«Ер Төстік» балабақшасы
Тәрбиеші: Жанғожина Ш.
Білім беру саласы: Таным,Қатынас,Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Математика,Көркем әдебиет,Жапсыру.
Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»
Мақсаты: Балалардың сандар,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту,үлкен-кішші,ұзын-қысқа ұғымын ажырата білу.Саяхат арқылы қиялдарын шыңдау,логикалық ойлау қабілетін дамыту,тіл байлықтарын дамыту.
Кқрнекіліктер:Зымырн,ғаламшарлар,жұлдызша,глобус.
Әдіс-тәсіл:Айтып-түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбер. Армысың қасиетті Аспан-Ата! Армысың мейірімді Жер-Ана! Армысың шұғылалы нұрлы Күн! Қайырлы таң,Қайырлы Күн!
Балалар,енді келген қонақтармен амандасайық. |
Барлығы бірге шаттық шеңберін орындайды.
Сәлеметсіздер ме! |
Іздену,ұйымдастырушы | Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бүгін біз ғарыш әлеміне саяхат жасаймыз. Ғарыш-ол аспан әлемі,онда бірнеше мың жұлдыздар,ай,күн,бірнеше планеталар бар. Саяхатқа шықпас бұрын,біз қай планетада тұратынымызды еске түсірейік. –Кане кім айтады,біз қай планетада тұрамыз?
Дұрыс айтасыңдар,қараңдаршы қандай әдемі! Бұл біздің жер планетамыздың кішірейтілген түрі-глобус деп аталады. Глобус әр-түрлі түспен бейнеленген (көлдер,таулар,орман,құмдар,теңіздер,мұхиттар). Ал,енді біз осы жер планетамыздан ғарышқа саяхат жасайық.Ғарышқа шығар алдында кім қандай ғарыш туралы тақпақтар біледі екен,кім айтады?
Өте жақсы,тағы кім айтады?
Жарайсыңдар балалар. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ: Аспанда бір алып құс,ызғып ұшып барады. Қарап тұрсаң ғажайып,соңында із қалады.
Ал енді ғарышқа ұшуға дайындалайық. Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
Олай болса зымыран құрастырайық. Жарайсыңдар,зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық? -Міне,балалар зымыранымыз дайын,енді біздер «Жұлдызды қалашыққа» даярлықтан өтуіміз керек. «Жұлдызды қалашық»мынадай тапсырмалар дайындаған,соны орындайық. 1-тап-а:Мына қолшатырдың қайсысы үлкен және кішкентай? 2 тап-а:Мына жануарлардың қайсысының құйрығы ұзын.Иттің бе әлде маймылдың ба? 3 тап-а:Екі талдың айырмашылығы неде? Жарайсыңдар,ғарышкерлер берілген тапсырманы орындадыңдар. Кане орнымыздан тұрып ғарышқа ұшуға дайындалайық. 5-1-ге дейін кері санайық. Міне балалар ғарышқа да келдік.Біздің алдымызда аспан әлемі және планеталар.Бұл планеталардың өз атаулары бар,біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар екен.Тапсырмаларын орындаймыз ба?
1.Күн:Кемпірқосақта неше түс бар? 2.Жұлдыз:Бағдаршамда неше көз бар? 3.Ай:Қолғапта неше саусақ бар? 4.Шолпан:Адамда неше көз бар? 5.Сатурн:Аспанда неше күн бар? 6.Марс:Жұлдыздың неше бұрышы бар? 7.Нептун:1-жылда неше ай бар? 8.Плутон:1-аптада неше күн бар№ 9.Уран:Адамда қанша саусақ бар?
Ғаламшар тапсырмасын орындадық,ендеше өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алайық. Ол үшін алдарыңдағы пішіндерді пайдаланып жұлдыздар құрастырайық.
Өте әдемі жұлдыздар құрастырдыңдар. Кім айтады жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады?
Мында қараңдар біздер жұлдыз құрастырып жатқанда ғаламшарға жатпланеталықтар келіпті,мынау солардың іздері. Олардың құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырайық. -Кане кім орн-ды? Орналастырдық,бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса орнымыздан тұрып,бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Өте жақсы,енді іздердің құпиясын ашып,тапсырмаларын орындайық. 1-ші іздің т-сы:Талдың тасасынан 2 ұзын құйрық және 2 ұзын құлақ көрдім.Олар нелер және нешеу? 2.Дарбаза артынан 8 дөңгелек көрініп тұр.Дарбаза артында неше машина тұр? 3.Мысықта неше аяқ бар? 4.Екі сиырдың мүйізі нешеу? Жарайсыңдар,дұрыс жауаптарын тапқасын іздер ғайып болды. Енді кері қайтатын кез болды.Зымыранымызға отырмас бұрын кім ғарышқа арналған тақпақтарын айтады?
Енді зымыранымызға жайғасып,балабақшамызға оралайық. Кане бәріміз бірге 5-1-ге дейін кері санайық. Міне балалар балабақшамызға да келдік,сендердің білімдеріңнің арқасында ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. |
Жер планетасында
Аманбек. Аспа,аспан арайлым, Саған жиі қараймын. Сені көзбен шаламын, Мен ғарышкер боламын.
Нұрдәулет. Болам дейсің ғарышкер, Қйын өнер ол,-дейді, Әжем:»Осы бастан-ақ Есепке алғыр бол»,-деді Болу үшін ғарышкер Деп ағам да толғады Шынық осы бастан-ақ Мықты спортшы болдағы. Жігерлі өс,оқы көп. Ғарышкер болмас адамдар, Жүрегінің оты жоқ.
Зымыран
Зымыран керек
Зымыран құрастырады
Қызылы үлкен,сарысы кішші
Маймылдың
Біреуінде алма бар біреуінде жоқ
Кері санайды
Иә,орындаймыз
7 түс бар 3 көз бар 5 саусақ бар 2 көз бар 1 күн бар 5 бұрышы бар 12 ай бар 7 күн бар 10 саусақ бар
Жұлдыздар құрастырады
5 үшбұрыш,1 бесбұоыш
Рет санымен орналастырады
Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ Оң аяқта бес бәшпай Сол аяқта бес бәшпай Қосып едім екеуін Болып шықты он бәшпай.
2 түлкі,2 қоян
2 машина 4 аяқ бар 4 мүйіз
Асылбек. Қорықпаймыз,батырмыз, Біз далада жатырмыз жұлдыздарға қараймыз Қайта-қайта санаймыз Жұлдыз неткен көп еді Жанып,бірі сөнеді.
Айқабыл. Көңілім дария,ойым аспан, Асқар шыңнан бойы асқан. Ай,күнімен аспанның Әзілдескен,сырласқан Ұшқыш болғым келеді Күнге күліп,күй шерткен Айға әнін тыңдатқан Ұшқыш болғым келеді.
5-тен1-ге дейін кері санайды. |
Рефлексті коррекциялаушы | -Балалар,сендерге саяхат ұнады ма?-Сендер қайда бардыңдар?
-Не қызық тамашаладыңдар?
-Ғарышта қандай планеталар бар екен? Балалар мен сендерге ризамын. Енді келген қонақтармен қоштасайық. |
Иә,ұнады. Ғарышқа бардық.
Планеталар көрдік.
Ай,Күн,Юпитер,т.б.
Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтиеже:
Білуі керек: Аспан әлемі туралы,планеталар жайлы олардың ерекшеліктерін білу.
Болуы керек: Ғарышқа саяхат жөнінде балалардың түсінігінің болуы.
Баланың қолынан келуі:Берілген тапсырмаларды орындап,сұрақтарға толық жауап беру.