Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,
Нығыманова Ж. Т.
Сыныбы: 3-сынып
Пәні: әдебиеттік оқу, Т. М. Әбдікәрім т.б., 3-сынып, «Атамұра» 2014
Тақырыбы: І. Жансүгіров «Малта» (1 сағат).
Мақсаты: І. Жансүгіровтің «Малта» өлеңінің идеясын түсіну, ұлтттық құндылықтарымызды бағалау.
Міндеті:— І. Жансүгіровтің «Малта» өлеңін оқып, түсінігін кеңейту;
— Өлеңді сауатты әрі мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру;
— сыни тұрғыда ойлана малтаның қалай жасалатынын, пайдасы жөнінде тұжырым жасау;
— топтық жұмысқа дағдылану.
Оқып-үйренудің нәтижесі: -«Малта» өлеңін оқу арқылы оқу техникасын дамытады;
-сыни тұрғыдан ойлау арқылы өлеңді сауатты әрі мәнерлеп оқиды;
-Малтаның жасалуын, пайдасын біледі;
-Топтық талқыға салды, ойланады;
-Өзгелерге тыңдай отырып өз білімін толықтырады, өз пікірін айтады.
Қолданылған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Шаттық шеңбер», «Нәтиже», «Шашу», «Бір қадам артқа», «Мәнерлеп оқу», «Топтастыру», «Мен саған, сен маған», «Күлкі терапиясы» , «Бағалау парағы».
Уақыты
кезеңдер |
Мазмұны | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек |
Кіріспе
|
«Шаттық шеңбер» (Сен қандайсың?).
Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу. |
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. | Жылы, достық қарым-қатынас орнайды. | Тамаша! | Күй «Көңіл толқыны», ойыншық. |
«Мен саған, сен маған» (себеттегі сұрақтар)
Мақсаты: өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары және жазылған шығарманы тексеру. |
1.Алдымен себеттегі сұрақтар бойынша жұмыс. 2.Шығарманы жинап алып, келесі сабақта нәтижесін айтатынын ескертеді. | Шығармаларын жинап береді. | Жарайсыңдар! | ||
Тұсаукесер
3 минут
|
«Шашу»
Мақсаты: оқушылар бірлесе жұмыс атқару түсті шарлармен топтасу. |
Шар таратады. Оқушылардың орналасуын қадағалайды. | Қоржыннан қолына түскен шариктердің түсіне сай екі топқа топтасады: «Көк» және «Күлгін» не өздері қойған топ аты. | Бәрекелді! | Түсті шариктер. |
Әр сабақтың ұстанымын еске салу. | Ұстаным.
|
Жарайсыңдар! | Ұстаным. | ||
«Бір қадам артқа» (суретпен жұмыс)
Мақсаты: суретпен жұмыс арқылы бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау. |
Суреттер топтамасын пайдаланып, І. Жансүгіров туралы әңгімелеп көріңдер. | Оқушылар суретке қарап өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады. | Жарайсыңдар! | Сурет, оқулық 53-бет | |
Негізгі бөлім.
15-17 мин.
|
«Мәнерлеп оқу»
Мақсаты: Өлеңді сауатты әрі мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру. |
Білу, түсіну тапсырмаларын ұсынады. | 1.Іштей оқиды. 2.Сауатты әрі мәнерлеп оқиды (сұқ саусақ стратегиясы). 3. Қытай парағындағы сөздерді анықтауда сандықшадағы сөздікпен жұмыс жасайды. 4.Бала неге қуанғанын айтады. | Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.
|
Кітап, дәптермен жұмыс. АКТ, электронды оқулық
«Қытай парағы» |
Сергіту сәті «Күлкі терапиясы» биі
Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. |
Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады. | Бейнетүсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. | Топтар бір-бірін бағалайды. | Бейнеролик | |
«Топтастыру»
Мақсаты: жаңа білімді жинақтау. |
Бала нені білгісі келді? Аналарың құртты қалай жасайды? Таратпа сұрақтары: 1.«Құрт қандай? cұрағына жауап беріңдер», 2. «Сүттен жасалатын тағамдар» | Топтастырып, жобалайды, сызады не салады, жазады, топта талқылайды. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, өз ойларын еркін, дәлелді жеткізе білуге тырысады. Қорғайды. | Кері байланыс. Жапсырма гүлдермен бір-бірін бағалайды яғни, «Бір жұлдыз» | желім, стикер,музыка. Флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы, АКТ, электронды оқулық, таратпа
|
|
Қорытынды. | «БҮБ»
Мақсаты:өзіне сыни көзбен баға беруге қалыптасу |
Анықтайды, ұсыныстарын есепке алады, ескереді. | Блум таксономиясы бойынша бағалау шәкілін толтырады. | Блум жүйесімен бағалау парағы | Бағалау парағы.
