«Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Информатика пәнінің мұғалімі
Нургалиева А.Т.
Сабақтың тақырыбы:«Paint графикалық редакторымен танысу»
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі — оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық
ақпаратты жасау туралы түсінік беру.
ә)дамытушылығы-оқушылардың графикалық редакторымен
жұмыс істеу кезіндегі практикалық
біліктерімен дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың информатика пәніне деген
қызығушылықтарын арттыра отырып, ақпараттық
мәдениеттіліктерін, ойлау қабілеттерін, компьютермен
дұрыс жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту;
б)тәрбиелігі- Оқушыларды ізденпаздыққа, ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сілтеме: сөздіктер қолдану, тест жұмыстарын қолдану, таратпа қағаздар, күнтізбелік жоспарға сәйкес
Сабақтың өту әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, тест жұмыстарын алу,
тәжірибелік жұмыстарды жасау
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, таратпа
қағаздар
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақта қолданылатын технология: деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологиясы
Жаңа ұғымдар:
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығына мән беру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Алғашқы есептеу құрылғысын атаңыз? (саусақ).
- Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады? (интерфейс).
- Монитор мен көздің арақашықтығы қандай болу керек? (60-70).
- Принтер түрлерін атаңыз? (лазерлік, сия бүркіштік, матрицалық).
- Компьютердің негізгі құралдарын атаңыз? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).
- Есептер панеліндегі пуск батырмасын басқанда не шығады? (бас меню)
- Компьютер құралдары нешеге бөлінеді? (2)
- Ең бірінші программа құрған оқымысты (Ада Лавлейс)
- Ақпараттың ең кіші бірлігін атаңыз? (бит)
- txt. Қандай файл? (блокнот)
- Компьютердің атасы кім? (Ч.Бэбидж)
- Ең алғашқы ЭЕМ қай жерде, қай жылы жасалды? (1946 ж. АҚШ-та)
- Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? (Информатика)
- Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы? (Билл Гейтс)
- Өздігінен жұғуға және көбеюге қабілетті, көлемі шағын бағдарламалар? (компьютерлік вирус)
- 1 байтта неше бит бар? (8 бит)
- Әріптер мен сандарды енгізетін құрылғы? (пернетақта)
- Компакт дискіні оқитын құрылғы? (дискжетек)
- Windows деген нені білдіреді? (терезе)
- Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? (декодтау)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Сұрақтарға жауап беру.
- Презентация жасау үшін басқа да мамандандырылған қосымшаларды қолдануға болады,ол кандай бағдарламалар? Adobe Photoshop
2) Презентация дайындау үшiн колданылатын программа? Power Point
3) Слайд дегенiмiз не? көзге корiнетiн күрделi объект оның құрамына мәтiн, кестелер,
графикалык кескiндер, схема,бейнеклип,дыбыс үзiндiлерi мен
гиперсiлтемелер кiредi
4) Слайдтарды бейнелеудiн негiзгi режимдерi. файл, правка, вид, вставка
5) Бос орын қалтыру пернесі. Пробел
6) Өшірілген файлдар қай папкада сақталады? корзина
7) Бас әріпті шығару үшін сол әріппен бірге қандай пернені басу керек? Shift
- Жаңа сабақты түсіндіру : Paint графикалық редакторымен танысу.
ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы операциялық жүйесі болып табылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
Paint бұл:
- Құрал – саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
- суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
- суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
- Бар графикалық объектілерді түзетуге;
- Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.
Paint графиктік редакторы іске қосу:
Пуск – Программы – Стандартные – Графический редактор Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.
СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және ол мынадай құрал-саймандары бар.
—суреттің ерікті аймағын белгілеу.
—суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу
—суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш
—тұйық контурды құю
—суреттен түс таңдау
—экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб
—жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш
—ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть
—түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш
—мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу
—түзу сызықтарды салуға арналған сызық
—қисық сызықтарды салуға арналған қисық
—тікбұрыш көпбұрыш және эллипс- қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құал-саймандар фигура дұрыс салынуы үшін мауысты жылжытқанда шифт нернесін басып ұстау керек
—салынған кескінді болдырмау үшін пернесін басу керек
ПАЛИТРА
Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады оң жақ батырмамен-фонның ал сол жақ батырмамен не
гізгі түсті дайындаймыз тікбұрыш көпбұрыш және эллипс таңдалған режімге байланысты фон түсімен боялуы мүмкін палитраны өзгерту үшін оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек
СУРЕТ САЛУ ТӘСІЛДЕРІ
маустың сол жақ батырмасын басу арқылы ққрал таңдаймыз егер қажет болса сызықтар қалыңдығын оның конфигурациясын немесе қажет режімді мысалы эллипсты таңдаймыз маустың сол жақ батырмасын басып отырып сурет саламыз мәтінді енгізгенде алдымен жазу қаріп оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз
МЕНЮ
Меню алты пункттен тұрады оларды маустың батырмасын басу арқылы таңдауға болады менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады
Түзу сызық сызу
Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді.Түзу сызық сызу үшін:
1.Линия батырмасын шертеміз
2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.
3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.
4.Мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апараиыз.
5.Маустың батырмасын жібереміз
Төртбұрыштар мен квадраттар салу
Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.
1.Прямоугольник батырмасын шертеміз.
2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау,2-жақтау,3-тек толтыру.
3.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар
4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
- Маус батырмасын шертіңдер.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.
Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:
- Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.
- Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.
- маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.
- Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
- маус батырмасын жіберіңдер.
Эллипс және шеңбер салу
Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:
- Эллипс батырмасын шертіңдер.
- Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.
- маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.
- маус батырмасын шертіңдер.
Қисық сызықтарды салу:
1.Кривая құралының батырмасын шертеміз
2.Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз
3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз
4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он жаққа апарамыз
5.Осы әрекеттерді ек інші віліс үшін де қайталаймыз
Көпбұрыштар салу:
1.Многоулник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз
2.Көпбұрыштың типін таңдаймыз
3.Бірінші сызықты саламыз
4.Екінші сызықты саламыз және т.с.с.
Құю (Заливка) құралын пайдалану:
1.Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз
2.Түстер палитрасының түс таңдаймыз
3.Бояғымыз келетін тұйық контурдын ішін мауспен шертеміз
Бүріккіш құралын пайдалану:
1.Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.
2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.
3.Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыыыыз.
4.Бояуды бүркеміз.
Қылқаламмен сурет салу:
1.Кисть құралының батырмасын шертеміз.
2.Кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.
3.Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.
4.Маус ннұссқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.
5.Маустың сол батырмасын басып тұрып,кистьті жылжытамыз.
6.Маус батырмасынжібереміз.
Өшіргіш құралын пайдалану:
1.Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.
2.Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.
3.Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.
4.Батырманы жібереміз.
- Тәжірибелік жұмыстарды орындау
- Тік сызықтарды, шаршыларды, тіктөрбұрыштарды, эллипс, шеңбер салу
- Үйдің суретін салу
- Сергіту сәті: Интерактивті тақтадан қарап көз жаттығуларын жасау. Жұмбақтарға жауап беру.
- Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады. СКАНЕР
- Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді. МОНИТОР
- Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті. ПЕРНЕТАҚТА
- Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. ПРОЦЕССОР
Оқушылар топпен отырып ребустың шешімін табады.
VII. Жаңа сабақты бекіту:
Тест жұмысын ActiVote құралының көмегімен орындайды.
- «Paint» графикалық редакторы не үшін қажет?
А) жазу үшін;
В) сурет салу үшін;
С) есеп шығару үшін.
- «Paint» графикалық редакторының терезесінің элеметтерін атаңдар.
А) тақырып жолы, жұмыс алаңы, мәзір қатары, құралдар, бояу тақтайшасы;
В) тақырып жолы, жұмыс алаңы, құралдар, бояу тақтайшасы;
С) тақырып жолы, жұмыс алаңы
3.Paint – та бір уақытта неше түспен сурет салуға болады?
а) 1 б) 3 с) 2 д) 4
- Жасыру, үлкейту- кішірейту, жабу батырмалары терезенің қандай жолында орналасқан?
а) Тақырып жолы; с) Жұмыс алаңы;
б) Меню жолы; д) Қалып – күй қатары;
- Құралдар панеліне қандай команда арқылы барамыз?
а) Түр с) Файл
б) Түзету д) Қою
- Палитра не үшін қолданылады?
а) Графикалық редактор терезесінде салынған суретті негізгі және
фондық түске бояу үшін,
б) Салынған суретті тек негізгі түспен бояу үшін,
с) Салынған суреттерді тек фондық түспен бояу үшін,
д) Осы қатарда көрінбей тұрған түстерді дайындау үшін,
- Жұмыс алабы қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?
а) Дюйм, сантиметр, нүкте с) Дюйм, нүкте
б) Сантиметр, нүкте д) Сантиметр
Дұрыс жауабы: В,А,С,А,А,А,С
VIII.Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктер. Іске
қосу. Құрал саймандар тақтасы. Сурет салу
кезеңдері.
І деңгей. Палитрада қандай түстер бар? Қандай құралдар бар?
ІІ деңгей. Палитра түстерінің аттарын үш тілде жазып келу.
ІІІ деңгей. Графикалық редактор туралы кроссворд құру.
IX.Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Х. Оқушыларды бағалау.