Жаңақала аудандық №3 «Бөбек» балабақшасы
Бисекешова Болсын Рамазанқызы
Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: «Көркем әдебиет» «Сурет салу»
Тақырыбы: « Аспан денелері»
Мақсаты:
Білімділік: Аспан денелері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Аспан әлемін тануға деген қызығышылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Тапсырмаларды ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, аспан денелерінің суреттері
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап
Блингвалды компанент: аспан – небо, зымыран – ракета, күн – солнце, ай-луна ,жұлдыз-звезда.
Іс – әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс — әрекеті | Балалардың іс — әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балаларды орындықтарға орналастыру.
Армысың ардақты Аспан ата! Армысың қайырымды Жер ана! Армысың мейіріміді Алтын күн! Күліп шықты бүгін күн. Қайырлы таң, Қайырлы таң, Сәлеметсіздер ме, апайлар! |
Балалар шаттық шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қимылмен орындайды. |
Іздену — ұйымдастырушы | Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі ?
Жаз мезгілінде неше ай бар? Кім айтып берер екен жаздың үш айын қалай атаймыз? Қазір жаздың нешінші айы? Дұрыс Жаз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Ғажайып сәт. Балалардың назарын тақтаға аударып кім екенін сұрау.
Аспанды
Планетада өмір сүруге бола ма? Ол жақта ауа бар ма? Адам баласы қайда өмір сүреді? Балалар күн жүйесінде неше планета бар? Олар қалай аталады?
Карточка арқылы орталықа бөліну. І орталық. Шығармашылық, Сурет салу. Қылқаламмен зымыранның айдың,жұлдыздың суреттерін салу. ІІ орталық. Әлеуметтік орта. «Ұшқыш боламын» өлеңін жаттау. |
Жаз мезгілі
3 айы бар маусым, шілде, тамыз.
Бірінші айы Маусым
Күн ыстық болады,гүлдер өседі
Зымыран Ғарышкерлер Юрий Гагарин. Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсааев. Ғаламшарды.
Жоқ Жоқ Жерде
9 планета бар Марс, Жер, Юпитер, сатурн, Шолпан, Плутон, Меркурий, Уран, Нептун.
Балалар өз қалаулары бойынша орталықтарға бөлінеді
«Ұшқыш боламын» Көкке ұшамын, ұшқыр болар баламын. Соңына ерем, ер ғарышкер ағаның. Батыр болам көк аспанды сүйемін. Жұлдыздарға барып келіп жүремін.
Сергіту сәті. Айда біреу аспанда, Күнде біреу аспанда. Тұра тұғын елжіреп, Бәрімізде бір жүрек. |
Рефлексивті коррекциялаушы | Ойын: «Кім жылдам зымыранға жетеді?»
Барысы: Нүкте арқылы сандарды қосып ғарышкер зымыранға жетеді. Енді балалар қос тілдікті айтайық Балалар ғарышқа кім ұшады? Немен ұшады? Нені зерттейді? Әлеуметтік ортада қандай тақпақ жаттадық?
Шығармашылық орталықта не істедік?
Кім айтып берер екен?
Балалар мен сендеге риза болдым бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықтыАшық оқу іс-әрекеті аяқталды. |
Ойынға қызыушылықпен белсене қатысады
Ғарышкер ұшады. Зымыранмен ұшады. Аспан күн жүйесінің планетасын зерттейді. Ұшқыш туралы тақпақ жаттадық. Жұлдызбен айдың және зымыранның суретін салдық Рахман. Көкке ұшамын, ұшқыр болар баламын. Соңына ерем, ер ғарышкер ағаның. Батыр болам көк аспанды сүйемін. Жұлдыздарға барып келіп жүремін.
Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы. Сау саламат болайық. |
Оқу іс – әрекетінен күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Аспан денелері туралы біледі.
Бала игеру керек: Ғарышқа ұшатын адам. Аспан денесі. Ең алғашқы қазақ ғарышкері.
Бала жасай алуы: Барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындай біледі.