Басы » Информатика » Компьютерде модельдерді зерттеу

Компьютерде модельдерді зерттеу

Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі
Жугинисова Айгерим Сагиндиковна

Сабақтың тақырыбы:        Компьютерде модельдерді зерттеу

Сабақтың мақсаты:  Компьютерде модельдерді зерттеу тіралы меңгерту,топтық-ұжымдық жұмысқа дағдылану,өзінің,өзгенің жұмысына сыни тұрғыда қарай білу.Бағалай білу. АКТ ақпаратын тиімді түрде өңдей білу..

Оқыту нәтижесі: Ақпаратты өз бетінше меңгере алады,кластастарына түсінікті тілмен ақпаратты жеткізе біледі.Мәтінге байланысты сұрақ қоюға дағдыланады.Кластастарын тыңдай білуге үйренеді.Танымдық іс-әрекет үдерісінде коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады

Әдіс – тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, топтық жұмыс, оқыту мен оқуды бағалау

1.Ұйымдастыру.

а)Оқушылармен амандасу

ә)Психологиялық дайындық

б)Топқа бөлу      Оқушылар бір – бірімен «Мен ең жарық жұлдызбын» бойынша  психологиялық тренингісі арқылы ынтымақтастық қарым – қатынас орнату,  үй, жол, аспан суреттері арқылы топқа  бөлінеді — Үлестірмелі қағаздар

2.Қызығушылықты ояту:  «Көзбен көр» әдісі

Оқушыларға «Планета»  жайлы  видео көрсетіледі. Сол видео арқылы өз ойларын айтып, сабақтың тақырыбын ашады (Планетарлардың кішірейтілген түрі)  —         Интерактивті тақта      (жұлдызша арқылы бағаланады)

3.Жаңа сабақ

А)Топтық жұмыс:

І топ: Модель. Модельдеу

ІІ топ: Модель түрлері

ІІІ топ: Ашық және жабық сұрақтар дайындау

Оқушылар топ ішінде талқыланып, плакаттарға түсіріп, постер қорғайды (екі жұлдыз бір тілек, бағалау парақшалары)

Ә) Компьютермен жұмыс.

Оқушылар компьютерде модель құрып салған программаларын айтып қорғап шығады

І топ: Үйдің моделін

ІІ топ: Аспан денелерінің

ІІІ топ: Бір көшенің  модель құру   (3 шапалақ, жұлдызша)

Б) «Көзге көрінетін айғақтар» әдісі

Оқушыларға моделдердің түрлері сәйкес келетін суреттер беріледі, сол суреттерді модель түрлері бойынша топтастырады

4.Қорытындылау

Әр топ  «Модельдей нысаны» — сөзіне ассоцация құрады

5.Үй тапсырмасы         Ғаламтордан дерек көздерін жинау.      интернет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *