Басы » Бастауыш сыныптар » Адам және айналадағы дүние

Адам және айналадағы дүние

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Түстер тарату арқылы топқа бөлу.Дауыс беру арқылы топ басшыларын сайлау.

 

ІІ. Психологиялық дайындық

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып аламыз, сабаққа зер саламыз.

 

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Топтық тапсырма

1топ— Адам өміріне көп нәрсе қажет. Шөлдегенде –су, ашыққанда-тамақ, қараңғыда — жарық, тұншыққанда-ауа,тоңғанда-жылу болмаса адам қандай күйге түсер еді?

2-топ-Киім тігу,үй салу үшін адам табиғаттан нені пайдаланады?Дәлелде

3-топ-Табиғат адамға не береді?Сызба бойынша әңгіме құрастыр.

 

  1. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 

V.Жаңа сабақ:

-Балалар ,  Дүниетану сабағы бізге нені үйретті?

-Адамға ең қажетті   не деп ойлайсыңдар?

 

Табиғат- тіршілік бесігі. Адам табиғаттың бір перзенті. Оған тереңірек үңілсек, табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа жан- жануарға қажетті заттар бөліп шығарып, үнемі өзінің тепе- теңдігін сақтап отырады. Адам баласы бар нәрсені табиғаттан біліп үйренген. Себебі біз табиғатқа тәуелдіміз. Адам жалғыз өмір сүре алмайды   .Басқа адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді.Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сондықтан адам табиғатқа қамқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымызда жазылған.

 

Топ басшыларына тапсырма:

Үстел үстіне қойылған табиғи және адам қолымен жасалған заттарды ажырату.

Табиғат заттары                                                              Адам қолымен жасалған заттар

Су,құм,тас                                                                              қалпақ,кесе,ойыншық,тарақ

 

Топтық жұмыс

1-топ

Суреттегі табиғатта болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерді әңгімеле.Адам еңбегі,іс-әрекеті қалай өзгереді екен? Өзің табиғаттан не үйрендің?


20-1

2-топ

Айналадағы табиғат құбылысы мен өзгерістерді а
дам өз қажетіне қалай бейімдейді?Сурет бойынша әңгімеле.Жануарларға қарап адам нелер жасап шығарып еді?

 

20-11

3-топ                                                                                                                                                         Суретте оқушылар бағдаршамның қандай түсі жанғанда көшеден өтуге бет алды?Олар қандай адамға қамқорлық жасады?Әңгімеле. Өзің қарт кісіге қалай көмектесесің?

 

22-2

 

 

Сызбамен жұмыс

Адамның табиғатпен байланысын анықта:

 

адам       табиғат

 

«Сәйкестендір» ойыны

22-3

дәптермен жұмыс

Төмендегі суреттегі күн тәртібінде орындалатын істерді дәптерге сағат уақытына белгіле.

Сергіту сәті

Т .Молдағалиевтің өлеңін оқып,қимылмен көрсету.

 

Сағат жеті болды,

Жуу керек беті-қолды.

Шашты да тарау керек,

Айнаға қарау керек.

Ұйқыны қуу керек,

Таң ата тұру керек.

Тісті де қайта-қайта

Щеткамен жуу керек.

 

«Білгенге маржан»

Табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары:

  1. Бал арасы гүлге құжынай қонса жаңбыр жауады.
  2. Егер күн батарда бұлтқа енсе ертеңінде күшті жел болады.
  3. Егер қарлығаш жер бауырлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап жоғары ұшса күн ашық болады.

 

VI.Үйге тапсырма:                                                                                                                                        Түсініп оқып,табиғат туралы эссе жазу.

 

VII.Бағалау:                                                                                                                         Оқушыларды бағалап,жақсы жауап бергенін мадақтау.

 

VIII.Қорытынды

-Адам айналадағы дүниемен қандай дұрыс қарым-қатынас жасауы керек?

-Оқып білім алу,табиғатты зерделеу не үшін қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *