Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау селосы, Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдугазиева Китабия Скиндировна
(Математика пәні бойынша облыстық «Үздік панорамалық сабақтар» сырттай байқауына өткізілді).
Сыныбы:
3«а» |
Күні: 17.11.14 ж. пәні: Математика. | ||
Тақырыбы: | Ауданды өлшеу. | ||
Мақсаты: | Геометриялық фигуралардың ауданын өлшеу,«көзбен» және беттестіру арқылы табуды түсіндіру, өз бетімен практикада қолдануға үйрену. | ||
Күтілетін нәтиже: | А).Геометриялық фигуралардың ауданынөлшеу, «көзбен» және беттестіру арқылы табуды түсінеді. | ||
В).Анықтамасын меңгеріп, іс жүзінде талдап дәлелдейді. | |||
С). Геометриялық фигуралардың ауданын тиімді тәсілмен тауып, тұжырымдайды, қорытындылайды. | |||
Дереккөздер, құрал-
жабдықтар: |
Математика Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық /Оқулық авторлары Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедова, «Алматыкітап баспасы» 2014 жылы. Әдістемелік нұсқау, дидактикалық материалдар. Белсенді тақтада көрсетілетін презентациялар, бағалау парақтары, флипчарт, маркер, ресурстар, видео, стикерлер, аудио, электрондық оқулық, смайликтер . | ||
Тапсырма-
лар:
|
Жаңа тәсілдер: «Ойлан/жұптас/талқыла» түрткі сұрақ, қайта бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, диалогтық оқыту,постер,мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар .Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: «Ассоциация», «Ыстық орындық», «Венн диаграммасы», «Стоп кадр», «Конверт сұрақ» . АКТ-ны қолдану:белсенді тақтамен таныстырылым, электронды оқулық, ғаламтор желісінін материалдары (сергіту сәтін ұйымдастыру).Оқыту формасы:Топтық, жұптық, жеке, жаппай. | ||
Сабақтың модулдері:
|
1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.2.Сыни ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.АКТ.5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.6.Оқушылардың жас ерекшеліктері. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. | ||
Бағалау: | Формативті бағалау: Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету «Критерий бойынша бағалау», «Басбармақ»,«Екі жұлдыз бір тілек». Жиынтық бағалау. Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер». | ||
Сабақтың барысы: | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе:
|
Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал, сергіту жаттығуы белсенді тақтадан «Жұмыр қылыш». «Дауыста атыңды айтамын» тәсілімен топқа бөлу. Үй тапсырмасы «Ыстық орындық» әдісімен үй тапсырмасы тексеріледі. | Мұғаліммен сәлемдеседі, сергіту жаттығуын жасайды. Оқушылар бір-біріне мәртебесі жоғары және төмен сұрақтар қояды, жауап береді. «Басбармақ» арқылы бағалайды. | |
Тұсаукесер:
|
Белсенді тақтадан таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған «Стоп кадр» арқылы материалдар көрсетіледі.
-Суретті нені көріп тұрсыздар? -Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар? т.б. |
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжап айтады.
Видео материалдармен танысады. Сұраққа жауап береді.
|
|
Негізгі бөлім:
|
Жаңа сабақ:Сабақтың мақсаты хабарланады.
Оқулықпен жұмыс: Оқулықтан есептің түрлерімен жұмыс. Маршруттық карта: 1-тапсырма:Геометриялық фигуралардың ауданын «көзбен» және беттестіру арқылы тап.(3 минут, 2 балл) Көмек:1).100-беттегі тапсырманы қара; 2).Көршіңнен көмек сұра; 2-тапсырма: Аудан өлшем бірлігін ата. Ауданды өлшеу үшін нені білу керек? (4 минут; 3 балл) Көмек:1).100 –беттегі №2 тапсырманы қара; 2).Қажет болса мұғалімнің көмегіне жүгін; 3-тапсырма: Тіктөртбұрыш және шаршы пішіндес емес фигуралардың ауданын ненің көмегімен өлшеуге болады? (7 минут; 5 балл); Көмек:1).101-беттегі анықтаманы оқы; 2).Көршіңнен көмек сұра; 3).Мұғалімнен көмек сұра; 4-тапсырма: №3 Палетканың көмегімен фигуралардың ауданын тап. (10 минут; 7 балл);Көмек:1).101-беттегі анықтаманы пайдалан;2).Мұғалімнен көмек сұра; Бағалау: 15-17 балл – «5»-«Сен керемет орындадың!» 13-15 балл – «4»-«Сен жақсы жұмыстандың, жарайсың!» 10-12 балл – «3» — «Сен жарадың!» Топтық жұмыс: 1-топ: 2-топ: 3топ: оқушыларына тапсырмалар таратылып, бағыт беріледі. Топтық жұмыста «Ассоциация», «Венн диаграммасы» әдісі алынады. Оқулықтан №4 амалдардың орындалу тәртібін анықтап, септеу. №5 есепті топта тадап,шығару. №6 тиімді тәсілмен есептеу. Кеңейтілген тапсырма: А).Анықтамасын оқы. В).Формуласын жаз. С).Мысал келтір, шығар. Әзірге кедергісі бар балаларға: Топшамалар. |
Сұрақтар беріп, сұрақтарға жауап береді.1,2,3-топ: Ресурстарды оқып, танысады.