Стикер.
|
Үйге | 7-тапсырмадағы сурет пен сұрақтарды пайдаланып, «Қыс азығын жаз жина» тақырыбына өз ойын жазып келу. |
3-сынып, әдебиеттік оқу, І. Жансүгіров «Малта» өлеңіне оқушылардың өзін-өзі (сыныптасын) бағалау шәкілі.
Рубрикатор | Критерий | Дескриптор балл. | Мұғалім ескертпелері | ||
жауабы | Баға | Оқушының ескертпелері | |||
А-білу,
түсіну |
1.автор туралы білемін(иә, жоқ)
2.мазмұнын түсіндім(иә, жоқ)
4.өлең кейіпкері және ондағы оқиғалар туралы өз пікірім бар (иә, жоқ) |
0,1-2
0, 1-2 0, 3-4 0, 5-6 |
|||
В-қолдану, талдау | 1.мұғалім сабақта топқа ұсынған 1,2-сұрағына оңай жауап бердім (иә, жоқ)
3 4-сұрағына оңай жауап бердім (иә, жоқ) (иә, жоқ) |
0, 1-2
0, 3-4 0, 5-6
|
|||
С-топтау (анализ), баға (синтез) |
3.бағалауыма (смайлик, стикер, жапсырма т. б.) сыныптастарым риза болды (иә, жоқ) |
0, 5-6
0, 5-6 0, 3-4, 5-6 |
Оқушының аты-жөні:
Төртінші сабақ талдауы
Сабақ қалай өтті. Әуелі психологиялық көңіл-күйді реттеп, тұлғааралық қарым-қатынас орнату мақсатымен «Сен қандайсың?»шаттық шеңбері ұйымдастырылды. Келесі қадамда үй тапсырмасын тексеру кері байланысы — «Мен саған, сен маған» (себеттегі сұрақтар) өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары және жазылған шығарманы тексеру мақсатын көздеді. Суретпен жұмыс арқылы бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау мақсатымен «Бір қадам артқа» (суретпен жұмыс) стратегиясы орындалды.
Жаңа сабақты меңгеру «Мәнерлеп оқу» стратегиясымен: іштей оқыды; сауатты әрі мәнерлеп оқыды (сұқ саусақ стратегиясы); қытай парағындағы сөздерді анықтауда сандықшадағы сөздікпен жұмыс жасалды; бала неге қуанғанын туралы өз көзқарасын білдірді. Ойды және дене мүшелерін сергіту сергіту мақсатында «күлкі терапиясы» орындалды. Эвристикалық деңгейді игеру мақсатында Бала нені білгісі келді? Аналарың құртты қалай жасайды? Дегенге ауызша жауап қатып, таратпа сұрақтары: «Құрт қандай? cұрағына жауап беріңдер» және «Сүттен жасалатын тағамдар» тақырыбына флипчартпен жұмыста аналарының құрт тағамын жасау еңбегін еске түсірді, білімін жинақтап жобалады, қорғады. Жүрекше жапсырмамен бағаланды. Сабақ қорытындысына «БҮБ» рефлексия жасалды. Оқушылар критериалды бағалау парағын толтырды. Үйге: 7-тапсырмадағы сурет пен сұрақтарды пайдаланып, «Қыс азығын жаз жина» тақырыбына өз ойын жазып келу берілді.
Не сәтті өтті: Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру, себеттегі сұрақтар балаға жаңалық болды. Оқушылардың шығармаларында өзіндік үн аңғарылды.Ақмаралда ақындық қабілет байқалды. Бірінші топ ойларын ментальді картаға түсірді. 2-топ қорғауын ауызша жақсы қорғады.
Не сәтсіз өтті. Зияткерлік қабілеті жоғары «А» деңгейлі Л. Және Б. өз дәрежесінде көрінбеді.
Не дамыту керек. Оқушылардағы эмоциялық кедергілермен жұмыс. Күрделі тапсырмаларды орындауды, өз көзқарасын білдіруге сенімсіздік және еркін пікірлесудің жеткіліксіздігі кедергілерін жоюды.