Басы » Cыныптан тыс » Ислам өркениеті

Ислам өркениеті

 

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен политехникалық колледжінің

Мәдениеттану пәні оқытушысы

Қанатжанова Қадиша

 

Сабақтың тақырыбы:   Ислам өркениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Ислам дінінің пайда болуы. Қазақстанға Ислам дінінің таралуы.

Ислам дініне дейінгі қазақтардың бұрынғы сенім-нанымдары.

Құранда қамтылған мәселелер. Ислам дінінің қоғам дамуындағы

маңызы. Ислам дінінің өміршеңдігін, оның басқа діндерден

айырмашылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Студенттердің  білімге құштарлығын арттыру, ой-өрісін

дамыту. Теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге,

пікір айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Студенттерді имандылыққа, ата-анасын сыйлауға,

адамгершілікке, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге, әр істе

сабырлы болуға,әділеттілікті жақтауға, рухани тазалықтарын

сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Карта, презентация, тірек сызбалар, суреттер, кестелер,

ұлағатты сөздер, интерактивті тақта, мәдениеттану оқулығы,

А3  форматты қағаз, маркерлер, стикерлер, салынған сурет.

Пәнаралық байланыс:  Тарих, география, философия, адам және қоғам,

сызу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологиясының

элементтері, тірек сызбалар,сұрақ-жауап, топтастыру, өзін-өзі

бағалау.

Қолданылған әдебиеттер: Мәдениеттану оқулығы. Ш.Нағымұлы.

 

Сабақтың барысы:

                                    

                                      Эпиграф: «Дін татулық пен ынтымақтастықты

                                                         сабақтаудың үлкен кепілі. Діндер тату

                                                         болса, мемлекеттер де тыныш»

                                                                                           Н.Ә.Назарбаев

 

І. Ұйымдастыру (1 минут)

    

  1. Студенттерді үш топқа бөлу.
  2. Топ басшысын сайлау.
  3. Топтың тапсырмаларын таратып беру.
  4. Топ басшыларына студенттердің білімін бағалау бетшелерін  беру, сабақ барысында сабаққа белсене қатысып отырған студенттерге ұпайлар қою.

 

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау  (6 минут)

 

Үй тапсырмасы:  «Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының

                                 діни нанымдары»

 

-Студенттерден «Зымыран сұрақтар!»  ойыны арқылы үй   

 тапсырмасы  сұралады. (Топ басшылары студенттердің ұпайларын қойып отырады.

 

Сұрақтар:

  1. Будда дінінің негізін салған кім? ( Сиддхартқа Гаутама)
  2. 2. Христиан дінінің негізін салған кім? (Иисус Христос)
  3. Ислам дінінің негізін салушы кім? (Мухаммед пайғамбар)

4.Будданың қасиетті үйі. (Синагога)

  1. Христианның негізгі үйі. (Шіркеу)
  2. 6. Исламның киелі үйі. (Мешіт)
  3. 7. Будда кітабы. (Тора)
  4. Христиан кітабы. ( Інжіл)
  5. Ислам кітабы. (Құран)
  6. Будданың қасиетті күні. (Сенбі)
  7. Христианның қасиетті күні. (Жексенбі)
  8. 12. Исламның қасиетті күні. (Жұма)
  9. Дін дегеніміз не? ( (лат.сөзі –«тазалық,қасиеттілік, құдайға сенгіштік

      деген мағынаны білдіреді») Құдайдың бар екендігіне негізделген  

      дүниетаным мен тәртіптер жүйесі.

  1. «Фетишизм» деген не? (француз тілінен –«идол, тұмар»дегенді

білдіреді) Жансыз дүниелердің құдіретіне сену.

  1. «Анимизм» деген не? ( латын тілінен – «жан,рух») Жан мен рухтың

      болатынына сендіру.

  1. 16. «Тотемизм» деген не? ( Солтүстік Америка Үндістерінің тілінен «оның

      тегі») Шығу тегін жануарлармен байланыстыру.

  1. Діни сәулет өнері ескерткіштеріне не жатады? ( Шіркеулер, соборлар,

      мешіттер, погодалар)

  1. Діни сюжеттегі музыканың дамуына зор үлес қосқан кім? ( Моцарт,

      Бетховен, Бах)

 

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

 

-Сонымен, үй тапсырмасы «Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының  діни нанымдары» тақырыбы болатын. Барлық топ студенттері сабаққа жақсы дайындалып келген.

Бағалау бетшесіне  әр топ басшылары  студенттерге тиісті ұпайларын қойып отырыңыз.

 

ІҮ.  Жаңа сабақ (25 минут)

«Қызығушылығын ояту»

«Жұмбақ шеше білеміз бе?»

-Қиынға сен оңай берілме,

Білім жи, жаста ерінбе.

Пайда болған қандай дін?

Жетінші ғасыр шегінде,

Арабия жерінде?    ( Ислам)

 

-Студенттер, біз бүгінгі сабағымызда ислам діні, оның Қазақстан жеріне таралуы, ислам дінінің қоғамдағы рөлі туралы, мұсылман әулиелері туралы сөз етпекпіз.

 

-Ендеше, бүгінгі күннің жадын және жаңа тақырыпты дәптерлерімізге жазамыз.

 

—  Біздің қаламызда мешіт қай жерде орналасқан?

— Дұрыс айтасыңдар біздің қаламыздағы орталық мешіт «Шаңырақ» шағынауданында орналасқан.

Жаңаөзен қалалық орталық мешітінің бас имамы Маманбаев Қайрат Қанкелдіұлы осы бүгінгі өткелі отырған жаңа сабағымызға байланысты ислам діні, оның қоғамдағы рөлі туралы айтады.

Назар аударамыз.  ( 2 минут 10 секунд)

 

-Жаңа сабақтың тақырыбы бойынша әр топқа дәріс мәтіні жазылған парақшалар тарату,  «мәдениеттану» оқулықтарын (266-274 беттер) беру.

 

Эпиграф: «Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-

                    бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы ретінде

                    құрметке лайық»

 

 (слайд көрсету —  тірек сызбалар, карта, құран кітабы)

 

Білу.

«Ислам»  сөзі арабшадан аударғанда «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсұну» деген мағынаны білдіреді.

Ислам б.д. ҮІІғ. Арабияда қалыптасты. Ислам дінінің  негізін салушы, есімі көзінің тірісінде аңызға айналған Мұхаммед Пайғамбар. Ол өзінің шәкірттеріне айтып отырып мұсылман діні қағидалары мен ережелерін жинақтаған «Құранды» жаздырды.

Қасиетті «Құранда» діни, құқылық, моральдық және тұрмыстық ережелер негізінен 5 негізгі принципке бағындырылды және оларды орындау әрбір адал мұсылманға міндеттелді.

Қазіргі Қазақстан аумағына исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылған процесс болды. Әуелі мұсылмандық Оңтүстік аудандарға енді.

Хғ. аяғында ислам Жетісу мен Сырдарияның отырықшы халқына тарады. Ислам Жетісуда Хғ. өмір сүрген түрік Қараханидтер империясының діні болды. Бұл кезеңнің ескерткіші – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білім» шығармасында мұсылмандық идеология көрініс тапты.

Исламның таралуы ХІІІғ. татар-моңғол шапқыншылығы нәтижесінде саябырлады.

Алайда, орта ғасырларда ислам дінінің ықпалы көптеген халықтарды бағындырып ала берді. Әсіресе Дешті Қыпшақ даласына мұсылман діні Алтын Орда ханы Берке мен Өзбек ханның тұсында (1832-1840жж.) көбірек тарала бастады.

Ислам дінін уағыздаушылар бүкіл мұсылман әлемінің түкпір – түкпірінен келе бастады.

 

Өткен сабақта сіздерге  «Ислам өркениеті» тақырыбы бойынша алдыны-ала тапсырмалар берілді. Оқулықтағы тақырып бойынша  дайындалып,  дайындалған жұмыстарды қорғау.  

 

Қолдану. 

        

Студенттер дәріс жазылған парақшалардағы  мәтінді және «Мәдениеттану» оқулығын пайдаланып, дәріс мәтінін оқып, топта талқылап, бірлесе отырып жаңа тақырып бойынша постер дайындап оны қорғайды.

