Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,
Нығыманова Ж. Т.
Сыныбы: 3-сынып
Пәні: әдебиеттік оқу, Т. М. Әбдікәрім т.б., 3-сынып, «Атамұра» 2014
Тақырыбы: В. Сухомлинский «Қатқан нан» (1 сағат).
Мақсаты: «Қатқан нан» мәтінінің мазмұнымен таныса отырып, негізгі идеяны ұғыну.
Міндеті:-«Қатқан нан» мәтінінің мазмұнымен таныса отырып, негізгі идеяны ұғыну;
-мәтінді түсініп оқу, тұжырым жасау;
-өзін өзі реттеу дағдысын қалыптастыру,өз іс-әрекетіне баға беру.
Оқып-үйренудің нәтижесі: -мәтіннің мазмұнын таныса отырып, негізгі ойды, идеяны ұғынады;
-балалардың іс-әрекетіне мінездеме береді;
-мәтінді сыни тұрғыдан ойлай отырып, мәтінді тұсініп оқып тұжырымдайды.
Қолданылған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Шаттық шеңбер», «Өрмекші торы», «Асық», «Бір қадам артқа», «Жұптас-ойлан-бөліс», «Топтастыру», «Кері байланыс», «Балапан», «Бағалау»
Уақытыкезеңдер | Мазмұны | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек |
Кіріспе
|
«Шаттық шеңбер» (бір-біріне жақсы тілектер айту).Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу. | Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. | Жылы, достық қарым-қатынас орнайды. | Тамаша! | Күй «Көңіл толқыны», ойыншық. |
«Өрмекші торы»Мақсаты: өткен сабақты қайталау. | Өткен тақырыпты тексеру. Жіпті ұстаған әр оқушы жауап беріп, келесі оқушыға ұсынумен кезек жауап береді. Өткен тақырып қандай? Не туралы айтылады? Жаттауға не берілді? Авторы? Өлеңнің аты? Жіп қолына тиген әрқайсың бір-бір жолдан жатқа айтыңдар. | Жіп алған оқушы ой-пікірлерін ортаға салады, шағын ойталқы жүзеге асады. Өлеңнің әр жолын қолына жіп тиген оқушы ретімен айтып шығады. | Жарайсыңдар!
Үй тапсырмасы бойынша «Кім жұлдыз?». Смайликпен бағалау. |
«Өрмекші торы»
жіптер
смайлик |
|
Тұсаукесер3 минут
|
«Асықтар».Мақсаты: оқушылар бірлесе жұмыс атқару түсті асықтармен топтасу. | Қоржындағы базарлықты ұсынады. Оқушылардың орналасуын қадағалайды. | Қоржыннан қолына түскен асықтың түсіне сай екі топқа топтасады: «қызыл» және «Ақ» түстер. | Бәрекелді! | Түсті асықтар. |
Әр сабақтың ұстанымын еске салу. | Топтың алтын ережесі;Әр баланың пікірі құнды.
Ұстаздың әр сөзін зейінмен тыңда .Бірлік бар жерде,тірлік бар. Еңбек бәрін де жеңбек.Осының бәрі де біздің қолымыздан келеді. |
Жарайсыңдар! | Ұстаным. | ||
«Бір қадам артқа» (ойшақыру)Мақсаты: «диалог арқылы оқыту» әдісімен бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау. | -Жер-Ана адамдарды ерте заманнан асырап келеді. Жер адамға жемісін бермей қойса, аштық басталады. Аштықты болдырмас үшін не істер едің? | Оқушылар өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады. | Жарайсыңдар! | Сурет, оқулық 48-бет, АКТ, Электронды оқулық | |
Негізгі бөлім.15-17 мин.
|
«Жұптас-ойлан-бөліс»Мақсаты ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, мәтінді түсініп оқу талдау.
«Түртіп ал» Мақсаты: түйінді ойларды іріктеп жазып үйрену. |
1.Мәтінді оқытады және соңғы азат жолды қайталап оқытады. 2.Балалар дұрыс істеді ме, қалай ойлайсыңдар? 3. «Нан пісіру» тапсырмасын ұсынады.Үнсіз оқушының қатысуын бақылайды. Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды. ұйымдастырады | 1.Оқиды, дәптерге негізгісін жазып алады. 2.сыни тұрғыдан ойлана жауап береді.3. Аналарының нан пісіру кезеңін еске түсіре, «Нан пісіру» жобасын жобалайды: «Бауырсақ», «Нан пісіру» | Мұғалімнің қалыптастырушы (формативті) бағалауы. | Кітап, дәптермен жұмыс. АКТ, Электронды оқулық «стикер,музыка. флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы |
Сергіту сәті: «Балапан биі»Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. | Ұйымдастырып, балалармен бірге серігумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады. | Бейне түсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. | Тамаша! | Бейнеролик | |
«Кері байланыс» Мақсаты: алған білімді жинақтау. | Реттілігін анықта: (Тұқым себу, жер жырту, жер өңдеу, жайқалған егін, егін жинау) | Білемін, үйрендім, білгім келеді әдіс бойынша оқушылар өз ойларын стикерлерге түсіреді. | Өте тамаша! | Қосымша1 | |
Қорытынды. | «Бағалау парағы».Мақсаты:өзіне сыни көзбен баға беруге қалыптастыру | Анықтайды, ұсыныстарын есепке алады, ескереді. | «Бағалау парағын» толтырады.. | бағалау парағынәр оқушы толтырды | Бағалау парағы.
|
Үйге | «Нансыз өмір жоқ» тақырыбында шығарманы аяқтау, мәтінді түсініп оқу. |
Аты-жөнің, сыныбың:
Тест
1.Егіншіден нан сұраған қай кейіпкер? а) Сережа; б) қасқыр; с) комбайншы
- Қайсысы бірінші орындалады? а) пісіру; б) қамыр ашыту; с) нан илеу.
