Басы » Cыныптан тыс » Мамандығым — мақтанышыбет 112

Мамандығым — мақтанышы

                                                                      m  Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

                                                                        №1 жалпы білім беретін орта мектебі

                                                             Технология, бейнелеу өнері, сызу пәнінің мұғалімі  

                                                                     Абдрахманова Алмагүл Хамаридденқызы

         Оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт- бағдар беру

                                                   9-сынып

(ашық сабақ)

Сабақтың  тақырыбы : «Мамандығым  — мақтанышым»

Сабақтың  мақсаты: Өткен сабақты  қайталау арқылы, оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және сабақты сайыс түрінде  өткізу.

  1. Білімділігі: Өткен сабақты  қайталау  арқылы  оқушыларға  мамандық

түрлерімен  таныстыру.

  1. Дамытушылығы: Сайыс  сабақ  болғандықтан оқушыларға бірнеше  сұрақтар  қою  арқылы, мамандыққа  баулу және  өнерге  қабілеттерін  дамыту, сөздік  қорларын  молайту.
  2. Тәрбиелігі: Болашақ маман  иелерін  дұрыс  таңдай  білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: 3 бөлімнен  тұрады.

1 бөлім. Қайталау  сабағы.

2 бөлім  Сайыс  сабағы

3 бөлім  Қорытынды  сабақ.

Пәнаралық  байланыс: Математика, тарих,  бейнелеу өнері, биология.

Сабақтың  құрал-жабдығы: Интерактивті  тақта, қима  қағаздар.

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ –жауап, сайыс  өткізу, слайд көрсету

Сабақтың  барысы:1 Ұйымдастыру  кезеңі. Сәлемдесу, Оқушыларды  белгілеу,  зейін,  ынтасын  сабаққа  аудару, Сабақтың  тақырыбын,  мақсатын  айту.

                                                1— Слайд

Сабақтың  бірінші  бөлімі

  1. 2. Өткен сабақты қайталау. Бүгінгі  сабақтың  мақсатына  жету  үшін өткен  сабақты  еске  түсірейік,  ол  үшін  оқушы  ойларын  дамытуда, есте  сақтау  қабілеттерін оятуда  бірнеше  сұрақтар  қою.

                                           2- Слайд

                                                Сұрақ түрлері

1.Мектеп  бітірген  соң  қандай  мамандықты  таңду  керек?

2.Мамандықты  қателеспей  қалай  таңдау  керек?

  1. Неліктен мамандықты таңдауға өте жауапкершілікпен қарау керек?
  2. Кәсіби маман дегенді қалай  түсінесін? — деген  сұрақтарды  қоя  отырып,  сабақты  жалғастыру.

Әлемде  мыңдаған  мамандық  түрлері  бар.  Осы    мамандық түрлерін

қалай  таңдап, қалай  білу  керек  деген  сұрақтар кім-кімді  болмасын  мазалайды. Оған мына бір  мысалды  келтіруге болады. Мысалы,  сен  туғаннан  бойында суретті  жақсы  салатын  қабілетін  бар. Осы  қабілетіңмен  сен  өскенше,  мектепті  бітіргенше  айналысасын.  Мектепті  бітірген  соң, осы  суретшілік  өнеріңді  жалғастырып, бір  орында  қозғалмайтын  мекемеде  жұмыс  жасағын  келеді  делік,  бірақ сен  ол үшін қай  оқуға  түсіп, оны  бітірген  соң  қай    мекемелерде  сурет  салумен  айналысатын  кәсіп  бар  екенің  білмейсін.  Сондықтан  не  істеу  керек ?- деген  сұрақтар  туындайды.  Ол  үшін, мына төмендегі  пирамида  тәрізді сызылған, бес  сатыдан  тұратын мамандық  саралаудың  сызбасына көңіл  аударайық. Сызба  бес  сатыдан  тұрады, неге бесіншісі  бос  тұр  деп  те  сұрақтар  қойылуы  мүмкін. Ол  бесінші  сатыға  жету  үшін,  алдыңдағы  сатыларға  сараптама  беру  керек. Ол  сараптамалар  төмендегі сызбаларда  көрсетілген.

 

Сабақты толық жүкте

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *