Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы, Көктал ауылы
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ
Жазыбаева Нургуль Айткаримовна
Сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген-елі сүйген Елбасы»
Білімділік мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі , экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Дамытушылығы:- жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, шығармашылық ізденісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға Елбасының халықа сіңірген еңбегін, ерлігін жүргізген саясаттын үлгі етту, оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың ғылыми еңбектерінің кітап көрмесі, рәміздер, президент туралы слайдтар, үнтаспа, суреттер, буклеттер, қабырға газеттері.
Мұғалім сөзі:Құрметті ұстаздар, оқушылар. 1желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген-елі сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды әнұранмен бастасақ.
Бүгін– еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Сабақтың кіріспе сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастасам деп отырмын:«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға еткен осындай текті халыққа мені ұлым деп төбесіне көтерген халыққа арғы-бергідегі қазақ болмысының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды тәуелсіз, мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ осы жолда мен бойымдағы бар қайрат қабілетімді, білім-білгенімді, аямай жұмсаймын, қандай да бір тәуекелге барамын», деген екен
І-бөлім Н.Ә.Назарбаев туралы жалпы мағлұмат
Мұғалім сөзі: Балалық шағы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әкесі-Әбіш бау-бақша өсірудің білгірі еді . Алма ағашына алмұрт ағашын будандастырып, бір ағаштан бірнеше түрлі жеміс ала беретін. Әкесі ағаш өсірудің қыр-сырын өзгелерге де үйретуден жалыққан емес. Ол өте шаруақор адам болыпты, жас күнінде Никифоров деген ауқатты орыстың үйінде жалданып жұмыс істепті, жер өңдеуді де білген, етік те тігіпті. Диірмен де тартқан. Орыс-қазақ әндерін нақышына келтіріп орындайтын. Анасы-Әлжан мінезі ақжарқын болатын. Күліп, әзілдеп отырғанды ұнатын. Бірақ ашуы келсе бет қаратпайтын. Құрдастары да ол кісіні қатты сыйлайтын. Әбіш пен Әлжанның бес жылға дейін балалары болмапты. Сол кезде ата- баба арауағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малын жұртқа үлестіріп беріп, моланы жеті рет айналып шығады. Анасы Райымбек бабаның басына барып, зират етіп қайтқан түнде түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей жөнеледі. Суға түскен соң қорқыныш сейіледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін белінен, көкірегінен, мойынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді. «Тұншығамын-ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады. Аяғы теңіз түбіне бір тиіп, бір тимейді. Өстіп келе жатып су түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының мылтығы. Жақсы болды ғой, Әбіш апарып беріп, қуантайын дейді де, иығына асып алады да, теңіздің екінші жағынан шыға келеді. Осы түсін туысқандарына айтқанда, түсің жақсы екен көп ұзамай ұлды боласыңдар деп жорып береді. Расында да көп ұзамай ұлды болады. Кенже ұлдан көрген тұңғыш немерем деп әжесі бауырына салып алады. Нұрсұлтан деп атын өзі қойыпты. 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Нұрсұлтан бала күнінде аурушаң болады. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды. Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Көп ұзамай сабаққа барды. Оқу оған о бастан жеңіл тиді. Әке-шешесі мал баққан соң көшіп қонумен жүретінтін. Сондықтан әкесінің бауырының қолында тұрып сабақ оқыды. Қысты күні қалың қарды омбылап, 7-8 шақырым жерді жүріп мектепке баратын. Мектепке сағат 5-6 шамаларында келіп алатындықтан сол жерде отырып, кітаптар оқитын. Қолына түскен орыс жазушыларының Пушкиннің, Лермонтовтың, Лев Толстойдың, Максим Горкийдің қазақ класиктері-Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мустафиннің, Мұхтар Әуезовтың, Сәбит Мұқановтың туындыларын оқитын. Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды. Ол сабағын өте жақсы оқыды. Мектепті алтын медальге бітірді. Балаң жігіт химия маманы болуға бел байлады. Сөйтіп, Қазақ мемлекеттік университетіне тапсырады. Нұрсұлтанда таныста, ақшада жоқ болды бір балл жетпей оқудан құлап қалады. Алған балымен Киев азаматтық авиация институтына оқуға шақырады. Аулыға барып, әке-шешесіне ұшқыш болатынын айтқанда бұл оқуды оқуына үзілді-кесілді қарсы болатындарын айтып наразылықтарын білдіреді. Ата-анасының айтқанын бұлжытпай орындайтын Нұрсұлтан бұл оқумен қош айтысады. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Содан соң білімділігі мен қабілеттілігін дәлелдеу үшін әке-шешесінің батасын алып, бір топ қазақ жігіттерімен ілесіп Украинаға кетеді. Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды. Ол жерден көп достар тапты. Екі тілде емін-еркін сөйлейтін Нұрсұлтан адамдармен тез тіл табысып кетті. Нұрсұлтанның ашық мінезі, ортаны дереу, игеріп алатын шешендігі мен көрегендігі , ұйымдастырушылық қасиеті айқын байқалып, ұзамай-ақ топ старостасы, комсомол ұйымының жетекшісі сияқты қоғамдық лауазымдарға жеткізді. Мұнда Нұрсұлтанның есінен ешуақытта кетпейтін оқиғалар өтіп жатты.1960-1969 ж Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.1969-1973 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 ж Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977-1979 жылы Қарағанды облыстық партия хатшысы, 2 хатшысы. Алды-артын ойлайтын парасатты саясаткер ретінде Қонаев ерте ме кеш пе өзіне лайықты мұрагер қажет болатынын түсінетін. Басқалардың ішінен ол қажыр-қайраты мол, рухы күшті Нұрсұлтан Назарбаевты үздік санады. Дінмұхамет Қонаев адам танығыш кісі еді. Жетпісінші жылдары Назарбаевты ең бірінші рет Қарағандыда партия активтерінің жиналысында сөз сөйлеп, келелі ой айтқан жалынды жас партияның қызметкерінің алғырлығына риза болады. Алматыға келген соң Қонаев осы жиналыста сөз болған мәселелерді Орталық партия Комитеті Бюросының мүшелеріне кеңінен айтып берді. Облыстық партия Комитетінің хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев деген алғыр, білімді маманды Орталық Комитет хатшылығына ұсынсам деген ұсынысын көпшілік қолдайды.
1979-1984 жылы Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы.
1984-1989 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жылы Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы, 1990 жылы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1990 жылы сәуірінен Қазақ КСР президенті 1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпы халықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7) жеңіске жетті. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады
Отбасылық жағдайы. Жұбайы Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Мамандығы инженер-экономист. «Халықаралық Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президент зайыбы «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. Дариға саясат ғылымының докторы, «Хабар» ақпараттық агенттігінің директорлар кеңесінің төрайымы. Динара-Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия бизнеспен айналысады.
Қасенов Ернар: «Басқа лауазымдары мен мансаптары»
Экономика ғылымдарының докторы
ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған. Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
Мұғалім:Елбасы-үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты домбыраны жақсы көреді. Гармонда тартады. Сондай-ақ өнерге де спортқа да көп көңіл бөлетін адам. Оның дәлелі-атамыздың «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндерінің кең тарап халық көңілінен шығуы. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлынынікі екенін біз мақтанышпен айтамыз.
Ән: «Үш қоңыр», орындайтындар: Қалыбаев Сәулет, Демеуханов Сәулет, Нұртай Ақжол
Мұғалім:Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егеменді Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады. Тәуелсіздікке ие болған жиырма жылдан астам уақыт ішінде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. Расында Елбасының басшылығымен Қазақстан әр салада зор жетістіктерге қол жеткізді. Оның ерен еңбектері, халыққа жасаған қызметі шынында ауыз толтырып айтарлықтай екенін күнделікті өз тұрмысымыздан да көрініп тұр. Елбасымыз санамызды, дүниетанымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарды. Мемлекет басшысының жаңашыл реформаларының арқасында егемендік алып, дербес дамыған жылдар Қазақстан үшін экономиканың өсуі, саяси тұрақтылық жылдары болды. Енді балалар Өткен күндердің жемісті жылдарын айтып өтейік.
