«№2 Қашар орта мектебі»КММ
Шағын орталық тәрбиешісі
Утебаева Гулжайна Елмуратовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Қарлығаш» тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Жапсыру.
Тақырыбы: Әдемі гүлдер.
Мақсаты: Әдемілікті сезіне білуге,көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету. Сопақша пішінді қиып алу арқылы гүл күлтесін, жапырағын жасап, гүл бейнесін жапсыруға үйретіп , жапсырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. Қайшыны дұрыс ұстау мен қолдана білуді, түстерді, көлемді ажыратып, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс — әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
І кезең
Дәлелдеу — ояту
II кезең Іздену, ұйымдастырушы |
Жылулық шеңбері:
Қайырлы таң,көк аспан Қайырлы таң, алтын күн Қайырлы таң, достарым Қайырлы таң, қонақтар – деп назарларын сандыққа аудару.
Орманда жылап отырған аюға кездеседі.
Қимылдаймын қорбандай Омартаны көргенде, Бас қоямын ойланбай.
Аюды өздерімен бірге ертеді.
-Мен айлалы түлкімін Бос өтпейді бір күнім, Қораз көрсем қорадан Тояр еді құлқыным.
Слайд «Гүлдер алқабында»
Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап дем алам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам. Балалар, қане жабыстырып болсақ, барлық гүлдерімізді мына жерге орналастырайық.Қоянда бізді күтіп қалған болар.Тездетіп барайық.
|
Балалар қонақтармен амандасты.
Балалар назарларын сандыққа аударды.
-Иә.
-Әрине, барамыз.
-Дұрыс айтасыз. Балалар қуана-қуана келісті.
-Аю
Балалар аюға көмек беретіндерін айтты.
-Түлкі.
Түлкігеде көмек беретіндерін айтып, өздерімен бірге ала жүрді.
Орман алқабындағы әдемі гүлдерді слайд арқылы тамашалады.
Сергіту сәтінде өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасады.
|
ІІІ кезең
Рефлексивті-түзету |
Балалардан оқу іс-әрекет туралы сұрақ қою арқылы әңгімелесу. Жетістіктеріне қарай мақтап, мадақтау.
|
Балалар іс-әрекеттен алған әсерлерімен, ойларын бөлісті.
-Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтиже:
Білді: Қайшыны дұрыс ұстап, қолдана біледі. Түстерді, көлемді ажыратып, кеңістікті бағдарлай біледі.
Игерді: Гүлдерді күтіп баптауды, әдемілікті, эстетиканы, көркемдікті игерді.
Меңгерді:Қарапайым пішіндерді қиып, шығармашылық пен қиялын таныта отырып жапсыруды меңгерді.