Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,
Нығыманова Ж. Т.
Пәні: әдебиеттік оқу, Т. М. Әбдікәрім т.б., 3-сынып, «Атамұра» 2014
Тақырыбы: «Егінші мен қасқыр» ертегісі.
Мақсаты: «Егінші мен қасқыр» ертегісіндегі негізгі ойды түсіну, білу, қолдану.
Міндеті: — «Егінші мен қасқыр» ертегісін түсініп оқу:
-Ертегіні сахналау арқылы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін ашумен өзін- өзі реттеу;
-сыни тұрғыдан ойлана өзін және өзара бағалауға қалыптасады.
Оқып-үйренудің нәтижесі: — «Егінші мен қасқыр» ертегісін түсініп оқиды;
-ертегіні саханалау арқылы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін ашады;
-нанды құрметтеу ережесін анықтап, флипчартқа түсіреді;
-сыни тұрғыдан ойлана өзін және өзара бағалауға қалыптасады.
Қолданылған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Шаттық шеңбер», «Нәтиже», «Шашу», «Миға шабуыл», «Әлқисса», «Бір қадам артқа», «Өкіл», «Топтастыру», «Кері байланыс», «Бағалау парағы».
Уақыты
кезеңдер |
Мазмұны | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек |
Кіріспе
|
«Шаттық шеңбер» (оң қол, сол қол).
Мақсаты: психологиялық көңіл-күйді реттеу. |
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. Топтастыру. | Жылы, достық қарым-қатынас орнайды. Топтасады. | Тамаша! | Күй «Көңіл толқыны», ойыншық. |
«Нәтиже»
Мақсаты: өткен сабақты қайталау. |
Шығармашылық деңгей тапсырмаларын тексереді: мақал-мәтел, ойтолғау, көрініс. | 1.Допты қағып алған оқушы жинаған мақал-мәтелдерін ортаға салады. 2. Еркімен шығармаларын оқиды. | Жарайсыңдар!
Үй тапсырмасы бойынша «Кім жұлдыз?». Смайликпен бағалау. |
Доп.
смайлик |
|
Әр сабақтың ұстанымын еске салу. | Ұстаным.
|
Жарайсыңдар! | Ұстаным. | ||
«Бір қадам артқа» (суретпен жұмыс)
Мақсаты: суретпен жұмыс арқылы бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау. |
Суреттерден не көріп отырсыңдар? Суретке ат қой. Суреттегі тағамдар туралы айтыңдар. Осы тағамдар дастарханға қалай келеді?-деп ойлайсыңдар? Тәрізді сұраулар ұсынады. | Оқушылар суретке қарап өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады. | Жарайсыңдар! | Сурет, оқулық 48-бет | |
Негізгі бөлім.
15-17 мин.
|
«Миға шабуыл».
Мақсаты: жеке тұлға қалыптастыру. «Оқытудағы драма» Мақсаты: түйінді ойларды іріктеп жазып үйрену. |
Мәтінді оқытады. Әр оқушыға ертегіні түсініп, мұқият оқуды тапсырады.
Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды.Ұйымдастырады |
1.Оқиды, дәптерге негізгісін жазып алады. 2. Ертегіні рөлге бөліп оқу немесе сахналау. Топтық жұмыс. | Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.
|
Кітап, дәптермен жұмыс. АКТ, электронды оқулық, «Бағдаршам» |
Сергіту сәті. «Әлқисса»
Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. |
Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады. | Қимылды қайталап сергиді. | Бәрекелді. | бейнеролик | |
«Топтастыру»
Мақсаты: жаңа білімді жинақтау. |
1-тапсырма. Берілген сурет пен ертегі арасында байланыс бар ма? 2-тапсырма. Реттілігін анықта (Қос.1), 3-тапсырма. Дүниедегі ең дәмді тағам не деп ойлайсыңдар? | Топпен 1-сұраққа ойланып, спикер жауап береді. 2-сөздерді орындалу ретімен орналастырады. 3-пікірлерін дәлелдейді. | Кері байланыс. Жапсырма гүлдермен бір-бірін бағалайды яғни, «Бір жұлдыз» | желім, стикер,музыка. флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы қосымша1 | |
«Ереже»
(нанды құрметтеу ережесін құрастыру) Мақсаты:метатаным дағдысын қалыптастыру.
|
Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды, ұйымдастырады
|
Ереже құрастырады. Флипчартқа түсіреді. Таныстырады.
|
«Бір жұлдыз»
|
желім, стикер,музыка. флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы
|
|
Қорытынды. | «Бағалау парағы».
Мақсаты:өзіне сыни көзбен баға беруге қалыптасу |
Анықтайды, ұсыныстарын есепке алады, ескереді. | Блум таксономиясы бойынша бағалау шәкілін толтырады. | Блум жүйесімен бағалау парағы | Бағалау парағы.
Стикер. |
Үйге тапсырма: | Ғ. Қайырбеков «Комбайншы» өлеңін жаттау. |
Тұқым себу |
Жайқалған егін |
Егін жинау |
Жер жырту |
Жер өңдеу |
Екінші сабақ талдауы
Сабақ қалай өтті. Оқушылар «Шаттық шеңберінде» тұрып, «Оң қол», «Сол қол» стратегиясымен бүгінгі күнге тілек білдірді. Оң қолдар – бір топ, сол қолдар – бір топқа топтастырылды. «Ұстаным» қайталанды. Сабақ ұраны хормен айтылды. «Достық» және «Алтын күз» деген ат қойылды. Үй тапсырмасы тексерілді. Допты қағып алған оқушы жинаған мақал-мәтелдерін ортаға салды және еркімен шығармаларын оқыды. Әр топта отырған сыныптың жеті оқушысы жеке-жеке суреттен бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасады. Электронды оқулықты пайдаланып, «Егінші мен қасқыр» ертегісін түсініп оқыды. Ертегіні сахналау арқылы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін ашумен өзін- өзі реттеу жұмысы жүргізілді. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша әр бала өзіндік қырынан танылды.Біткен кездерінде «Әлқисса» сергіту сәті орындалды. «Топтастыру» стратегиясы да сәтімен шықты. Реттілігін анықтау тапсырмасы АКТ-да қызығушылықпен орындалды. Әр топ нанды құрметтеу «Ережесін» құрып қорғады және өзара бағалады. Сабақ соңында кері байланыс жасалды.
Не сәтті өтті. Бірінші сабақтағыдан гөрі бүгін оқушылар уақытты үнемдеді,жинақталды, топтық жұмыс қағидасын түсіне бастады. «Шаттық шеңбері», сергіту сәттері қызықты өтті. Тапсырманы орындауда Ақмарал, Бекарыс, Мәди, Ләйлім ұтқыр ойымен, құнды пікірлерімен ерекшеленді, Бекарыс пен Ләйлім жобаның сәтті шығуына және дәлелді қорғалуына бар ынтамен кірісті. Тұйық Бейбіт ашылып келеді.
Не сәтсіз өтті. Жоба қорғауда топтық әрекетке қалыптаспағандығы аңғарылады.
Не дамыту керек. Үндемейтін оқушылармен жұмысты. Жаңа тапсырманы сеніммен орындай алмауы және назарды алаңдататын нәрселерге қарсы тұра алмау дағдыларының қалыптаспағандығы кедергілерін жоюды.