ІІ-бөлім Өткен күндер жемісі
Тохтаров Мирас: 1991 жылы желтоқсанның бірінде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
Шәріпайев Мағжан:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
Ыдырышева Гүлнұр: 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР Заңдарына қол қойылды.
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен
Арманым Ата Заңым қабылданып
Қабидолла Әсемай:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
Қасенов Ернар: 1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгінде алты айлық сапарға аттанды.
Серікқанова Диана:1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. «Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп хәліміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Демеуханов Сәулет:1996 жылы 17 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
Мұқатаева Балжан:1997 жылы –«Жалпы-ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді .
Әшім Адам: 1998 жылы-«Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
Байырбаева Әлия:1999 жылы-«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді. Астанамыз-Астана болды
Мақсұтов Нұрым:2000 жыл-«Мәдениетті қолдау» жылы болды. 2001 жылы
16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
Құдайбергенов Ерлан: 2002 жыл-«Денсаулық жылы» деп жарияланды. 2003-2005жылы ауыл жылдары.
Жақанова Ғалия:2006 жылы Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл.
7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
Нұртай Ақжол: 2007 жылы қазақ тілін қолдау жылы. 2008 жыл Астанаға 10 жыл.
Жақанова Бану :2011 жылы Дүниежүзілік Самит және ҮІІ Қысқы Азияда ойындары болды. Тәуелсіз Қазақстан: «Бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы.
Қалыбаев Сәулет:2012 жылы Мемлекеттік рәміздерге 20 жыл. Осыдан 16 жыл бұрын жолданған «Қазақстан -2030» бағдарламасы табысты орындалып, «Қазақстан-2050» жолданды.
Ыдырышева Гүлнұр:1997 жылы «Қазақстан¬ ¬– 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. «Қазақстан — 2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
Ұлттық қауіпсіздік. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл — ауқаты. Энергетика ресурстары. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Кәсіби мемлекет.
Байырбаев Әлия: Елбасымыз «Қазақстан — 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы — біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы — Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Басты мақсат 2050 жылға қарай жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.
Білім, ғылым іздеген жастарға,
Болашақ бағдарламасын қосқан да.
100 мектеп бағдарламасы,Үлгі болар бастама.
Я, балалар, сіздер жырлаған өлеңнің жаны бар 1 ғана өлеңге мысал келтірсек Елбасы Н. Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша білім шаңырағының бірі –осы ауылымыздағы 2 қабатты, 130 орындық мектеп бой көтерді.«Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, сондықтан қазақтың тарихын біліңдер, математика, физика, химия пәндерін жақсы оқыңдар. Өз тілдеріңде, яғни қазақша таза әрі сауатты сөйлеңдер» деген өсиет айтады
Мұқатаева Балжан:Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана»
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
«Тарих толқынында» (А., 1997),
«О времени, о судьбах, о себе…» (Лондон, 1997),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
Ән: «Бақ далам» Жақанова Ғалия, Бану
Мұғалім:Генадий Толмачев «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы деректі повестен үзінді
Бұл кісі Сауд Арабының королі Фахд ас-Саудқа қажылық тәуап еткім келетін тілегімді айтқам. Күтпеген ғаламат жәй болды. Менің қажылықты тұңғыш рет жасайтынымды білген король маған Қағбаның ішіне кіруге рұқсат етуге жарлық берген. Корольдің рұқсаты бойынша біз Қағбаның ішіне кірдік. Мен өз басым көк пен жердің арасындағыдай күйде болдым. Төбең түпсыз аспан тәрізді, кейде тіпті жұлдыздар көрінетін сияқты. Кіре берісте оң жақта сақалы аппақ қудай молда Құран оқып тұр. Бұл кәдімгі көктен түскен қасиетті кітаптің бірі, әр парағы алтыннан…Қалғандары есімде жоқ, өйткені алған әсерім ғаламат күшті еді. Маған қалағанымша Қағбаның ішінде қалуыма рұқсат етті» Король Фахд маған: Алладан қалағаныңды сұрауыңа болады және ол тілегің қазір болмаса да кейін қалайда орындалады, деп түсіндірген. Сонда не тілегенімді менен жиі сұрайды. Құдай куә, ең әуелі мен еліме, халқыма, өзімнің береке құт тіледім.
Көрініс: «Балалық шағымның аспаны»
ІІІ бөлім. Елбасына арнау (әдеби монтаж)
Ыдырышева Гүлнұр:
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
Жақанова Бану:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі елбасының арқасы.
Шықты тарап ой — данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Тохтаров Мирас:
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
Байырбаева Әлия:
Елбасы еліміздің кемеңгері,
Қазақтың арда тұтар асыл ері.
Жаһанға танытып қазақ елін,
Көшбасшы, Қазақстан жүрегі.
Әшім Адам:
Елбасы тірегіміз,
Астана жүрегіміз.
Тәуелсіз азат елміз,
Болашаққа сенеміз.
Жақанова Ғалия:
Астанадай алып қала тұрғызған,
Нұр Отанын халыққа қамқор қылғызған.
Азияда алауын желбіретіп,
ЕХРО – 2017 көрмесін еліне бет бұрғызған.
Басшылық жасап қауіпсіздік ұйымға,
Бірлікті ту еткен бар әлемге.
Нұрсұлтан Назарбаев жасасын!
Шәріпайев Мағжан:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Демеуханов Сәулет:
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілі дінім ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұр ағаның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
Елім, жерім деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады-ау кісілік
Мұқатаева Балжан:
Шіркін, заман, қилысың, түрлісің, нұрлысың!
Жер Ана, бақыттысың, Нұрсұлтандай ұлдысың!
Жұртым саған айтарым, мені тыңда-
Айтуға жан сырымның сәті туып тұрғанда.
Өр мінез, намысшылдық, қайсарлық қазаққа тән,
Арам ниет,артық сөз, жалғандық болған ба сән?
Білімқұмар,көзі ашық, түйгені көп,
Мен Тарбағатай жастарымен мақтанам-
Үміт артам,тайсалмай, білгенімді беремін,
Ел болашағы осы оқушыларға сенемін!
Аянбай тер төгіп,бағын ашып,
Беретін ауылының көркеюіне керегін!!!
Қалыбаев Сәулет:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Ән: «Бұлқынды жүрек» орындайтын:Серікқанова Диана
Мұғалім: Келесі кезекте Елбасының жүрекжарды жан тебіреністері мен толғанысынан туған жүрекке жылы тиер ой орамдары, ел бірлігі, жер тұтастығы, ұлт болашағы туралы айтқан тамаша пікірлері ортаға салынады.
Демеуханов Сәулет:Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр-бәрін аянбай сарп етуге пейілмін!
СерікқановаДиана:Қандай қасіретке қабырғасы қайысса да қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен бас иемін!
Жақанова Бану:Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ!
Нұртай Ақжол:Ел көшін бастау-маған сын, мені қостау-елге сын!
Байырбаева Әлия:Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығыр жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Қабидолла Әсем-ай:Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы!
Мақсұтов Нұрым: Абайдың сөзі-қазақтың сөзі
Құдайбергенов Ерлан:Астана келбеті-ұлт келбеті
Ән: «Астана» орындайтындар қыздар тобы
Мұғалім:
Айтамын әрқашанда сөздің шынын,
Атқарған сансыз еңбек халық үшін.
Биікке қол жеткізсе Қазақстан,
Данышпан саясаты Елбасының.
Сыныбымызда шығармашылықпен айналысатын оқушыларымыз бар. Солардың «Менің Президентім» атты күнделігіне кезек берсек.
Қорытынды:Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді, ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық. Президент-біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз. Мақтай да аламыз. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп, татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сынып сағатымызды «Елім менің» атты Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әнмен аяқтасақ.