Қысқа мерзімді жоспар
мұғалімі: Сагимова Ж
Ана тілі
1 «ә» сыныбы |
Сабақтың тақырыбы: Құлын мінген бала | ||||||
Мақсаты | Қазақтың батыр да тапқыр, қолбастаған аталары туралы мәлімет алу. Мәтін мазмұнын түсініп, ондағы негізгі ойды анықтау. Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталау. Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, жаттығулар, тапсырмалар арқылы ой — өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту. |
||||||
Нәтижесі | Қазақтың батыр да тапқыр, қолбастаған аталары туралы мәлімет алады. Мәтін мазмұнын түсініп, ондағы негізгі ойды анықтайды. Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды. Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, жаттығулар, тапсырмалар арқылы ой — өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытады. |
||||||
Көрнекілігі | Батырлардың суреттері, оқулық, жұмыс дәптер, кеспе қағаздар, суреттер. | ||||||
түйінді идея | Б. Момышұлының өмірі, ерліктері туралы біледі. | ||||||
Сабақтың барысы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. Психологиялық дайындық.Оқушыларды топқа бөлу. | ||||||
Жаңа сабақ кезеңдері | |||||||
Уақыты | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының
іс-әрекеті |
Модуль | |||
Кіріспе | 2 мин | Амандасу,оқу-шылардың бар назарын сабаққа бағыттау, психологиялық дайындық, топқа бөлу. | Назарларын сабаққа аударады.
Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанам! Топқа бөлінеді. |
Сыни тұрғыдан ойлау.
АКТ
Диалогтік оқыту.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағала.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық. |
|||
Білу | 9 мин | Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту |
-Үйге қандай тапсырма берілді?
— Жеңіс деген сөзді қалай түсінесіңдер?
— Осындай жеңіс күніне бізді жеткізген кімдер деп ойлайсыңдар? |
— Бейбітшілік, қуаныш, тыныштық, күн, бірлік, күлкі… — Ананың, әкенің, атаның, әженің, ағаның, баланың яғни барлық халықтың тілегі. |
|||
Түсіну | 6 мин
|
1.Ой қозғау.
|
-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтпек,сендер топ болып жұмыс істейсіңдер.Ұлы Отан соғысының батыры туралы біліп, «Құлын мінген бала» мәтінімен танысасыңдар .
— Дұрыс балалар, енді дәптерлерімізге ай — күнді жазамыз. — Бәріміз тақтадағы суреттерге көз салайық. Көз алдарыңа не елестеді. көңіл күйлерің қалай өзгерді? 2 топ тапсырмасы: Әріп жайлы не білесіңдер?. 3 топ тапсырмасы: Сөйлем жайлы не білесіңдер? |
Оқушылардың жауабы. |
|||
Қолдану | 10 мин
|
Оқулықпен
жұмыс:
Топпен жұмыс.
«Кубизм» әдісі |
Кітаптың 185 бетіндегі,177-жаттығуға назар аударайық.
1–топ :Сөздерді буынға бөліп жазыңдар. 2–топ: Дауысты дыбысқа аяқталған сөздерді жазыңдар. 3-топ:Дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді жазындар.Дәптерімізді жауып партаның шетіне қояйық. 1.Қандай батырларды білесіңдер? 2.Бес қаруды атаңдар. 3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?
5.Абылай кім? 6.Қазақтың атақты үш биін атаңдар.
|
Топтық тапсырманы орындайды. |
|||
Талдау | 12 мин | Мағынаны тану | -Балалар ,Бауыржан Момышұлы туралы естігендерің бар ма?
Бейнеролик көрсету Бауыржан Момышұлы өмірімен таныстыру . 1.« Құлын мінген бала» мәнерлеп оқып беру. Сергіту сәті.
|
||||
Жинақтау | 4 мин | Сұрақ-жауап:
|
1.Бауыржан бала күнінде құлынын қалай бақты?
2.Ол құрбыларына не деп мақтанды? 3.Бауыржан ата соғыста жүргенде қандай ат мінді? 4.Бауыржан Момышұлы неліктен батыр атанды? 5.Отанымызды қорғаған батырлардан кімдерді білесіңдер? 6.Туған елді,жерді не үшін қорғау керек?
|
Сұрақтарға жауап береді. | |||
Бағалау | 2 мин | Бағалау
Үй тапсырмасын беру. |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Құлын мінген бала мазмұнын айту. |
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. |