Беттестіргенде фигураның ішіне сыйып тұрған фигураның ауданы кіші болып саналады.
Ауданның өлшем бірлігі –шаршы сантиметр (см2). Ауданды өлшеу үшін, ол неше шаршы бірлікті алып жатқанын білу керек.
Ауданды шаршы сантиметрлерге бөлінген түссіз, мөлдір палетка көмегімен өлшеуге болады. S=a+b:2, мұндағы a-толық шаршылардың саны, b-толық емес шаршылардың саны. Толық шаршаларды санап, толық емес шаршылардың санын екіге бөліп және шыққан нәтижелерді қосып фигуралардың ауданын табады. Ынталандыру мақсатында қолдау көрсетеді. Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалап отырады.
Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады шығарады, дәлелдейді, қорғайды.
Оқулықта берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен талдап, өз бетімен шығарады.
Әзірге кедергісі бар балалар топшамада берілген тапсырмаларды орындайды.
|
|
Қорытынды: | «Ыстық орындық» арқылы сабақ қорытындыланады. | Сұрақ беріп,сұраққа жауап береді. | |
Бағалау:
|
Жиынтық бағалау: | Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер». | |
Үйге тапсырма: | Математика оқулығы, №7 | Үй тапсырмасын күнделікке жазады. | |
Сабаққа талдау:
|
Кіріспе бөлімінде оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын қалыптыстырып, өзін-өзі ретке келтіру мақсатында психолгиялық ахуал орнатып, сергіту жаттығуы ( «Жұмыр қылыш») жасалды. «Дауыста атыңды айтамын» тәсілі арқылы топқа бөлінді. Бұл тәсілді алу себебім оқушылырдың жас ерекшеліктеріне мән беріп, әзірге кедергісі бар оқушылардың топтық жұмыс кезінде оқшауланып қалмауын ескердім. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалану үшін оқушыларды үш топқа бөлдім. Топтық ереже айтылды.
«Ыстық орындық» әдісімен отырған оқушыларға мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар қойып, жауап алды. Сонымен қатар сұрақ қоюшы оқушы өзі де жауапты толықтырып отырды. Бұл әдісті қолдануда оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге, сын тұрғысынан ойлауға, сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, өзінің білгенін өзгемен бөлісе отырып, білім алуға қызығушылығы артты, өзіндік сын-пікір айтуға үйренді. Тұсаукесер кезінде жаңа сабаққа қадам жасап, белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар «Стоп кадр» арқылы көрсетіліп, сабақтың мақсаты түсіндірілді. -Суретте нені көріп тұрсыздар? -Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар? -Геометрия қандай ғылым, ол нені зерттейді?-деген сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалды, кіріспе тапсырмасы орындалды. Негізгі бөлімде Оқулық материалдарымен, ресурстармен танысып маршруттық картамен жұмыстанды.Топтық жұмысқа «Конверт сұрақ» берілді. Әр топ жұмысынан кейін «екі жұлдыз бір тілек», «басбармақ» арқылы балалар бірін-бірі, сабақ соңында топ басшысы өз тобын критерий арқылы бағалады. Қорытынды бөлімде бекіту мақсатында «Ыстық орындық» пайдаландым. Кері байланысқа « Талқылау бойынша серіктестер» алдым.Оқушылар: -Не нәрсе оңай болды? -Не нәрсе қиын болды? -Не білгім келеді?-деп өз ойларын стикерге жазды.
|
||
Сабақ бойынша өзгертулер: | Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топ ережесін сақтау арқылы уақытты тиімді пайдалану. Дарынды және көшбасшы балаларға кеңейтілген тапсырмаларды және әзірге кедергісі бар оқушылар үшін әдіс-тәсілдерді түрлендіруге өзгерту енгізу керекпін. |
«Критерий бойынша бағалау».
Барлық жұмыстың бағасын топ басшысы әр мүшенің қатысу деңгейін толық баяндап, қорытынды бағасын айтады. Топ мүшелері топ басшысын бағалайды.
№ | Топ мүшелері
нің аты-жөні |
Үй тапсырмасына дайындығы | Дереккөздер
табуы |
Топтық жұмыста белсенділігі | Жаңа материалды меңгеруі | Қорытынды |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 | ||||||
6 |
Баллдар сумм