(Оқушыларға А3 форматты қағазын, маркерлер, стикерлер таратып беру)

 

1 топ

  1. Көшпенділер арасында ислам дінінің таралуы және Қазақстан

    жеріндегі мұсылман мектептері.

 

ІІ топ

 

  1. Қазақ және мұсылман жұртшылығы сыйынатын әулиелер мен

    аңыздық кейіпкерлер.

 

ІІІ топ

 

  1. «Шамандық» және ислам дінінің қоғам дамуындағы маңызы.

 

І.1.

— Көшпенділер арасында ислам дінінің таралуына Сайрам қаласының тұрғыны сопылық орденнің  негізін салушы Қожа Ахмет Иассауи зор үлес қосты. (ХІ-ХІІғғ.) Ол бүкіл өмірін исламды уағыздауға, шәкірт тәрбиелеуге арнады. Оның өлеңдерінде құдайдың ұлылығы мадақталып, көнбістікке шақырады. Қожа Ахмет Иассауиді түрік жұртында құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: «Мәдинада – Мұхаммед, Түкістанда – Қожа Ахмет» деген. ХІІғ. Белгілі дін уағыздаушысы Иассауиге арналған шағын кесене тұрғызылды,  кейін ХІҮғ. 1389-1399жж. Әмір темірдің бұйырығымен үлкен мешіт кешені тұрғызылды. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстанда, Түркістан қаласында осы мешіт-кешен бар.  Осы өңірде Қожа Ахметтің ұстазы Арыстан баба әулиенің де кесенесі бар. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле»  деген ұлағатты сөз бар.

— Исламды көшпенді халық бірден қабылдамады. Қарапайым халық әлі де болса ұзақ уақыт бойы ата-бабаларының сенім-нанымдарын сақтап қалды. Табиғат құбылыстарына, жан-жануарларға, өлген ата-баба аруақтарына табыну ұзақ уақыт сақталды, ондай сенім-наным біздің заманымызға дейін жеткенін ешкім жоққа шығармайды.

 

ІІ. 1. — Ислам дінінің қазақтардың арасына келуіне байланысты бұрынғы құдайлардың орнын мұсылман әулиелер ала бастады.

Қазақ және мұсылман жұртшылығы сыйынатын әулиелер.

— Бекет ата

— Шопан ата

Қошқар ата

— Шақпақ ата

— Масат ата

— Қараман ата

— Қыдар ата

— Қорқыт ата

— Арыстан баб

— Қожа Ахмет Иассауи

— Айша бибі    т.б.

 

  1. Маңғыстауда 362 әулие болған деген аңыз күні бүгінге дейін сақталған.

Сол әулиелердің бірі  Бекет Ата – Батыс Қазақстан жұртшылығы түгел сыйынатын кейіпкер. ХҮІІІғ. өмір сүрген Бекет Мырзағұлұлы өз халқын ағартуға, сауаттандыруға, имандандыруға және сауықтыруға зор үлес қосты. Хиуа медресесін бітірген Бекет Әулие қазіргі Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының территориясында төрт жерден мешіт ашып, балаларды дін жолына үйреткен.

Бекет Әулиенің үстірттегі Оғыланды мешіті үңгірге салынған. Қазақтармен қатар, көршілес Түркімен, Өзбек, Қарақалпақ бауырларымыз да Бекет Атаны пір тұтып, аруағына сыйынған.

 

— Қазақстанда халық пір тұтатын басқа да әулиелер мен аңыздық кейіпкерлер өте көп. Олардың бірқатары бүкіл мұсылман әлеміне ортақ кейіпкерлер болып табылады.

— Қазақтар өз айналасына, ағайын-тумасына, көрші-көлеміне, дос-жарандарына жақсылық, бай-қуаттылық, молшылық, разылық, нәсіп, несібе тілегенде «Жорытқанда жолың болсын, Қыдыр ата жолдасың болсын», жас әйелдерге де Қыдыр атаның аян беруін тілеп отырады.

