Баланың айласы
Зинат Кайркешовна
«Ақмарал негізгі орта мектебі »КММ
Білім берудің негізгі міндеттері білімді оқушыларды дайындау. Ана тілі сабақтарында оқушыларды сөйлеуге, өз пікірін ашық айтуға, қорытынды шығаруға , сабаққа деген белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыруға көп көңіл бөлемін.Сабақтарымды жаңа технология элементтерін қолдана отырып жүргізіемін.
Тақырыбы: Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты:
Ыбырай Алтынсарин туралы оқушылар білімін толықтыра түсу.
Әңгіменің негізгі ойын,идеясын ашу,ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету.
Баланың ой-өрісін дамыта отырып,өз бетімен іздене білуге,шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу,сауатты,мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Әңгіме арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп,жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау,топтастыру стратегиясы,, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба,слайд,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
Бала Жамбылдың «Ана тілім» өлеңін тыңдату.
Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Берілген сызбаның сол жағындағы мақал-мәтелдерге мән бере отырып, оң жағындағы негізгі ой болатын сөз тіркетерін тұсына жаз.
№ | Мақал- мәтелдер | Түйін сөздер |
1 | 2 | |
1
2 |
Басыңа іс түссе,
Жақсы дос көмек етеді, Жаман дос күліп өтеді.
Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда сорны іледі. |
адал достық
тәрбиелі, өнегелі болу.
т.с.с. |
Топтастыру стратегиясы.Оқушылар Ыбырай Алтынсарин туралы білетіндерін сызбаға түсіріп,оны қорғады.
Ой қозғау:-Айла деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Жаңа сабақ: 1. Бөлімнің атына мән беріп,тақырыптың мазмұнын ашу.
мақтаншақ үлкенді
болмауды сыйлау
- Мәтінді іштей,дауыстап жалғастырып оқу,бөлімге бөліп ат қою.
- Сөздік жұмыс: Төре (төрелік)-бұл жерде: шешім, Әйдік-үлкен.
Сергіту сәті.
ДЖИКСО әдісі.
Оқушылар әр бөлік бойынша әңгімелеуге дайындалу.
Түсінгендерін тексеру:
1.Суретпен жұмыс: Берілген сурет әңгімедегі қандай оқиғаны
бейнелейді? Әңгімелеп көр.
- Топтық жұмыс. Берілген пікірге нақты дәлелдер келтіріңдер.
І топ
|
ІІ топ |
Жақсылыққа жамандық бар
|
Жақсылыққа тек жақсылық бар |
3.Іздену. Мәтіндегі қызыл бояумен ерекшеленген сөзді оқы. «Жақсылыққа жамандық бар ма?» Осы сұраққа жауап іздеп көр.
Сабақты бекіту.
- «Ой түйіндеу».
…………………………….сыйлаймын,
……………………………..тыңдаймын.
………………………………аламын,
………………………………баламын.
2.Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айту,мақал-мәтелдер,шағын эссе жазу.
Оқушыларды біліміне қарай бағалау.
жақсы