3.Дала капитаны кім? а) егінші; б) комбайншы) с) Сережаның әкесі.
- Нан табуды кәсіп еткісі келмейтін қай кейіпкер? а) Сережа; б) егінші; с) қасқыр.
5.Қайсысы үшінші орындалады? а) тұқым себу; б) жер жырту; с) жер өңдеу.
6.Қайсысы ертегі? а) «Комбайншы»; б) «Егінші мен қасқыр»; с) «Қатқан нан».
- Ғафу Қайырбеков қай туындының авторы? а) «Комбайншы»; б) «Егінші мен қасқыр»; с) «Қатқан нан».
- Қайсысы литва ертегісі? а) «Комбайншы»; б) «Егінші мен қасқыр»; с) «Қатқан нан».
- В. Сухомлинский қай туындының авторы? а) «Комбайншы»; б) «Егінші мен қасқыр»; с) «Қатқан нан».
- Нанның қиқымын жерге түсірмеуге тырысып, сақтықпен алып жеп отырған… а) қасқыр; б) балалар; с) егінші.
3-сынып, әдебиеттік оқу, В. Сухомлинский «Қатқан нан» әңгімесіне оқушылардың өзін-өзі (сыныптасын) бағалау шәкілі.
Рубрикатор | Критерий | Дескриптор балл. | Мұғалім ескертпелері | ||
жауабы | Баға | Оқушының ескертпелері | |||
А-білу,түсіну | 1.автор туралы білемін(иә, жоқ)2.мазмұнын түсіндім(иә, жоқ)
|
0,1-20, 1-2
0, 5-6 |
|||
В-қолдану, талдау | 1.үй тапсырмасын жатқа айттым (иә, жоқ)2.мұғалім сабақта топқа ұсынған «Балалар дұрыс істеді ме, қалай ойлайсыңдар? Деген сұрағына оңай жауап бердім (иә, жоқ)
|
0, 3-4
0, 5-6 0, 5-6 |
|||
С-топтау (анализ), баға (синтез) | 1.тест тапсырмасын орындадым (иә, жоқ)
|
0, 5-60, 5-6
0, 3-4, 5-6 |
Үшінші сабақ талдауы
Сабақ қалай өтті. Оқушылар «Шаттық шеңберінде» тұрып, «Өрмекші торы» стратегиясымен өткен сабақ қайталанды. Жіпті ұстаған әр оқушы жауап беріп, келесі оқушыға ұсынумен кезек жауап алынды. Өткен тақырып қандай? Не туралы айтылады? Жаттауға не берілді? Авторы? Өлеңнің аты? сұрағын жауап беріліп, жіп қолына тиген әрқайсы бір-бір жолдан тізбектеле жатқа айтты. «Ұстаным» қайталанды. Оқушылар бірлесе жұмыс атқару үшін асықтармен топтастырылды. Тұсаукесерге «Жер-Ана адамдарды ерте заманнан асырап келеді. Жер адамға жемісін бермей қойса, аштық басталады. Аштықты болдырмас үшін не істер едің?» дегенге оқушылар болжамдарын ұсынды. «Ал, Сережа мен достары қалай ойлап, әрекет етті екен, «Қатқан нан» мәтінінен білейік» қызығушылығын оятқан қадамнан соң, балалар мәтінді оқыды және соңғы азат жолды қайталап оқыды. 2. «Балалар дұрыс істеді ме, қалай ойлайсыңдар?» дегенге сыни тұрғыдан ойлана оқушылар бір-бірін толықтыра жауап берді.
Үнсіз оқушының қатысуы бақыланды. Келесі қадамда «Нан пісіру» рецепті тапсырмасына әр топ ойларын флипчартқа түсірді, қорғады. «Балапан биі» сергіту сәті ұйымдастырылып, балалармен бірге серігумен ынтымақтастық атмосферасы орнатылды. «Нан» тақырыбына әзірленген тест бойынша оқушылардан бақылау алынды. «Жұбыңды тексер, бағала» тапсырмасымен бағалау өлшемдерін негізге ала отырып, бірін-бірі бағалау іс-әрекеті орындалды. Үйге «Нансыз өмір жоқ» тақырыбына шағын шығарма берілді. Тест тапсырмасы жинақтық бағалаумен бағаланды.
Не сәтті өтті. Алғашқы сабақтардан гөрі бүгін оқушылар уақытты үнемдеді, А,В,С. оқушылар және жас ерекшелігіне сай берілген тапсырмаларда оқушылардың ынтымақтасқан іс-әрекеті қуантты. «Шаттық шеңбері», сергіту сәттері қызықты өтті. Тапсырманы орындауда Марғұлан (В) ұтқыр ойымен, құнды пікірлерімен ерекшеленді. Ақмарал (С) спикерлік қырымен танылды.
Не сәтсіз өтті. Жобалауда «Ақбидай» тобының ойлары толық ашылмады. Қорғауда да ойларын айтып жеткізе алмады.
Не дамыту керек. Күрделі тапсырмаларды орындау мүмкіндігінің болмауы, өз көзқарасын білдіруге сенімсіздік және еркін пікірлесудің жеткіліксіздігі кедергілерін жоюды.