Қыдыр ата аңыз бойынша қазақтардың жарылқаушысы, қорғаны әрі жебеушісі болып табылады. Әдетте, жұрттың көзіне оң қолына таяқ ұстаған, сақалы белаурына түскен, оң қолының бір саусағы кем қария болып көрінеді. Қыдыр ата аян берген отбасының ісі оңға басып, оларды тек баянды бақыт пен молшылық,  ырыздық күтіп тұрады деп есептеген.

-Халық арасында ежелден әулие саналған Қорқыт ата,  Арыстан баб, Домалақ ана, Шопан ата, Масат ата, Қошқар ата, Шақпақ ата есімдері бұрынғы діни сенім-нанымдардан мұсылмандық қасиеттілер санатына ауысты.

-Қорқыт ата туралы аңыздарда ол теңдесі жоқ күйші, композитор, бақсы, балгер танылған. Қорқыт ата бақсылардың жебеушісі саналған. Қорқыт ата қобызға арнап көптеген күйлер шығарған, слардың он шақтысы біздің заманымызға жеткен.  Бақсылар да өздерінің ем-домдарына қобыз аспабын кеңінен қолданған.

 

ІІІ. 1.-«Шамандық» — қазақтардың исламдық дәуірге  дейінгі діни дәстүрлерінен берік орын алған құбылыс. Кейін шамандық қазақтар арасына кең тарады. Оның негізінде ежелгі заманда қалыптасқан рух туралы түсінік жатыр. Ислам қазақтар арасына арабтың рух мағынасын беретін «жын» сөзін әкелді. Құранда «жындарды» мұсылмандарға және мұсылман еместернген бөлді. Сондай-ақ рухтардың «пері», «албасты», «шимұрын», «жезтырнақ» т.б. түрлері бар деп есептелді. Олар қорқынышты, ызалы, қатыгез рухтар деп есептелген.

Шамандар – халықтың рухтарға байланысты сенім-нанымдарын негізге ала отырып, әр түрлі ауруларды емдеуге тырысты. ХІХ – ХХғғ. шамандық қызметті еркектер атқарған.

Шаманның негізгі жоралық құралы жылқы қылыннан істелген шегі бар қобыз болды. Бақсының қолындағы қобыздың неше түрлі ғажайып қасиеттері бар деп есептелген.

Бақсының екінші бір жоралық құралы аса таяғы болған. Сондай-ақ бақсы ауруларды емдеу кезінде жындарын шақыру үшін қобызды ойнаған, аса таяқпен жерді тепкілеген, қамшымен айналаны осқылап ұрған, дауылпазды даңғырлатып, бет-аузын қисаңдатып, аћ ұрып, неше түрлі күйге түсетін болған.

Осы сенім-нанымдар мен діни жоралар ислам діні құндылықтарымен бірігіп, кірігіп, астасып біздің заманымызға дейін жетті.

-Ал ислам дініне келсек жер бетінде  көптеген елдер мен халықтар мойынсұнған ең ұлы діндердің бірі.

 

  1. Ислам дінінің негізін қалаған Мұхаммед пайғамбар – адамзаттың ұлысы, адам баласының қамқоры әрі ұстазы, Алланың соңғы елшісі.

Пайғамбар Меккеде дүниеге келіп (571ж. 28-шілде, дүйсенбі), Мәдинеде қайтыс болып сонда жерленген (632ж. 8-маусым, дүйсенбі).

Қағба Меккеде, адамдар осында қажылыққа келеді.

Исламның қасиетті кітабы – Құран.

 

  1. Исламның 5 шарты бар:

1) Алланың барлығына, Мұхаммед   пайғамбарға сену

2) Намаз

3) Ораза

4) Зекет

5) Қажылық

 

  1. «Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы ретінде құрметке лайық» — дей келе қазір дүние жүзінде ислам дінін  1 млрд. 700 миллионға жуық адам ұстайды. Олардың  90 пайызы суниттер. Шиитер Иран мен Ирак аймағында кездеседі.

Ислам діні әлемнің 120-дан астам еліне тараған. Әлемнің 28 елінде, атап айтсақ Сауд Арабиясы, Мысыр, Иран т.б. елдердің ресми діні болып жарияланған.

— Мұсылман діні бүкіл адамзат баласына тән дін. Ол ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні.

Мұсылман діні – адамды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.

 

ІҮ.  Бекіту (6 минут)

 

Түсіну.   «Ой қозғау» сатысы және «Топтастыру» әдісі.

 

Интерактивті тақтаға «Ислам діні» сөзі жазылады.

(«Ислам діні» — топтастыру  әдісі бойынша интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу. Оқушылар   кезектесіп шығып интерактивті тақтаға ислам дінінің пайда болуы, қоғамдағы рөлі, ол қандай дін т.б. жазады)

 

 

Талдау.    Семантикалық карта.  «Жауабын тап»

р/с Тапсырмалар Мұхаммед пайғамбар «Мойынсұну»,

«Бағыну»

«Бейбітшілік»

Арабия Құран Жетісу,

Сырдария

Жәңгір хан «Қадим», «Жәдит» Бекет ата Қожа Ахмет Иассауи
1. «Ислам»сөзінің

мағынасы.

+
2. Ислам діні пайда болған жер +
3. Ислам дінінің негізін қалаушы. +
4. Исламның қасиетті кітабы. +
5. Қазақстанда ислам діні таралған жер. +
6. 1827ж. Орда маңын-да өз қаражатымен, өз жобасымен мешіт салдырған. +
7. Мұсылмандық оқу түрлері.

 

+
8. Батыс Қазақстан жұртшылығы түгел сыйынатын кейіпкер. +
9. Ислам дінінің тара-луына зор үлес қос-қан сопылық орден-нің негізін салушы. +

 

Ү. Семантикалық карта бойынша орындаған тапсырманы

     «Көршіңді тексер» ойынымен бағалау.

 

9 жауап дұрыс болса – 3 ұпай

8-6  жауабы дұрыс болса – 2 ұпай

5-3  жауабы дұрыс болса – 1 ұпай

 

Жинақтау.    Ү. Қорытынды. (4 минут)

 

—   Сонымен, біз бүгінгі сабағымызда Ислам дінінің пайда болуы, Қазақстан жеріне қалай тарағаны туралы білдік.

Сонымен қатар бұрынғы сенім-нанымдар мен діндердің исламмен қандай байланысы бар екенін, Қасиетті Құранда қандай мәселелер қамтылғаны туралы білдік. Ислам дінінің қоғам дамуы үшін қандай маңызы бар екенін түсіндік.

 

—     Қ.Р. Конституциясының 19-бабының  1-тармағында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы».

      Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Қазақстан – мұсылман халқа басым болып отырған зайырлы мемлекет. Ислам діні —  бейбітшілік діні, әділет діні болғандықтан,  тек ізгі әрекеттерді марапаттайды, қоғамға зиянды әрекеттерді лағынеттейді»

 

«Кері байланыс»    «Ізгі тілек ағашы»

 

  1. Сабақта маған ұнағаны.
  2. Сабақтан алған әсерім.
  3. Өзімнің жеке пікірім.
  4. Менің тілек-лебізім.

 

-Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, сабақата не ұнады, ұсыныс, пікірлерін, тілек лебіздерін түрлі түсті жапырақша  стикерлерге жазып «Ізгі тілек ағашына» жапсырады.

 

ҮІ.  Бағалау. ( 2 минут)

 

Үй жұмысы – 2 ұпай

Жаңа сабақ – 3 ұпай

Семантикалық карта – 3 ұпай

Қосымша тапсырмалар ( интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап) – 2 ұпай

 

 9 ұпайдан жоғары – «5»

8-6 ұпай – «4»

5-3 ұпай – «3»

2 ұпайдан төмен – келесі сабақта бағаланады.

 

— Әр топ басшылары өз тобындағы жеке оқушылардың жинаған

ұпайларын хабарлап айтады. Оқушылар жинаған ұпай мөлшерімен

бағаланады.

 

-Әр топ жалпы жинаған ұпай мөлшерін есептейді. Ең жоғары ұпай алған топ мадақталады.

 

— Бағалау бетшелерін жинап алу.

— Оқушылардың бағаларын журналға қою.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма (1 минут)

 

«Ислам өркениеті» тақырыбына дайындалу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *