Батыс Қазақстан облысы
Ақсай қаласы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Уразгалиева Аиганым Кумашевна
Тақырыбы: Серт . К.Елемес
Мақсаты:
1.Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, автор туралы мағлұмат бере отырып , мәтін жайлы әңгімелей отырып, жаман әдеттерден аулақ болу керектігіне жол ашу.
2.Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын ,топта жүргізе білу қабілеттерінін дамуына ықпал ету.
3.Салауатты өмір салтын ұстануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
Мәтіннің мазмұнын аша отырып, негізгі ойды ұғына біледі.Жаман әдеттерден сақтануды, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын бағалайды.
Сабақтың көрнекілігі: «Әдебиеттік оқу» оқулығының хрестоматиясы, маркер, флипчарт, ,автордың портреті, темекінің зияны туралы видеоролик т.б
Сабақтың әдістері: СТО технологиясының стратегиялары, топтық жұмыс, «шынжыр» ойыны, «кубизм» әдісі
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, орыс тілі, экономика
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу. Топ басшыларын сайлау.
1- топ- «Сенат депутаттары»
2- топ- «Дәрігерлер»
3- топ- «Жарнамашылар»
4- топ- «Экономистер»
Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ шешу
Сұрақтары:
- Арифметикалық амал
- Алғаш «Қазақ әліпбиін» жазған адам
- Ақпараттық құрал
- Қосу амалына қарама-қарсы амал
Сөзжұмбақты шешкеннен кейін «Серт» сөзі шығады.
серт |
Ассоциация
Серт
2.Мағынаны тану
Автор туралы мағлұмат беру
Құл-Керім Елемес — 1963 жылы 5 қарашада ҚХР-дағы Шыңжаң өлкесі, Бұратала Моңғұл облысы, Жың ауданына қарасты Қызылүй деген жерде туған. Мектеп бітірген соң, екі жыл ұстаз, 1986—1991жылдары Іле Қазақ автономиялы облысының «Іле» газетінде бөлім редакторы, 1991 — 1993 жылдары Шыңжаң халық радиостанциясында әдеби қызметкер болған. 1994 жылы атамекені Қазақстанға қоныс аударған. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ елі» газеттерінде тілші, «Жалын» баспасында аға редактор болып жұмыс істеген. Қазір республикалық «Балдырған» журналында бөлім редакторы.
Шығармашылығы:
«Ақ жалын» атты тұңғыш жыр жинағы 1988 жылы Шыңжаңда, «Жұлдызды түн» кітабы Алматыдағы «Қүсжолы» баспасынан, «Жетінші аспан» жыр кітабы Астанадағы «Елорда» баспасынан жарық көрді. Сондай-ақ Д.Мәсімханұлымен бірге Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабын аударған.
Жетістіктері:
Алматыда өткен «Дүниежүзі қазақтары жыр мүшәйрасының» екі дүркін жүлдегері.
Мәтін топтарда оқылып , өзара пікір алмасып талданады.
Оқыған бөліктерге ат қойылады.
Мәтіннің жоспары жасалынады.
Мәтіндегі негізгі ой ———-
Темекінің зияны туралы видеоролик көрсетіледі.
Әр топтарға тапсырма:
Сенат депутаттары –темекіні саттырмау үшін заң ойлап табу
Дәрігерлер — темекінің зияны туралы медициналық кітапша шығару
Жарнамашылар — темекінің зияны туралы жарнама шығару
Экономистер — темекінің отбасылық бюджетке әкелетін шығынын шығару.
- Ойтолғау
«Шынжыр» ойыны арқылы сабақты бекіту
Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұндап айту
Қорытындылау , бағалау