Екібастұз қаласы С. Торайғыров атындағы
№22 гимназия-мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Салықова Гүлбақыт
«Ойнаймыз Каля — маля Ең ардақты ана ғана»
Жүргізуші: Біз, ғана емес Қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар Ана деген тіршіліктің тірегі Армысыңдар қасиетті аналар! Дәстүрлі 8 наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Отанымызда тыныштық, әр отбасына бірлік, береке ана бақытын тілеймін! Ұйықта ұлым, ұйықта бөпем қасыңдамын Керек емес дүние асылдарың Бақыт, байлық береке менің үшін Сенің бір кеп мойныма асылғаның — дегендей шыр етіп дүниеге келген нәресте жылы құшағынан жұбаныш табатын адамы ана! Ана мен баланы табиғат бірлікте жаратқан. Ананың балаға леген махаббаты дүниедегі ең тұрақты махаббат. Бүгін міне қадірлі әжелер, аяулы аналар,балаларыңыздың сіздерге арналған ертеңгілігіне қош келіпсіздер. /Музыка әуенімен балалар кіреді/ Бүгін балаларыңыз әр түрлі қырынан көрінбек, яғни екі топқа бөлініп сайыс өткізбек. Ендеше өздерін таныстырсын. І топ: «Қызғалдақ» Біз ананың гүліміз Ана біздің күніміз ІІ топ: «Бәйшешек» Бәйшешектен білеміз Көктем келіп қалғанын І сайысымыз «Мақал- мәтел» Қай топ көп ана, қыз, көктем туралы мақал айтар екен? Еркебұлан «Анашым» әні ІІ сайыс. «Қол суретші емес, көңіл суретші» Анамыздың келбетін бейнелейміз «Менің анамның бейнесі» «Ақ мамам» әні ұлдардың орындалуында ІІІ сайыс. «Шаш үлгісі» Қыздың көркі шаш деген ендеше келесі кезеңде біздің қыздар шаш үлгісін көрсетпек. Димаштың орындауында «Қара жорға» биі ІҮ сайыс. Кедеймін деп қысылма Өнерің болсма қолыңда Өнерлінің ырысы Жарқырап жатар жолыңда — деп ендігі сайысымыз өнер. Команда жетекшілері арасында. Ү сайыс. Көктем сәні наурыз сәні — гүл. Ендеше келесі сайысымыз гүл теріп сөз жазу. І топ Қызғалдақ сөзі , ІІ топ Бәйшешек сөзін. Әжелер әні ҮІІ сайыс. «Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі» деп бүлдіршін қыздардың сән үлгісін тамашалайық. Сайысты қортындылау