Басы » География » Жер ғаламшары (Презентация)бет 128

Жер ғаламшары (Презентация)

Дәрібай Айдана Оңталапқызы
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 4 курс студенті
Сабақ тақырыбы: Жер ғаламшары

Жер
Күн жүйесіндегі Күннен есептесек үшінші ғаламшар. Шамамен 4,5-4,6 млрд бұрын пайда болған. Алғашқы кезде улы газдармен қайнап – жатып тұрған тау жыныстарынан құралған аспан денесі болатын. Миллиондаған жылдар бойы Жер біртіндеп суына бастайды. Жердің бетінде бұрынғы жалындап жанып қызып жатқан массаның үстіне жұқа гранитті қабат пайда болып, қызған кездегі су булары нөсер жаңбырларға айналып, толассыз Жер бетіне жауып тұрды. Жаңбыр сулары Жер бетіндегі ойыстарды төмен жатқан жерлерді суға толтырды. Бірақ уақыт өте келе су кері қайтып бұрынғы деңгейінен төмен түсті, соның өзінде де, Жер бетінің 2\3 бөлігі сулардан тұрады. Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн км², оның 71% су, қалған 29% құрлық алып жатыр.
Бірақ біздің ғаламшарымыз дәл шар сияқты емес, бүйірлері аздап шығыңқы болып келеді. Жер шарының кішірейтілген моделін г л о б у с деп атаймыз.
Ол өзінің осі арқылы айналысқа түседі. Географиялық глобус ( латынша globus- шар) – Жер шарының неше есе кішірейтіліп берілген бейнесі. Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Оның геометриялық пішіні мен аудандарының ара қатынасы нақты, еш өзгертусіз яғни бұрмаланусыз беріледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *