Басы » Бастауыш сыныптар » Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер

Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Құмсай бастауыш мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Батырова Актолкын Рашидовна

Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер.
Мақсаты: а) Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептің жаңа түрімен                                                                     таныстыру; өтілген есептеу тәсілдері туралы алған білімдерін пысықтау.
б) Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
в) Оқушыларды тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, оқулық.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта.
Түрі: Саяхат сабақ.
Типі: жаңа сабақты меңгерту, топпен жұмыстану.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, өз беттерінше жұмыстану.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
                                              Сабақтың барысы:
1 — слайд.
Ұйымдастыру бөлімі.
2 — слайд.
Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
3 — слайд.
Үй тапсырмасын тексеру.
127 – беттегі, №4 есепті ауызша 2 — 2 — ден оқытып тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабағымызда біз Астана қаласына саяхатқа шығамыз. Ол үшін берілген тапсырмалардың бәрін орындауымыз керек. Астанаға бару үшін, алдымен жол ақысын төлеуіміз керек. Билет алу үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
3пен 5 — тің қосындысын ата.

7мен 5 — тің қосындысын айт.
15 пен 3 — тің айырмасын тап.

6 мен 8 — дің қосындысын ата.

12 мен 3 — тің айырмасын тап.
70пен 7 — нің айырмасын ата.

— Поезға міндік, енді жолшыбай тағы бір тапсырма күтіп тұр.
5 — слайд.
Көркем жазу.
5 сандарын қатыстырып, бір, екі, үш таңбалы сандар жазамыз.
5, 55, 555, 5, 55, 555
— Дұрыс орындадыңдар. Міне пойыздан да түстік. Астана қаласына келгенде ең алдымен нені көргіміз келеді?
— Бәйтеректі.
6 — слайд.
Бәйтеректің  суреті
— Үшінші қосылғышты табу үшін не істейміз екен?
2 белгілі қосылғыштардың қосындысын тауып, қосындының мәнінен азайтамыз.
Сонда 3 — ші қосылғыш шығады.

26 + 18 +? = 50

50 – (26 + 18) = 6  Олай болса, 3 — ші қосылғыш  6 екен

26 + 18 + 6 = 50

19 + ? + 24 = 50

50 – (19 + 24) =7  Олай болса, 3 — ші қосылғыш  7 екен

— Бәйтерекке бару үшін оқулықтағы №1 есепті ауызша орындап жіберейік.

7 — слайд.  Есіл өзенінің суреті

— Есіл өзеніне  бару үшін оқулықтағы №2 есепті орындап жіберейік.
№2.
а) І — 7м
ІІ — 4м?
ІІІ — 8м

Ш: 7м+4м+8м=19м

Ж: Барлығы: 19м. (м).

ә) І — 7м
ІІ — 4м
ІІІ -? м 19м
Ш: 1) 19м -(7м+4м)=8м
2) 19м — 7м — 4м= 8м
Ж: ІІІ — бөлік 8м (м).

8 — слайд. Еуразия университетінің суреті. (тапсырмасы)

Оқулықтағы №4 есепті шығарамыз

9 — слайд. Сергіту сәті.

Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз

Қолымызды көтереміз

Одан кейін ақырын

Орнымызда жүгіреміз.

  10 — слайд. Парламент үйінің суреті.(тапсырмасы)

№3 есеп ауызша.

11– слайд.  Нұр Астана мешітінің суреті. (тапсырмасы)

Оқулықтағы №5 есепті шығарамыз

  • — слайд. Ақ орданың суреті.

Логикалық есеп. №8 есеп.
13 — слайд. Бәйтеректің суреті.

Елге қайту. Астана қаласы ұнады ма?

Оқушыларды бағалау.
14 — слайд. Үйге тапсырма.
130 – бет, №6, №7 есептер
Сабақтың соңы.

 

«Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *