Басы » Бастауыш сыныптар » Астана-бас қала. Еліміздің картасы

Астана-бас қала. Еліміздің картасы

Атырау қаласы

№27 орта мектептің бастауыш мұғалімі

Капизова Шарипа Абдрахмановна

Тақырыбы:   Астана-бас қала. Еліміздің картасы

Мақсаты:      -қазақ жерінің байлықтарын түсіну, білу;

-картамен жұмыс жасай білуге үйрену;

-еліміздің байлығын,табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі:   сюжетті суреттер, слайд, жазбалар

Әдісі:             түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

 

Жүрісі

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері

Елім деп соғады жүрегім,  (жүрегін көрсетеді)

Гүлдерім тербелер желменен.(жайқалған гүлдерді көрсетеді)

Байлығы арыта бер қазақтың, (қолдарын екі жақа жаяды)

Қорғаушы өсіп мен келемін.(өзін көрсетеді)

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау, сұрақтар арқылы қорыту

ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе:

  1. Астана туралы әңгімелеу, суреттермен жұмыс

2.Слайдпен жұмыс:

Қазақстан байлығы, әсемдігі жөнінде терең мағлұмат беру

2.Мәтінмен жұмыс:

А) Іштей оқыту. Ә) Мәнерлетіп, дауыстатып оқыту

б) Сөздік жұмыс.   в)  бөліктерге бөліп оқу.

Сұрақтар бойынша мазмұндау

-Мәтінде не туралы айтылған? ….

Ой қозғау стартегиясы:

–Астанада болдыңдар ма? –Астана ұнады ма?  -Бәйтерек туралы не айта аласыңдар? –Хан шатыры туралы ше?   …..

Дәптермен жұмыс. Топтап жаз.

Таулары: Қаратау, Көкшетау, Алатау,…

Көлдері: Алакөл, Ащыкөл (Ақмола обл), Бурабай көлі,Зайсан, Сасықкөл,Балқаш көлі (қазақстанныңоңтүстік шығысында)

Ағаштары: қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, қайың, қараағаш 

Кен байлықтары: Байшонас мұнай кен орны, Борат, Индер тұз кені (Атырау) боксит (Торғай обл)Қорғасын, гипс, фосфорит, полиметалл (Жезқазған обл), әктас, гранит,қорғасын, мырыш, сынап, күміс, алтын (Жосабай Жезқазған обл) Көмір, әктас, мыс (Жезқазған обл), никель,….

Атақты адамдары: (үйге беру)

Картамен жұмыс: Қазақстанда орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары бар. Енді, әр қалаға тоқталып қандай жер байлықтары бар екенін көрейік.

Қарағандыда не өндіреді? (көмір), Қызылорда қаласы туралы айтылады. Күріш сулы жерде өседі. Атырауда мұнай өндіреді. Шымкентте мақта өндіреді, Қостанайда бидай өсіріледі…  (шартты белгілерді орналастыру)

 

Сергіту сәті  «Табиғатпен сырласу»

Орнымыздан тұрып, көз алдымызға туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетеміз. Алдымызда мөп –мөлдір ағып жатқан сулар, гүлер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ, алдымыздан «Бұлақ» кездесті. Сол бұлақтан су ішеміз.Ол үшін алға иілу, аламыз, ішеміз, рахат-ай!
«Алма ағашы» кездесті. Сол ағаштан алманы алып жейміз. Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі, алу, қырт етіп тістеу, тәттісін –ай!
«Раушан» гүліне кездестік. Алға иілу, аламыз, иіскейміз, қажет емес ауаны сыртқа шығарамыз. — Балалар көрдіңдер ме? Осыдан мынадай қорытындыға келдік. Бұлақ –денсаулық, Алма –рухани байлық, Гүл –бақыт құсын сыйлайды –деп ойынымызды аяқтаймыз.

 

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау:

-Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен құрылыстарын білесің? Астана қаласында тағы қандай көрнекі жерлер бар?

Ү. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі (өздері бір-біріне сұрақтар қояды)

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу, мағынасы жақын сөздерді тауып көр.

Атақты адамдар туралы қосымша іздену

2.Бағалау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *