Гульмира Ахметсапарқызы АУШАХМАНОВА
Малайсары орта мектебі.
Павлодар облысы, Май ауданы,
Малайсары ауылы.
Мақсаты:
Оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Еңбекке баулу пәні бойынша алған білім-дерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қа-лыптастыру, жан жақты дамыған азамат тәрбиелеу,
Құрал-жабдықтар: мата, ине, жіп, қай-шы, тарақ, айна, желім, түрлі- түсті қағаз.
Жүргізуші. Құрметті қонақтар, ұстаз-дар, оқушылар сіздер технология пәні бо-йынша өткізгелі отырған «Өнерлінің қолы алтын» атты сайысты бастауға рұқсат еті-ңіздер.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жарасама?
Туыс, дос, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос, соға берме,
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме,
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр, ортаға сайыскерле-рімізді шақырамыз. Алдарыңызда
Жұлдыз тобы Арман тобы
Білімі мен өнеріне баға беретін әділ -қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.Жаксымбетова Сания Манатовна – директордың оқу – тәрбие жөніндегі орын-басары.
2. Аубакирова А.Т. – технология пәнінің мұғалімі.
Жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәт-тілік тілейміз, біздің күнделікті іс –әрекет-теріміз білімге, оқуға, үйренуге бағыттал-ған, бірақ менің ойымша, бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық, тапқырлық та өте қажет. Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
І кезең. «Мағынасын ашып айт».
Мақал-мәтелді оқып, мағынасын ашып түсіндір.
1-сынып: «Еңбек түбі-зейнет». Еңбек әр-бір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке-шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2,3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2-сынып: «Жақсы жұмыс-жанға ты-ныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасы-мен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3-сынып: «Еңбексіз өмір- сөнген көмір». Көмір отын екенін бәріміз де білеміз. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болмайды. Сол сияұты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4-сынып: «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтпаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар ты-нымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзін-де аттары әйгілі болмақ.
Әділ- қазылардың бағалары.
Жүргізуші:ІІ бөлім: ЖАРНАМА. Екінші бөлімнің шарты: алда-рыңызда турған сандықтың ішінен бір зат алып соған жарнама жасау қажет. Жақсы жарнамаға 5 ұпай беріледі. Сонымен «ЖАРНАМА» бөлімін бастайық. /сандық, етік, құрт, нан/
Міне көзді ашып жұмғанша екінші бөлімімізде аяқталды. Осы бірінші және екінші бөліміміздің жалпы ұпай санын ай-туға әділ -қазыларға сөз берейік.
ІІІ кезең. «ЖОРҒА». Сайыскерлерімізді көп тостырмай «ЖОРҒА» сайысын баста-йық. Бұл сайыс ең шешуші кезең болып та-былады, сондықтан да мұқият болуға ты-рысыңдар. Жорға жарысының шарты; бір минут аралығында 15 сурақ оқуға тырыса-мын, дұрыс жауабын білмесеңіз келесі деп жалғастырасыз. Әр бір дұрыс жауап 1 ұпайға ие болады.
Арман тобынан топ басшысын ша-қырамыз. Ал жорға жарысымызды баста-йық.
1-топ.1.Композиция деген не? /Өрнектің үйлесімділігі/
2.Симметрия дегеніміз не? /Өрнектің екі жағының бірдей болуы/
3.Құрастыру дегеніміз не? /Бөлшектерді біріктіріп бір зат жасау/
4.Қайшының құрылысы? /Сабы, ұшы/
5.Белден кететін бұйымды ата. /белдемше/
2-топ.1. Гобеленнің кілемнен айырмашы-лығы? /Гобелен- суретті кілем/
2.Аппликация дегеніміз не? /әр түрлі материалдармен әртүрлі бейнелерді суреттеп жапсырмалау/
3.Қазақ қыздарының бас киімі? /тақия, бөрік/
4.Егде жастағы әйелдің бас киімі? /кимешек/
5. Ұлттық өрнек? /ою/
3-топ.1.Қыздардың әшекейлері? /білезік, сырға, сақина, шолпы/
2.Қазақтың жеңі жоқ жеңіл киімі? /камзол/
3.Қалыңдықтың бас киімі? / сәукеле/
4.Көне сыртқы киім? /шапан/
5.Аспан әлеміне қатысты ою? /жұлдыз/
4-топ. 1.Колорит деген не? /Түстер үйлесімділігі/
2.Икебано қандай өнер? /Кепкен өсімдіктерінен жасалатын гүлшоғы/
3. Оригами дегеніміз не? /Қағаздан бүктеу әдісімен жасалатын бұйым/
4. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (Етік, мәсі, саптама)
5. Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа )
Жүргізуші: -Балалар, еңбектің пайдасы де-генді қалай түсінгесіңдер?
Еңбектің пайдасы-тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сү-руге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Иә, бала-лар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат-мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек –қуаныш, жалқаулық –айыр-мас азап, деген екен Абай атамыз. Еңбек-тің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың «Қвйдан келдің бауырсақ?» өлеңін көре аламыз.
ІҮ кезең. «Ойлы болсаң, озып көр». Мақал-мәтелдің жалғасын табу.
Еңбек-бәрін жеңбек.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбек етпеген ішіп-жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпе-сең жерге өкпелеме.
Ерінбеген етікші болады.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шат-тан.
Ү. Шебердің саусағы алтын.
Өнерлінің қолы алтын.
Келесі сайысымыз «Үлгімен көрсете біл!» /Оригами, аппликация т.б./
Жүргізуші: Осымен жорға жарысы да біт-ті, екі сайыскеріміздің жалпы жинаған ұпай санын білу үшін әділ қазыларға сөз берейік.
Жүргізуші: Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасында оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.
Құрметті көрермендер, қатысушы-лар енді жалпы ұпай санын есептеп жарыс-та жеңген жеңімпаз топты марапаттау үшін әділ- қазыларға сөз берейік.