Басы » Tәрбие сағаттары » Ерлігің ұрпақтар есінде!

Ерлігің ұрпақтар есінде!

09-05Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы

 Жумагалиева Жазира Қурмангалиевна

  «Балбөбек» балабақшасының МКҚК тәрбиешісі

 

                                  «Ерлігің  ұрпақтар есінде!»

Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке,Елін,жерін қорғауға,қастерлеп құрметтеуге баулып тәрбиелеу.Патриоттық әндерді орындату арқылы балаларды Жеңіс мерекесі туралы әңгімелерін айтып жеткізу.

Жүргізуші:  Құрметті ардагерлер,қонақтар ,ата-әжелер 9 мамыр Жеңіс  күнімен баршаңызды құттықтай  отырып,Елімізге тыныштық,деніңізге саулық тілейміз!Тарихтағы әрбір даңықты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік  сыры жетерлік.

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау,бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана  біліктің күшіне сүйенушілерден ғана болмай ,ақылы мен  қайраты,күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны -бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Біздің аталарымыз біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша  шайқасып ,бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 70 жыл толды.Құрметті ардагерлер барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтай отырып  сіздердің назарларыңызға  «Ерлігің  ұрпақтар есінде !» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз.

«Ән ұран» айтылады

Салтанатты кешіміздің құрметті қонақтарын құттықтау үшін сөз, балабақшамыздың меңгерушісі Фарида Файзрахманқызына беріледі.

Жүргізуші:  Ел қорғайтын,ер ағалар-

Ардағымыз арымыз

Ерлер тойын,ұлдар тойын,

Жеңіс тойын тойлаймыз!

Абдрахман: Күнің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еңіптті

Амандасу  үлкенге

Тәрбиенің басығой

Сәламатсыздар ма қонақтар!

Сәламатсыздар ма аталар!

Хор: «Туған жердің бөбегіміз» ортада «Айгөлек» тобының тәрбиеленушілері.       «Ақ көгершін»

Жүргізуші:  Сұм соғыс қайтып болмасын,

Бәйшешектер солмасын

Еліміз бейбіт күн кешіп,

Бір Алла өзі қолдасын

Бүлдіршіндердің сіздерге арнаған сазды сәлемдемелерін қабыл алыңыздар!

1.Алдияр ,2.Айжан.3.Ақан.4.Серік.5.Ділназ.6.Бейбарыс

 

1.Алдияр Жеңіс күні
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата — бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата — бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
Қыз болса да намыс бермей қорғады.
1941 — 1945 ші жылдары
Адамдар өз елдерін қорғады.

Ал қазір бейбіт өмір басталды.
Ел қорғау адамзат үшін басты парыз
Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.
Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз
Сондықтанда бейбіт бола аламыз.

М.Айжан                                                                                                                                                                                             Сонау жылы жер — көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз,
Жаудан елді қорғаған
Ақан
Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі,
Ұмытылмас мәңгілік.

Серік:  Асыр салған таласып,
Біз туған ел — баласы.
Қандай байтақ — Отаным,
Жан — жағына қарашы.
Дилназ
Отаным — кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған шал, алып дән,
Бәрі менім несібем.

Бейбарыс
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып — қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.

Жүргізуші: Балақаймын бүгін мен                                                                                                                        Кіп кішкентай баламын.                                                                                                              Ертең менде өскенде,                                                                                                                    Ел қорғауға барамын дей отырып «Еркем-ай» кіші  топ бүлдіршіндерін ортаға қошеметпен шақырамыз.                                                                                           Ән: «Отан» Ән: «Ел қорғауға әзірміз!»                                                                             Жүргізуші:                                                                                                                Би:Джентьлмен ұлдар «Айгөлек» тобы

Жүргізуші:

Елімізде жерімізде,
Бүгін үлкен мереке.
Болашақтың тыныштықтың,
Қорғайды жас ұландар бүгінде.

 Келесі кезекте бүлдіршіндер тақпақтары:

6 қыз: Аружан,Қарақат,Айнель,Диана,Мержан,Мейрамбек

Аружан:                                                                                                                                                                                            Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат алады.
Қарақат:                                                                                                                                     Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән көрік

жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік

Айнель:

Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.

 

Диана:                                                                                                                        Сарқылмайтын қуатым,                                                                                                     Тірегімсің сен Отан                                                                                                                Мәңгі соғып тұратын,                                                                                                                                                                                                                                                                           Жүрегімсің сен Отан

 

Мейрамбек:

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз

Мержан:

Ардагерлер,ұзақ өмір сүріңдерші

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Жүргізуші: Көз тойғысыз қазағымның жері бар

                      Ну орман,тауы,өзені,көлі бар

                      Қазағымның жерін,елін қорғайтын

                      Жас жеткіншек ,ұланы бар ,ері бар деп би «Еркем-ай» тобының бүлдіршіндерінің «Қазақ » биі.

Жүргізуші:  Ата салты ардақты,

                       Әрбір сөзі салмақты.

                       Сол сөздерді ұқпасаң,

                        Тістерсің бір күн бармақты -демекші,біздің білгенімізден білмегеніміз,үйренгенімізден үйренеріміз көп деп келесі кезекті көрініске береміз.

Жүргізуші: Жүреміз даңқты жолдармен,

Қыраңдар бірге самғаған.

Әзірге титтай болғанмен

Ертеңгі ел қорғаны — мен болам!

Ән: «Солдат болам мен ертең»

Жүргізуші: «Жеңіс» деген — жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Көркем сөз:  Жас ұрпақ тілегі

Әркімнің есінде,

Сұрапыл сол жылдар

Жетімді,жесірді,

Шарпыған сонда ызғар.

 

Күн туып ұлы елге,

Ұмытты күлкіні.

Күзетте тұрды ерлер,

Қақпастан кірпігін.

 

 

 

 

Қалды артта қан  төгіс,

Қиындық кешу де.

Бірақ та сұм соғыс,

Әркімнің есінде.

 

Отты жыл бедері,

Ескірткіш -құлпытас.

Соғыстың зардабын,

Ешкімде ұмытпас.

 

Жас ұрпақ тілегі:

Бейбіт күн асқары.

Ашық боп тұрсын де

Әлемнің аспаны!

Жүргізуші: Құрметті Мәжит ата біздің  «Айгөлек» топ бүлдіршіндерінің сізге қоятың  сұрақтары бар.

1.Мәжит ата сіздің немереңіз бар ма? Ақан

2.Ата немереңізге ертегі айтасызба?  Ұлхан

3.Сіз майданда болғанда қорыққан жоқсыз ба? Темірлан

4.Сізге көп-көп рахмет! Айнара

Жүргізуші:Хор: Тәрбиешілердің орындауында «Қариялар азайып бара жатыр»

     Хор: Бүлдіршіндер әні сөзі: Закария Сисенғали

әні: Ерлан  Сатбаев

Жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын                                                                                                                                           Аналар қабат шытпасың

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасың

бүгінге аман жеткендер – деп құрметті ардагерлерге сөз беріледі. Құрметті ардагерлер, қонақтар біздің балабақшаның бүлдіршін — деріне тілектеріңізді тыңдайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *