МКҚК «Ер Төстік» балабақшасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Күз-береке,молшылық.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін айту.Күзде мол өнім жинайтынымызды,табиғаттың берген сыйын қадірлеуді түсіндіру.Көкөністердің адам денсаулығына пайдасы бар екенін ескерту,оларда дәруминдер болатынын ұғындыру.
Көрнекілік: Слайд тақта,көкөністер муляжы,суреттер.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Амандасу рәсімі «Ер Төстік» атты бақшаның, Тәрбиелі баласымыз. Алдыменен қонақпен, Амандасып аламыз.
|
Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңбер Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүлдер шашылды Қайырлы күн,біз нізік-қыздармыз! Қайырлы таң,біз ержүрек-ұлдармыз! |
Іздену,
ұйымдастырушы |
Жарайсыңдар,орындарыңа жайғаса ғойыңдар. Балалар, бүгін біз күз мезгілі,оның ерекшелігі туралы және де күз мезгілін не себепті берекелі,жомарт деп атайтыны туралы әңгімелейміз. Алдымен жыл мезгілдеріне тоқталып,есімізге түсірейік. –Бір жылда неше мезгіл бар? -Қалай аталады? -Жарайсыңдар! -Ал,қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар? -Қалай аталады? -Өте жақсы. –Ал,осы күз мезгілі нешеге бөлінеді,кәне кім айтады? -Қандай болып?
-Дұрыс айтасыңдар,ерте күз,алтын күз және қоңыр күз –деп аталады екен. –Ендеше кім күз айлары туралы тақпақтар біледі?
Өте тамаша,отыра ғой. Мінеки балалар күз айларымен таныстыңдар,әр айдың өзіндік ерекшеліктері бар екен. –Күз мезгілінде басқа қандай ерекшеліктер болады?
Дұрыс айтасыңдар,балалар.Күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі екенсіңдер.Бұдан басқа да күз мезгілінде,көктемде еккен егінімізді,көкөніспен жемістерімізді де осы күзде жинайды екенбіз.Сондықтан да берекелі,жомарт күз дейді екен. Осы кезде әдемі әуенмен есік қағып, Күз ханшайымы келеді. –Күз хан-ы:Сәлематсыңдар ма,балалар!
Тәрбиеші:Сәлеметпісің,күз ханшайымы!Жай жүрмісің? Күз хан-ың сөзі: Осында күзге байланысты сабақ болып жатыр дегенді естіп,балаларға тапсырма берейіндеп,жақсы орындаса өзімнің мол өнімдерімді беріп кетейін деп келдім. Тәрбиеші: Жақсы, орындауға тырысайық Күз хан-мы: -Балалар менің қолымдағы нелер? -Жапырақтардың түстері қандай? -Осы жапырақтардың әрқайсысында тапсырмалар бар,дұрыс орындасаңдар менің сендерге әкелген базарлығым бар. Т-ші: -Балалар тапсырмаларды орындаймыз ба? 1-ші тап-ма:Күз мезгілі туралы тақпақ айту. -Балалар,тақпақтар білеміз ме,кәне кім айтады?
Өте жақсы. 2-ші тап-а: Жұмбақтардың шешуін тап. 1.Жазда інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні. Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні.Бұл не?
2.Жайлы,жұмсақ төсегім, Домаланып өсемін. Қабат-қабат тоным бар, Қалай оны шешемін.Бұл не?
3.Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Бұл не екен?
Жарайсыңдар,жұмбаұты шеше біледі екенсіңдер. 3-ші тап-а: «Кім жылдам?» Шарты: 1 ұл бала көкөністі,1 қыз бала жемісті себетке айырып жинау.
4-ші тап-а:Күз байлығы көкөністер мен жемістер,солар туралы тақпақ айту. Кәне балалар,кәм айтады?
Жарайсыңдар балалар.Осы көкөністер дауын тамашалайық. Өнім биыл тамаша!Көз тоймайды қараса: Сәбіз,картоп,қып-қызыл піскен қызанақ, Қырыққабатқа қарашы! Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Дауласпаңдар. Көкөністер бәрі де, Денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер.
Жақсы балалар орындарыңа жайғаса қойыңдар. Күз мезгілі тек көкөністерді ғана емес дәнді-дақылдарды да береді екен.Солардың бірі бидай. -Балалар,осы нан дастарханға қалай келеді екен? Кәне тақтаға назар аударайық. Сурет бойынша түсіндіру. -Балалар,бидайдан не аламыз екен?
