Басы » Cыныптан тыс » Шоу 10 миллион теңге

Шоу 10 миллион теңге

Калиева Гульназ Койшыбаевна
Сабақтың тақырыбы: Шоу 10 миллион теңге
Сабақтың мақсаты:
                                  Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой
                                   өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тест
                                   тапсырмаларын орындауға дағдыландыру, ойын сабақтарға
                                   белсенділігін дамыту
                                   Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын,
                                   жылдам әрі дұрыс шешім қабылдайтын және ойлау,
                                    ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
                                   Қоғамдық, көпшілік орындардарда өзін-өзі мәдениетті
                                    ұстай алатын, өз пікірін еркін жеткізетін, өз мүмкіндігін
                                    дұрыс пайдалана алатын зерделі де сабырлы тұлғаны
                                    тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың көрнекілігі: ойынға қажетті жаңа
технологиялар (компьютер, слайдтар,
музыкалық аппаратура, видео камера т.б.)
10 миллион теңге қағаз ақшалары

Ойынның барысы:
1. Ойынның мақсатымен таныстыру
2. Ойынның шартымен таныстыру.
3. Ойыншылармен таныстыру.
4. Ойын барысы
5. Қорытындылау

Сәлеметсіздерме, мен Гүлназ Калиева және сіздер 10 миллион теңге шоу бағдарламасын көріп отырсыздар. Мінекей, 10 миллион теңге, бұл біздің мектебіміздің тарихындағы ең алғаш рет ойналып жатқан ток шоу бағдарламасы. Сіздердің әрқайсыларыңыз осы ақшаларды алып кетуге мүмкіндіктеріңіз бар. Ұтып алсаңыздар сіздің өмірлеріңіз толығымен өзгеріп кетуі мүмкін, ең құпия деген армандарыңыз да орындалуы мүмкін. Сіздерге тек қана келіп, ұтып алуларыңыз керек. Мен студияға бүгінгі ойыншыларды шақырамын. Болат Ерасыл, Құлан Рауан, Дүйсенова Мерей мен
Хайрош Сабина. Бұлар айнымас достар және бір сыныпта оқитың сыныптастар. Сәлеметсіндерме Ерасыл, Рауан, Мерей, Сабина. Сіздерге бір ғана сұрағым бар, егер ақшаны ұтып алсандар қайда жұмсағыларын келеді?
— Жарайсындар, олай болса сенднрге сәттілік тілеймін.
— Ал енді сендерге ойын шартымен таныстырып, түсіндіріп кетейін. Ойын 10 ұяшықтан тұрады, әр ұяшықта 3 тақырыптық категориялар бар. Солардың бірін таңдайсындар. Сосын мен соның сұрағын оқимын, сіздер ақылдасып жауаптың бір нұсқасын таңдайсыздар да ақшаны соған қоясыздар, және бірнеше нұсқаларына да ақшаны қоюға болады. Егер жауап дұрыс болмай шықса, осылайша ақшаларыңыздан айрыласыздар. Ойын шарты түсінікті болса, 1- ші ұяшықты ашамын, категорияны тандаңыздар.

1 ұяшық – категория тандау.
«Адам» — 1. Сезім мүшелерін ата
А) қол, аяқ, жүрек в) мұрын, құлақ, көз, тіл, тері
С) жүрек, бас, ми д) тіл, мұрын, жүрек
«Табиғат» — 1. Жер бетіне түсетін жауын-шашын ….. өлшенеді
А) км В) см С) мм Д) грамм
«Өсімдік» — 1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдікті ата
А) жалбыз В) жантақ С) жолжелкен Д) қоңыраубас

2 ұяшық – категория тандау.
«Адам» — қабырғалар төмен түсіп, кеуде қуысы тарылады, өкпе сығылып кішірейеді
А) тыныс алғанда В) тыныс шығарғанда С) жүгіргенде Д) жатқан кезде
«Табиғат» — судың қасиеті
А) мөлдір, иіссіз, түссіз В) ақ, таза
С) жылт-жылт Д) сүттей ақ
«Өсімдік» — топырақ құнарлы болу үшін қажетті зат
А) құм В) шірінді С) су Д) тас

3 ұяшық – категория тандау.
«Адам» адам тіршілігіне қажетті жағдайлар
А) үй, машина, компьютер В) ақша, теледидар
С) су, ауа, жылу, қорек Д) нан, ауа
« Табиғат» — саяхатта жел бағытының анықталуы
А) сырыққа байланған шүберек В) құс бағыты
С) жәндіктердің ұшуы Д) анықтау мүмкін емес
«Өсімдік» — жылу сүйгіш өсімдік
а) бидай В) жантақ С) қияр Д) күріш

4 ұяшық – категория тандау.
«Адам» — өкпеге енген ауадағы газ
А) көмірқышқыл газы В) азот С) улы газ Д) оттегі
«Табиғат» — жер бетінің ерекше биік тұстары
А) жыра В) тау С) жазық Д) үстірт
« Өсімдік» — бидай, сұлы, арпа өсімдіктерінің бейімділігі
А) жылу сүйгіштігі В) құрғақшылыққа төзімділігі
С) ылғал сүйгіштігі Д) суыққа төзімділігі

5 ұяшық – категория тандау.
«Адам» — иіс сезу мүшесі
А) құлақ В) тіл С) тері Д) мұрын
« Табиғат» — табиғаттағы судың күйі
А) көгілдір, қатты В) сұйық, қатты, газ
С) таза, мөлдір, бос Д) суық, сұйық, ақ
« Өсімдік» — біздің еліміздің өсімдік түрлерінің саны
А) 5 мыңнан астам В) 10 мыңнан астам С) 4 мыңнан асиам Д) 6 мыңнан астам

6 ұяшық – категория тандау.
«Адам»- аяққа қатысты сүйек
А) шынтақ В) ортан жілік С) жауырын Д) тоқпан жілік
«Табиғат» — өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары
А) құм В) топырақ С) қарашірік Д) саз
« Өсімдік» — қоректік заттарды басқа мүшелеріне жеткізетін өсімдік мүшелері
А) тұқым В) жапырақ С) жеміс Д) сабақ

7 ұяшық – категория тандау.
«Адам» — адамның бір тәулікте ішетін су мөлшері
А) 2-3 литр В) 1-2 литр С) 4 литр Д) 3-4 литр
«Табиғат» — пайдалы қазба шоғырланған жер
А) шахта В) дала С) кен орны Д) карьер
« Өсімдік» — ылғал сүйгіш өсімдіктердің тамырлары
А) шашақты В) ұзын С) тармақты Д) кіндік

8 ұяшық – категория тандау.
«Адам» — аяқ-қолдың сүйектерінің бір-бірімен жалғасуы
А) буын арқылы В) сіңір арқылы С) тері арқылы Д) бұлшық ет арқылы
«Табиғат» — судың табиғаттағы күйі
А) 3 күйде В) 1 күйде С) 2 күйде Д) көп күйде
«Өсімдік» — екі жылдық өсімдікті ата
А) пияз, орамжапырақ В)сасыр, жүгері С) сарықараған, қайың Д) бидай, күнбағыс

9 ұяшық – категория тандау.
«Адам» — адамның дене сүйектерін қимылға келтіретін
А) жүрек В) ми С) қол-аяғы Д) бұлшық ет
« Табиғат» — жанғыш пайдалы қазбалар
А) алтын, мыс, газ В) тас көмір, мұнай, газ
С) гранит, әктас Д) құм, саз
«Өсімдік» — тіршілігі және өсіп жетілуі ұзақ жылға созылатын өсімдік қалай аталады
А) біржылдық В) көпжылдық С) екіжылдық Д) мыңжылдық

10 ұяшық – категория тандау.
«Адам» — дені сау адамның тамырының 1 минутта соғуы
А) 100-120 рет В) 90-100 рет С) 50-60 рет Д) 60-80 рет
«Табиғат» — Қазақстандағы тұзды теңіз
А) Балқаш В) Каспий С) Ертіс Д) Байкал
«Өсімдік» — орман өсімдіктері
А) қарақат, мойыл, таңқурай, тошала В) күріш, жүгері, мақта
С) қызғалдақ, қарақат Д) терек, шеңгел, алабұта

Қорытындылау: ойынпаздарды құттықтау, мадақтау, грамоталармен марапаттау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *