Рахмет саған әліппе!
-Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздерді 1-сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар.
Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жол. Әліппе 42 әріпті таныты, оқуға жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жадайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,—деп Кенен атамыз айтқандай. кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
1-жүр: Ерте, ерте, ертеде үлкен Шилісу ауылының мектебінде Әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі және екі күзетшісі
болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен, Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан
елін жинап тақтан кететінін жариламақшы.
1-оқушы: Уа халайық, келіңіздер көріңіздер,Әліппе хан тақиан кеткелі жатыр.
2-оқушы: Уа жараңдар, жараңдар! Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы.40 уәзір мен 2 күзетшісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі олыңдар!
Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болиауы керек.
3-оқушы: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.
Әліппе хан (көңілденіп). Тамаша, тамаша. Ха-ха-ха, мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым?
Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап,көңілсіз жүрдім. Бүгін менің де, мына дүйім жұрттың да көтеріңдер.
Менің жарлығымды орындаңдар!
4-оқушы: Хан жарлығынақұлақ салыңдар. Дәл бүгін ханием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.
Ән. «Аяулы анашым»
2-жүр:
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздепинемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір дегенүлкен жолда тарландар.
Бүгін мінеқоштасады Әліппемен балбұлақ
Әнімменен жырыма тарландарым сал құлақ
Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
1-жүр:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңненмейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауһазындай құлпырған,
Біз алаңсыз болған шақта балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!
2-жүр:
Кешіміздің пердесін
Ән шашумен ашайық
Үлдіршінің өнеріне
Қол соғып қошемет жасайық!
Хор «Сәлем саған мектебім»
1-жүр:
Ал осымен әріптер
Шежіресін бастайық,
Басшысы әліппенің
А-дан сөзді бастайық.
2-жүр:
Атыраудың айдыны,
Алтай-таудың айбыны.
Астанамыз – Астана
Алматымыз — бас қала
1-оқушы
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба, Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде, түсінші?!
А деген ол аналар ғой ардақты
Ә деген ол әкелер ғой салмақты
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуіі де кәделі
2-оқушы:
Бейбітшілік бар адам жүрегінде
Бейбітшілік бар адам тілегінде.
3-оқушы:
Иба, әдеп, ақыл ой
Имандылық басы ғой.
Исі қазақ баласын,
Инабатты дейді ғой
4-оқушы:
А-ға й-ды қоссаңыз
Көкте тұрған ай болар
Т-ныалдына тоссаңыз
Бәсірелі тай болар
5-оқушы:
М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.
6-оқушы:
В дегенің вал болар
Қадір тұтқан бабалар.
7-оқушы:
Г-әрпімен гүлденген
Қызғалдақты қырат, тау
8-оқушы:
Ғ- әрпімен ер келер
Ғалым атты үлкен тау
9-оқушы:
Д-әрпімен бастасаң
Дархан, дария далам бар
10-оқушы:
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жараңдар.
11-оқушы:
Ж дегенің жөргегің.
Туған-өскен жерлерің
12-оқушы:
З-әрпімен зерледім
Зергерлердің зергерін.
13-оқушы:
И дегенің-иманың
Адалдықтың асқары.
14-оқушы:
К дегенің – күй дарын
Домбыраның дастаны.
15-оқушы:
Қ дегенің құралған
Бас аяғы қазақтың.
16-оқушы:
Ұ әрпі ұлысың
Ағайының өз елін.
17-оқушы:
Ы дегенің- ырысың
Орман- тоғай өзенің
18-оқушы:
О дегенің – отбасы
Отан деген ұғым бар
19-оқушы:
Я деген — Яссы
Қала болған бұрындар
20-оқушы:
Өнер іздеген өсер
Өсек іздеген өшер
21-оқушы:
П дегенің – періште
Желеп – жебер мың кең
22-оқушы:
Р дегенің – рақым
Мейірің мен пейілің.
23-оқушы:
Сыйламаған аз досың
Сыйлай алмас өз басын
24-оқушы:
Ш дегенің шапағат
Тие берсін баршаға.
25-оқушы:
Х дегенің сәлем хат
Қуанамын қаншама
26-оқушы:
Әліппем менің әліппем
Өшпейтін нұрлы әріптен.
Есігін аштым әріптің
Өзіңнен кілт алып мен
27-оқушы:
Әр күнім келер жаңалықты
Тоқимын оқып білім, жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен
Жанымда ізі қалды жаңа әріптің
28-оқушы:
Үйретіп жазудың да өрнектерін,
Ойымда Әліппемен тербеткеннің
Зор қуаныш маған да ұстазға да,
Тілін алып Әліппені сөйлеткенің.
29-оқушы:
Үйретіп алғаш бізге Әліппені, Мұғалім ғылымға жол салып берді. Адамның ой-арманы, мақсаттары, Оқудың сәулесімен жарық көрді.
30-оқушы:
Әлі талай баспалдақты басамыз Биік-биік асулардан асамыз Ұстазым сізден алған білімді,
Өмір бойы жанымызда сақтармыз.
Ән: «Мұғалім – ол біздің»
1-жүр:
Балаға ұлттық тәрбие беруде ата-ананың ролі өте зор.Олай болса келесі көрінісімізді тамашалаңыздар.
Көрініс:
31- оқушы
Осылай алға бастадым.
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.
32-Оқушы:
Айналдым сені аяулы менің Әліппем.
Құралған 42 қымбат әріптен
Үйреніп, оқып, жаздым қалам алып,
Қадірледім қасиетіңді танып мен.
1-жүр:
Екеуіміз де әліппе жайында жырладық. Ал, сен білесің бе? Ең алғаш әліппені кім жазғанын?
2-жүр:
Әрине,ол –Ыбырай Алтынсарин ғой. Олай болса біздің достар Ы. Алтынсарин атамыз туралы өлең оқиды.
33-оқушы;
Ұстаздың тұңғышы да зоры да сен,
Халықтың кітап берген қолына сен,
Қазақтың қара түнек аспанынан
Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем
34-оқушы;
Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе
Болашақ етеді аңыз сені көпке .
«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта
Бар мектеп көтереді қолын көкке
35- оқушы:
Данышпан даласына сеніп туған,
Өмірін халық үшін беріп туған Еліне еңбек еткен деген сөздің Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.
Ән; « ақ көгершін»
1-жүр:
Сен байқадың ба? Біздің достар бұл кешке бірнеше өнерлерін ала келіпті. Мақал- мәтел жарысына кезек берейік.
2- жүр:
Олай болса неге тұрамыз? Бұл ханның басты талаптары еді ғой.
Ендеше кезекті мақал — мәтелдер сайысына берейік.
-Сәлеметсіз бе? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.
— Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді, демекші қалыңыз қалай?
-Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы дегендей, қандай әдепті баласың!
-Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады деуші еді.
Келіңіз, төрге шығыңыз.
-Жат асына қарайды, дос басына қарайды,-деуші еді аталарымыз.
-Қонағын сыйласа төрге шық, төрге шығайық.
-Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше демекші, танысып отырайық.
-Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл деген, есіміңіз кім?
-Ас адамның арқауы деген, ас алып отырайық.
-Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.
— Досыңның асын қасыңдай іш демекші, алла риза болсын.
-Дастарқанға ас қойдым, екі қолды бос қойдым деген ас алып отырыңыз.
-Көңілмен берсе, қара су да бал татыр.
-Иәдосы жоқ адам, тұзы жоқ тағам демекші, досы көп болғанға не жетсін.
-Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. Өнеріңізді көрсете отырыңыз.
-Алдымен ауылдың алты ауызы айтылмаушы ма еді.
Ауылдың алты ауызы «Еркем-ай»
Әліппемен біз бүгін қоштасамыз,
Ана тілімен бәріміз достасамыз
еркем-ай
«Білімді ұрпақ елімнің» тірегі деп,
Айтып өтті елбасы Нұркөкеміз
Еркем-ой
Еркем, еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай
Ерклеген еркемді
Еркелетсем екен-ай
Ән «Қошақаным».
Әліппе хан:
Мен сондай риза болдым. Өзімнің орнымды балам «Ана тілі» басады деп сенемін. «Ана тілді» шақырамын.
«Ана тілі» хан:
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін
Ана тілім — елдігім,
Ана тілім — ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Бүгіннен бастап сауатты балалардың білімін әрі қарай мына менің оқулығымның арқасында дамытып, тереңдете түсеміз.
Сондықтан, бәріңе сыйлық ретінде өз «Ана тілі» кітабымды алып кедім. (Барлық оқушыларға «Ана тілі» кітабын таратып береді.)
«Ана тілі» таққа отырады.
Әліппе хан:
Ал, балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер.
Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді білсін деп сендерге қатал қарадым.
Қазақта айтады «Басы қатты болса аяғы тәтті болады» деп. Ендіосы білімдеріңді менім ұлым «Ана тілімен» бірге жалғастырасыңдар.
Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады.» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!
-Қош сау болыңыз, Әліппе хан!
Хор. «Әліппе»
1-жүргізуші:
Содан елді «Ана тілі» ханы басқарыпты.Уәзірлері «Әліппе ханның» қаталдығы мен талапшылдығының арқасында «Ана тілі» ханына тез үйреніп, білімді болып сол Шилісу ауылының мектебінің есімін әлемге
әйгілі еткен екен.
Мұғалім:
Құрметті қонақтар, сіздер бірер сәт ертегі елінің саяхатынан оралдыңыздар. 1-сынып бүлдіршіндерінің сүйікті Әліппелерімен қоштасуларының куәсі болдыңыздар.
2- жүргізуші.
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға, тілек айтар қонақтар.
Ертеңгілік ата-аналардың құттықтау сөзімен аяқталады.