Басы » Бала бақша » Ою ойғанның ойы ұшқыр (Презентация)

Ою ойғанның ойы ұшқыр (Презентация)

uteРудный қаласы әкімдігінің

«№2 Қашар орта мектебі»КММ

Шағын орталық тәрбиешісі

Утебаева Гулжайна Елмуратовна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Қарлығаш» тобы

 Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Жапсыру.

Тақырыбы: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Мақсаты: Балалардың ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін тереңдетіп, халықтың тұрмыс-салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту, қабаттап бүктелген қағаздан ою-өрнектерді қию арқылы  бейнелеу өнерінің жаңа тәсілдерімен таныстыру.

 

Іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің  іс — әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

І  кезең

Дәлелдеу —   ояту

 

 

 

 

 

II кезең Іздену, ұйымдастырушы

Шаттық шеңбер:

Бір шаңырақ астында,

Тату, тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Армысыңдар қонақтар!

Қош келдіңдер апайлар.

Алдарыңда балақай

Көрсетерміз сабақ-ай.

-Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

 

-Біз қай ұлттың баласымыз?

-Иә, біз қазақпыз, біздің өз рәміздеріміз, тіліміз, салт-дәстүріміз бар.

-Балалар, енді мында қараңдаршы мына жерде біз нелерді көріп тұрмыз?

-Ал енді айтыңдаршы бұлардың барлығы немен әшекейлеп безендірілген?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар ою-өрнек күнделікті біз пайдаланып жүрген заттарда көп кездеседі. Олар ұрпақтан- ұрпаққа тарап, жалғасып келеді. Олардың түрлері өте көп. Мысалы: қошқар мүйіз, итқұйрық, гүл, балта, жұлдыз, шеңбер, ирек,ағаш.

-Бұл ою түрлерін үй мүліктерінде, ұлттық киімдерде, зергерлік бұйымдарда, ыдыс-аяқтарда кездестіреміз. Әр бір оюдың түпкірінде терең мағына жатыр. Мысалы:Қошқар мүйіз молшылықты меңзесе, ағаш оюы ынтымақ- бірлікті, ирек оюы адамның өмір жолын, судың белгісін, шеңбер ою жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

-Балалар, жаңа біз сендермен ою-өрнектің қандай бұйымдарда кездесетінін және оның мағынасын айтып өттік.

-Енді маған кім ою туралы тақпақ, мақал-мәтелдер айтып береді?

 

Сергіту сәті:

 

-Ал енді балалар орнымызға отырып, алдымен қауіпсіздік ережесін еске түсіріп алайық.

 

-Мен сендерді балалар төрт топқа бөлемін.

-Бірінші топ алдарыңда жатқан оюды қиып, киізүйге желімнің көмегімен жабыстырамыз.

-Екінші топ сандықты, үшінші топ көкірекшені, төртінші топ сәукелені  ұлттық ою-өрнектермен әшекейлеп безендіреміз.

Жеке көмек көрсету.

Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындап, бір-біріне жылулық сезімін білдірді.

 

 

 

 

-Қазақстан Республикасы деп аталады.

-Қазақ елінің баласымыз.

 

 

-Сандық, киіз үй, бесік, сәукеле, тақия, ыдыс-аяқ.

-Ұлттық ою-өрнектермен.

 

 

 

 

Зарина:

Бұйымдар мен заттарды,

Сәндеу үшін көрнекті.

Қиын да болса қиналмай,

Мен үйрендім өрнекті.

Альбина:

Түскиіз төрде ілінген,

Оюы қандай әдемі.

Өрнегі ашық білінген,

Ұлттық бұйым кәделі.

Асылхан:

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек.

Босқа мақтанып жүрмеңдер,

Қиюға епті жан керек.

-Шебер көп жерде өнер көп.

-Өнер сыры- өрнекте.

 

-Қайшыны абайлап дұрыс ұстау, желіммен ұқыпты, таза жұмыс істеу.

 

 

 

 

ІІІ кезең

Рефлексивті-түзету

Қай топ бірінші бітіріп және қай топтың ою-өрнегі әдемі жасалғанын қорытындылау, талдау, мадақтау, марапаттау.

Ою-өрнектердің аттарын, әрбір оюдың мағынасын  қайталап сұрау.

 

 

 

 

-Қошқар мүйіз, итқұйрық, гүл, балта.

Күтілетін нәтиже:

Білді: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, қолданылуы жайында

Игерді: Ою-өрнек әсемдік пен сәндіктің белгісі екенін

Меңгерді: Ою-өрнекті қиып жапсыруды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *