Басы » Бастауыш сыныптар » Малсақ бала Ө.Тұрманжанов

Малсақ бала Ө.Тұрманжанов

Тақырыбы: Малсақ бала    Ө.Тұрманжанов

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың ақын Өтебай Тұрманжанов туралы түсініктерін кеңейту, «малсақ» сөзінің мағынасын ашып, түсініп оқуларына жағдай туғызу:

Дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге,өз ойларын іріктеп айтып,дәлелдеп сөйлеуге үйрету,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Тәрбиелік:Қазақтың ұлттық кәсібі төрт түліктің күтімін,олардың атауларын білуге дағдыландыру,еңбексүйгіштікке,төрт түлік малды қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгіме,топтастыру,халықтық педагогика,СТО стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі:Ө.Тұрманжановтың портреті, слайдтар

Пәнаралық байланыс:Дүниетану,орыс тілі,ағылшын тілі

Жаңа технология: СТО стратегиясы

Күтілетін болжам:Оқушылар ақын Өтебай Тұрманжанов туралы қосымша түсінік алады, «Малсақ бала» өлеңін меңгереді, «малсақ» сөзінің мағынасын түсінеді.

                                                     Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Журналмен жұмыс.

Психологиялық  дайындық:

          Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

          Білімнің шыңына біз шарықтаймыз

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Ғ.Мүсіреповтың  «Көлде» мәтіні

а)Автор туралы түсінік айту

ә)Мәтінді мазмұндау

б)«Су құстары» туралы жазып келгендерін айту

Қорыту.

-Аққу қандай құс?

-Қазақстандағы қандай көлдерді білесіңдер?

III.Жаңа сабақ:

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Қызығушылықты ояту.

     Кішкене ғана бойы бар,

    Айналдырып киген тоны бар.  (Қой)

-Біз бүгін Өтебай Тұрманжановтың «Малсақ бала» деген әңгімесімен танысамыз.

Оқушыларды топқа бөлу. «Ойсылқара» ,  «Зеңгібаба» ,  «Қамбарата».

Малсақ, малқор, малжанды — малды бағып-қағуға жан-тәнімен берілген, малқұмар адам.

Автор туралы мәлімет беру:

    Өтебай Тұрманжанов15 желтоқсанда 1905жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында туған. 1978жылы  Алматы қаласында қайтыс болды. Ақын, жазушы

Өтебай Тұрманжанов -15 желтоқсанда 1905жылы ОңтүстікҚазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында туған. 1978жылы  Алматы қаласында қайтыс болды.Жазушы. Ташкентте № 4 жетім балалар үйінде тәрбиеленген.

    Мәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген (1927). Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шыққан “Ақ жол” газетінде 1920 жылы жарияланған. “Таңөлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925). 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан кедей”). Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.Тұрманжановтың бірнеше кітабы орыс тілінде жарияланды.Ш.Сарыбаевпен бірге “Әліппені” (1931), С.Сейфуллинмен бірлесіп 5-сыныпқа арналған әдебиет оқулығын (1933) жазды,әдебиет хрестоматиясы(1934) авторларының бірі болды.Тұрманжанов қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен де шұғылданып,“Қазақтың мақал-мәтелдерін”, “Балаларға арналған нақыл сөздерді“ құрастырып шығарған.Еңбек Қызыл Ту орденімен,бірнеше медальдармен марапатталған.

    Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған.Ол 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.Тұрманжанов қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен де шұғылданып,“Қазақтың мақал-мәтелдерін”, “Балаларға арналған нақыл сөздерді“ құрастырып шығарған.Еңбек Қызыл

Ту орденімен,бірнеше медальдармен марапатталған.

   Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқу, түсінік жұмысын жүргізу, рөлге бөліп оқыту, жүгіртіп оқу.

   Сұрақ-жауап.

-Атасы немересіне не тапсырды?

-Ол туралы өлеңнің қай шумақтарында айтылған?

-Өлеңде иттің пайдасы туралы не айтылған?

-Мал шаруашылығына байланысты өзің қандай еңбектер атқарасың?

-Тұрған жеріңде қойдың жүнін сатумен айналысатын мекеме саны екеу еді.Біреуі жүннің бағасын екі есе өсіріп жіберді.Осы жағдайда қарсылас мекеме қандай шаралар жүргізуі мүмкін?Өз ойыңды жүйелеп айт.

-Баланың атасына берген жауабына қарап мінездеме беріп көр.

-Бақташының еңбегі туралы әңгімеле.

Дәптермен жұмыс.

    Малсақ, малқор, малжанды — малды бағып-қағуға жан-тәнімен берілген, малқұмар.

Сергіту сәті.

«Қошақаным» әнін айту.

Суретпен жұмыс.

-Суретке зер сал.Осы сурет өлеңнің мазмұнын аша ма?Сен қандай сурет салар едің?

Теориялық мәлімет:

     Төрт түліктің бізге пайдасы өте көп.Сондықтан да амандасқанда, сұрасқанда ең әуелі малды, сосын жанды сұрайды. «Мал-жан аман ба?» дегендей.

    Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай білген.Мәселен,өрісте жүрген қойдың жүнін уыстап көреді.Егер қой жүні құрғақ болса,онда күн ашық болады.Егер жүн дымқылданып,суланып тұрса,онда көп кешікпей жаңбыр жауады.Тілімізде жүнге байланысты жүн балақ(әлжуаз,әлсіз,ынжық),жүні үрпию(мұздау,тоңу),жүн-жыбыр(ұсақ-түйек) сияқты тұрақты сөз тіркестері, жүндей жұмсақ тәрізді теңеу,«Жүйкесі – жүн,жігері – құм» , «Күндіз қойын күтерсің,кешке жүнін түтерсің» секілді мақал-мәтелдер қалыптасқан.

     «Әз жүру» — халық  даналығы.Халық санатында наурыздың 20 – 22-сі аралығында «әз кіреді»деген ұғым бар.Ол әуеде болар-болмас діріл мен гүрсілдің пайда болуы арқылы білінеді.Әздің жүруімен табиғатқа жан бітеді.Әздің жүргенін тек өрісте жүрген қойлар ғана сезеді.Олар жайылғанын қойып,көкке қарап жамырай маңырап қоя береді.Шопан оны көріп мәз болады.«Әз болмай,мәз болмайды» деген мақал содан қалған.Ғалымдар оны ғылыми тілде «циклон»жылы ағыс дейді.

Ой қозғау:

-Қой туралы не білеміз?

          Қой – аша тұяқты,төрт түлік,момын әрі жуас,қуысмүйізді,сүтқоректі,күйіс қайырады,тез көбейеді…т.б.

-Қойдың қандай пайдасы бар?

          Терісі,сүті,еті,жүні,майы…т.б.

Полиглот:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте – деп ақын Қадыр Мырза Әли атамыз жырлағандай, балалар, енді осы өлеңде кездескен сөздерді үш тілде айтып көрейік(қазақ тілі ,ағылшын тілі, орыс тілдерінде).

Iтопорыс тілінде

Бала – мальчик

Ата – дедушка

Қой – баран

Қозы – ягненок

Қасқыр – волк

II топағылшын тілінде

Бала – son (сан)

Ата – grandfather (грандфазе)

Алғыс айт – say thank you (сей сенк ю)

Үйге қайт – go back home (гоу бәк хоум)

Жақсы бала – clever boy (клэбе бой)

IIIтопқазақ тілінде

Смеялся – күлді

Вечером – кешке

Пыль – шаң,тозаң

Сам пасет — өзі бағады

Бақташы – пастух  

IV.Сабақты бекіту:

 «Мың бір мақал» ойыны.

Қой туралы мақалдарды аяқтау.

1.Қойдың сүті – қорғасын,

…қойды ұрған оңбасын.

2.Мал өсірсең қой өсір,

…өнімі оның көл-көсір

3.Малды бақсаң,қойды бақ,

…май кетпейді шарадан.

4.Қой егіз тапса,

…шөптің басы айыр шығады.

5.Семіздікті …қой ғана көтереді.

6.Қой үріккен жағына …беттемейді.

7.Құтты қонақ келсе,

…қой егіз табады.

V.Сабақты қорыту:

-Балалар, сабақ  ұнады ма?Несімен ұнады?

-Өтебай Тұрманжанов кім?
Қандай шығармасымен таныстық?
«Малсақ» сөзі нені білдіреді?

Қойды қалай шақырады?
Қойдың төлін ата.
Қойдың пайдасын айт.
Қойдың пірін ата.

              Түйе – байлық .

              Қой – мырзалық .

              Жылқы – сәндік .

              Сиыр – ақтық .

VI.Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқу.Қой-ешкі атауларын жазып келу.Суретін салу.Сұрақтарға жауап беру.

VII.Бағалау:Оқушы білімін бағалау, мадақтау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *