«№2 Қашар орта мектебі»КММ
Шағын орталық тәрбиешісі
Утебаева Гулжайна Елмуратовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Қарлығаш» тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Жапсыру.
Тақырыбы: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
Мақсаты: Балалардың ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін тереңдетіп, халықтың тұрмыс-салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту, қабаттап бүктелген қағаздан ою-өрнектерді қию арқылы бейнелеу өнерінің жаңа тәсілдерімен таныстыру.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс — әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
І кезең
Дәлелдеу — ояту
II кезең Іздену, ұйымдастырушы |
Шаттық шеңбер:
Бір шаңырақ астында, Тату, тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Армысыңдар қонақтар! Қош келдіңдер апайлар. Алдарыңда балақай Көрсетерміз сабақ-ай. -Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
-Біз қай ұлттың баласымыз? -Иә, біз қазақпыз, біздің өз рәміздеріміз, тіліміз, салт-дәстүріміз бар. -Балалар, енді мында қараңдаршы мына жерде біз нелерді көріп тұрмыз? -Ал енді айтыңдаршы бұлардың барлығы немен әшекейлеп безендірілген? -Дұрыс айтасыңдар, балалар ою-өрнек күнделікті біз пайдаланып жүрген заттарда көп кездеседі. Олар ұрпақтан- ұрпаққа тарап, жалғасып келеді. Олардың түрлері өте көп. Мысалы: қошқар мүйіз, итқұйрық, гүл, балта, жұлдыз, шеңбер, ирек,ағаш. -Бұл ою түрлерін үй мүліктерінде, ұлттық киімдерде, зергерлік бұйымдарда, ыдыс-аяқтарда кездестіреміз. Әр бір оюдың түпкірінде терең мағына жатыр. Мысалы:Қошқар мүйіз молшылықты меңзесе, ағаш оюы ынтымақ- бірлікті, ирек оюы адамның өмір жолын, судың белгісін, шеңбер ою жарық өмір жолы дегенді білдіреді. -Балалар, жаңа біз сендермен ою-өрнектің қандай бұйымдарда кездесетінін және оның мағынасын айтып өттік. -Енді маған кім ою туралы тақпақ, мақал-мәтелдер айтып береді?
Сергіту сәті:
-Ал енді балалар орнымызға отырып, алдымен қауіпсіздік ережесін еске түсіріп алайық.
-Мен сендерді балалар төрт топқа бөлемін. -Бірінші топ алдарыңда жатқан оюды қиып, киізүйге желімнің көмегімен жабыстырамыз. -Екінші топ сандықты, үшінші топ көкірекшені, төртінші топ сәукелені ұлттық ою-өрнектермен әшекейлеп безендіреміз. Жеке көмек көрсету. |
Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындап, бір-біріне жылулық сезімін білдірді.
-Қазақстан Республикасы деп аталады. -Қазақ елінің баласымыз.
-Сандық, киіз үй, бесік, сәукеле, тақия, ыдыс-аяқ. -Ұлттық ою-өрнектермен.
Зарина: Бұйымдар мен заттарды, Сәндеу үшін көрнекті. Қиын да болса қиналмай, Мен үйрендім өрнекті. Альбина: Түскиіз төрде ілінген, Оюы қандай әдемі. Өрнегі ашық білінген, Ұлттық бұйым кәделі. Асылхан: Қию оңай демеңдер, Оған да өнер, ой керек. Босқа мақтанып жүрмеңдер, Қиюға епті жан керек. -Шебер көп жерде өнер көп. -Өнер сыры- өрнекте.
-Қайшыны абайлап дұрыс ұстау, желіммен ұқыпты, таза жұмыс істеу.
|
ІІІ кезең
Рефлексивті-түзету |
Қай топ бірінші бітіріп және қай топтың ою-өрнегі әдемі жасалғанын қорытындылау, талдау, мадақтау, марапаттау.
Ою-өрнектердің аттарын, әрбір оюдың мағынасын қайталап сұрау. |
-Қошқар мүйіз, итқұйрық, гүл, балта. |
Күтілетін нәтиже:
Білді: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, қолданылуы жайында
Игерді: Ою-өрнек әсемдік пен сәндіктің белгісі екенін
Меңгерді: Ою-өрнекті қиып жапсыруды