Тәуелсіздік алдық деп малақайды аспанға атып қуанғаннан кейінде қазақтың санасын улап отарлаудың жаңа түрлері келіп жатқаны мәлім.
Қазақ жеріне қызыққан батыстықтар, ХХІ ғасыр күш қолданатын емес, ақпарат, идеология арқылы сананы жаулаудың сара жолын салып алғаны белгілі. Онсызда Кеңес үкіметінің езгісінен босаған біз үшін басқа әлемнің жылтырағы қызықтырды. Сананы жаулаудың ең оңай жолы жастардың санасын улау, оның жолдары көп. Соның бірі қазіргі жастардың жыл бойы сарыға күтетін «ғашықтар мерекесі» немесе әулие Валентин күні деп те атап жүр. Онсызда елімізде мереке аз еді.
Сонымен бұл Валентин дегеніміз кім екен? Бәз біреулердің айтуынша ол христиан дінінің өкілі, мереке соларға тиесілі дейді. Жақсы делік бұл жат дін өкілдерінің мерекесіне біздікілер неге сонша құштар. Батыс еуропа ХІІ ғасырдан, Америка ХУІІІ ғасырдан бері тойлауда.
Аңыздарға сенсек ерте Рим заманында әскерлерге неке қиюға тиым салған екен. Осылардың сол Валентин некесін қиып ғашықтардың бастарын қосқан. Осы әрекеті үшін Рим үкіметі оны түрмеге жауыпты ол сол жерде де өзінің қызметін атқарып түрмедегі некесіздерге некелерін қиып қызмет қылыпты-мыс. Кейін ол өлгеннен соң оны әулие санап кеткен екен дейді. Нақты деректен көрі аңыз көп. Кейін 14 ақпан махаббат мерекесі болып аталып тойлатып жатқан жайлар бар.
Осыдан оншақты жыл бұрын біз мектепте кәдімгідей осы күнді күтіп, мектепте «Махаббат» жәшігі қойылып оның іші махаббат хаттарына (открытка) толып оны ұйымдастырушылар алқасы таратып, ұлдар қыздар бір – бір бұрышта әлгі хаттарды оқып, өтіп бара жатқандар ұнатқандарынын көздің астымен қарап мәре – сәре болып жататын. Қазір ойлап отырсам осының барлығы ұрпақ санасып улаудың ең оңай әрі тиімді, оңтайлы жолы екен.
Намыс.kz сайтында жарияланған мына пікір өлең жолымен берілген екен.
Бiз қазақпыз ғашық болған Баянға,
Ей жастарым, елiң үшiн аянба!
Fашык болсаң Валентин күнiн емес,
Қалқаман мен Мамыр жайлы баянда!
Бiз қазақпыз ғашык болған Жiбекке,
Еңлiктi айт ынтық болған Кебекке,
Қазағымның өз тарихы тұрғанда,
Өзге ұлттың Валентинi керек пе?
Дейді Салтанат есімді оқырман.
Құрметті әріптес, мұғалімдер қауымы мектебіңіздегі жас ұрпақтың санасын улауға жол бермеңіз. Елдің ертеңі үшін, ұрпақ жан саулығына жауапкершілікті ұмытпайық.