейін тойланды да, тоқталып қалды. Тек, 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша Наурыздың 21 – күнінің түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол, себепті, осы түн – Қызыр түні деп аталады. Осы түні жалғыз шала сауле болмас деп төрге қос шырақ жағылып. Наурыз күнінің бір ерекшелігі – бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан Наурыз көже пісіріледі. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын. Бір тал кессең, он тал ек!»  дескен қариялар бұлақ басына тал егеді.

 

1 -жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп, ән өнерге тамсанайық.

Аңызбен ертегімен бізге жатқан.

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

 

2 — жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар,

Бәрің бері  қараңдар,

Наурыз – думан басталды

Бір сәт зейін салыңдар.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар,

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар

(Ақ жаулықты аналар ортаға шығып жарапазан айтады)

Жарапазан айтып шашу шашады.

1 -жүргізуші Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай боп көк аспаннан нөсер жаңбыр

Уа, жамағат теріп ал несібеңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

2 –жүргізуші: Қашанда күт береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

 

«Жеті шырақ» көрінісі

Жеті бала шырақ алып шығады. Орталарында Қыдыр ата келеді. Жеті жігіт екі жарылып тұра қалды. Олар Қыдыр атаны жерге жеткенше басын иіп, қазақша көкірегіне қолын қойып сәлем етіп, қарсы алады. Тілек айтылады. «Жаңа жылымыз келді! Халайық, құтты болсын!» — деп жар салады.

 

Қыдыр – ата  бата береді: Ал, халайық маған айтатындарың барма, күтіп отырған жалпақ ел бар, асығыспын. Деп  бата береді

 

1- жүргізуші:   Ұлы күні кәрі-жас.

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

2-жүргізуші: Жыл басында, ғаламда, табиғатта болатын өзгерістерге сай ана тілімізде әр түрлі аталымдар туындаған.

Жыл басында нұр жауған түн – Қызыр түні.

Жыл басында алғаш жауған қар – Ақшақар

Жыл басының алғашқы күні – Ұлыс күні.

1-жүргізуші:  Жыл басының алғашқы төлі – Дүбір аяқ

Жыл басының алғашқы сүті – Уыз.

 Жыл басының алғашқы  көгі – бәйшешек.

Жыл басының алғашқы асы – Наурыз көже.

2 — жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай,

Үйлесті әсем сәніміз.

Болады екен жыл сондай,

Қандай болса Наурыз!

Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас-кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз.

Келесі тамашалайтындарыңыз би

 

1- жүргізуші:Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,

Дүбірлесін думаннан дала күллі.

Салты солай Наурыздың…

Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды.

 

2— жүргізуші:

Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,

Сол ізгі елдің Ұрпағы мына біздер.

Салты солай Наурыздың…

Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер.

 

1— жүргізуші:

Тілейді олар:

— Болсын-деп, ырыс жылы!

Жер бетінің болсын деп тыныштығы

Салты солай Наурыздың…

Ей,адамдар, тым болмаса

Ұлы бол, Ұлыс күні!

«Ару ана» әні

 

 

 

2- жүргізуші:

Құрметті қонақтар,балалар,

Көктемнің тамаша мерекесі,

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын

Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.

 

1— жүргізуші:

Келді Наурыз теңіздей шаттығымен,

Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.

Құтты дәмі,береке байлығымен,

Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.

 

«Көктем шақырады» әні

 

 

2- жүргізуші:

Көктем ана жазылып алақаны,

Бусанғандай бүгін бір дала таңы,

Нәркес көзін төңкеріп ару қыздай,

Наурызым тұр аймалап Сарыарқаны.

 

1 жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй,

Жүрекке түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,демекші

 

2— жүргізуші:

Наурыз тойға жиналған,халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.

 

1— жүргізуші:

Келді Наурыз бұла күш тасқынымен,

Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.

Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып,

Табиғат ықыласына тас жібіген.

Ән «Бір тілек »

 

2- жүргізуші:

          Келді Наурыз даладай кеңдігімен,

Көк байрағы желбіреп желді күнмен.

Тәуелсіздік ұранын аспандатқан

Айналамын Теңдігім, Елдігімнен.

 

1- жүргізуші:

Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,

Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.

Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз

Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.

Ән: «Наурыз» орындайтын вокалдық топ

 

 

2-жүргізуші: Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша – бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден.

1- жүргізуші

Ау,жараңдар,жараңдар!

Қызыққа мына қараңдар!

Ұлыс күні жаңаша,

Болыпты бір тамаша.

Би «Папурри»

 

2- жүргізуші: Наурыз құтты болсын,

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты бола берсін,

Еліміздің несібесі көп болсын,

Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

Қош, сау болыңыздар халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!

 

1 -жүргізуші Осымен «Наурыз думан – тамаша» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды

Қош келіпсің! Наурыз жылдың басы,

Қазағымның той тойлар кәрі-жасы,

Қазан қайнап дәстүрлі шелпек пісті.

Наурыз көже, дәмін тат, ұлыс асы, — деп әр көше дайындаған мерекелік дастарханнан дәм татыңыздар, құрметті қонақтар!

 

Жаңа жыл туып, алғашқы күн күркіреп, көк дүркірегенде ел ішінде «саумалық » айту дәстүрі бар.

Жүргізуші :

Саумалық, Саумалық,

Қан тауының көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Саумалық, Саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жіберді ме; көрдің бе?

Ауыл аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:

Саумалық, Саумалық,

Жаңа келген жақсылықты

Көрдік пе, көрмедік пе?

Саумалық, Саумалық,

Сүті коп, көмірі аз.

Жаңа жыл, жарылқа,

Ескі жыл, есірке —

Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

2- жүргізуші: Осымен «Наурыз думан – тамаша» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды

Қош келіпсің! Наурыз жылдың басы,

Қазағымның той тойлар кәрі-жасы,

Қазан қайнап дәстүрлі шелпек пісті.

Наурыз көже, дәмін тат, ұлыс асы, — деп әр көше дайындаған мерекелік дастарханнан дәм татыңыздар, құрметті қонақтар!

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *