Алматы облысы
Райымбек ауданы
Сарыбастау ауылы
«С.Сауранбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналды мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Мухаметжанова Қарлығаш Қанатбекқызы
Пәні: ана тілі
Сыныбы: 2 сынып
Тақырыбы: Батыр Бауыржан
Мақсаты: 1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы түсінік бере отырып, Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік істері жайлы білімдерін толықтыру, берілген мәтіннің мазмұнын меңгерту.
- Сауатты, жылдам, түсініп оқу дағдыларын, ойын толық жеткізе білу, есте сақтау, таным қабілеттерін дамыту. Дүниетанымдарын кеңейту.
- Бауыржан Момышұлының игі істерін, ұлағатты сөздерін үлгі ете отырып Отансүйгіштікке, батылдық пен ержүректіліке баулу.
Типі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелесу,
Түрі: Кіріктірілген сабақ
Көрнекіліктер: Ұлы Отан соғысы, Б.Момышұлы туралы слайдтар, жинақтамалар, оқулық, суреттер, сөзжұмбақ, «Кубизм» сызбасы, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру:
А) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, ұйымдастыру.
Ә) Психологиялық дайындық:
Мынау- менің жүрегім
Бұдан бәрі басталған.
Мынау- басым ақылды,
Мұнда бәрі сақталған
Мынау менің- оң қолым,
Мынау менің- сол қолым
Барлық істі атқарған.
-Ендеше балалар барлық іске басшы- жүрегімізге, сол істерді сақтар басымызға, атқарар күшімізге сене отырып, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
- Үй тапсырмасын тексеру: «Нүркен» жатқа сұрау. 6-тапсырма Өзің тұрған жерде Кеңес Одағының батыры атынды көше, мектеп бар ма? Болса, олар жөнінде деректер жина. Ал, кім қандай деректер жинап келді?
III. Жан –жақты білімдерін тексеру: Сөзжұмбақ шешкізу:
«Бауыржан» есімі шығады.
Сөзжұмбақ сұрақтары:
- Жоңғар шапқыншылығында алғаш қазақ жасағын құрған батыр кім?
- Исатайдың серігі:
- Қазіргі қазақ халқының ең басты құндылығы:
- Хан Кенесарының бірінші әскери кеңесшісі:
- 1930-1932 жылдардағы Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге алғаш ашық хат жазған кім?
- Исатай, Махамбет батырлар заманындағы хан:
- Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Жауар бұлттай түнеріп,
Жасындай жауға тиген ер.- Өлең жолдары кім туралы?
- Несіпбек Айтовтың өлеңі Ұлы Отан соғысының қай батыры туралы?
- Мақсат қою:
-Қандай сөз шықты: «Бауыржан»
«Миға шабуыл» стратегиясы. Қазір балалар тыныштық сақтап, көзімізді жұмып, Бауыржан Момышұлы туралы не білетінімзді еске түсірейік. Бауыржан Момышұлы кім? Ол туралы қандай шығарма оқып едік? (2- сыныпта «Батырдың әңгімесі» )
- Жаңа сабақ:
- — Бауыржан Момышұлы қандай батыр?
— Ендеше алдымен Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ біле өтсек. Қазір сабағымызға арнайы тарих пәнінің оқытушысы келіп отыр. Сендерге Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәліметті тарих пәнінің оқытушысы Әлия апайларың айтып береді.
- Оқулықпен жұмыс:
1-тапсырма. Батыр туралы деректі әңгімегі түсініп оқы.
Деректі әңгіме – нақтылы болған оқиға туралы әңгіме.
Әңгімені тізбектей оқыта отырып, мазмұнын әңгімелету.
Сөздік жұмыс: таныс емес сөздер барма? Дивизия, полк, командир, полк командирі. Ендеше бұл сөздерге АӘД пәнінің оқытушысы түсініктеме береді.
- Білімді меңгергенін тексеру:
- Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс:
- 2. «Кубизм» стратегиясы:
- Зерттеңіз: 1941 жылы қандай оқиға болды? Полк командирі командирлерді не үшін жинаған екен?
- Суреттеңіз: Бауыржан жігіттерге не айтты?
- Қолданыңыз: Мәтін ішінде кездескен мақалдарды, тауып, дәптерге жазып ал.
- Дәлелдеңіз: «Қазақ баласы ар мен намыс иесі»
- Болжаңыз: Өзің осы атаққа лайық болатындай не істеп жүрсің?
VII. Бекіту: Сабақты қорытындылау. «Бейбітшілік маршы» әнін хормен айту.
VIII. Үйге тапсырма: түсініп оқу, мазмұнын айту. 8- тапсырма
133 бет.