-Ұннан нелер пісіреміз? -Кәне осы дақылдар туралы кім тақпақ біледі?
Енді бізде күз хан-ның соңғы тапсырмасы бар. «Дәміне қарай ажырат.» Енді шығармашылығымызға кезек берейік. Жұмысымызды бастамас бұрын бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті Желкілдеген желменен, Жел егінді тербеген. Өсірді оны дихандар, Тамшылаған терменен.
Шығ-қ жұмыс. 1-ші қатар жапырақтардан гүл жапсырады,ал 2-ші қатар күзгі бақтағы жапырақтарды сырлайды.
|
Бір жылда төрт мезгіл бар Қыс,Көктем,Жаз,Күз
Күз мезгілі
Үш ай бар Қыркүйек,Қазан,Қараша
Үшке бөлінеді.
Ерте күз,Алтан күз,Қоңыр күз.
Нұршат: 1-ші қыркүйек, Білімге бастайды. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды.
Бекзат: Жаңартқан ғаламды, Жаңбырлы ғажап ай. Осынау заманды, Орнатқан қазан ай.
Айқабыл: Мол байлық тергені, Шаттығы қаншалық. Қарашы,өрледі, Қараша ән салып.
Күн салқындайды,жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайады,құстар жылы жаққа ұшады.
Сәлематсыз ба!
Жапырақтар
Түстері сары
Иә,орындаймыз.
Нұрай Е. Сары ала тон жамылған, Күз атамыз секілді. Қойны толы дәмді нан, Тәттісі көп не түрлі.
Дильназ. Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбене. Бәрін тауып беретін, Жомарт екен күз деген.
Сағида. Қамба толды астыққа, Алғыс саған,алтын күз. Бір уыс дән шаштық та, Қап-қап қауын алдық біз.
Гүлназ. Күзде жауын.Бұлт,тұман. Сары жапырақ жауады Сары құйын ұйытқан, Сапырады ауаны.
Сәбіз.
Орамжапырақ.
Пияз.
Тапсырманы орындайды.
Альбина. Мен алмұртпын,алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың.
Анель. Мен жүзіммін,жүзіммін, Моншақ болып тізілдім.
Аманбек. Мен өрікпін,өрікпін, Табиғатқа көрікпін.
Қарақат. Мен алмамын,алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім.
Асылбек. Мен шиемін,шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін.
Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ:(Бағлан) Кішкене түймедеймін мен Ұнаймын мен біріне. Дәмді тағамдарыммен, Сый жасаймын бәріңе!
Қызылша:(Сүйрік) Мен де бір сөз айтайын, Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды, Винегрет салаты үстелде.
Қырыққабат-Ақерке Мақтанғаннан не пайда, Менсіз дәмді щи қайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана!
Қияр-Бекзат Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне!
Жастілек-Сәбіз Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де!
Нұршат-Қызанақ Піскен кезде қызанақ; Көз тартар қызыл түсімен. Бар ма адам сүйсінбей Томат шырынын ішпеген?
Жиенәлі-Пияз Боламын мен дәмдеуіш, Барлық-барлық тағамға. Көкөністер ішінен Мен пайдалы адамға.
Расул-Картоп Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар. Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар! Бос айтысты қояйық, дауласуды тоқтатайық.
Барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Ұн аламыз.
Нан,тоқаштар,торт,т.б.
Нұрай Ү. Нан анасы бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнім толып піскенде, Қауызыма сыймаймын.
Арай. Мен сұлымын,ұланның, Тұлпарына ұнадым. Баптаған әр диханға Басымды иіп тұрамын.
Мерей. Күнді сүйген күрішпін, Күллі жұртқа ырыспын. Алсын деп мол өнім, Ала жаздай су іштім.
Балалар ажыратады.
Барлығы бірге сергіту сәтін орындайды.
Балалар берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлексті
коррекциялаушы |
-Балалар,біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімеледік?
-Күзді неліктен берекелі,жомарт күз дейміз екен? Балаларды мадақтау. |
Күз мезгілі туралы.
Мол өнім береді,егін жинайды,көкөністер піседі. |
Күтілетін нәтиеже:
Білуі керек: Күз ерекшеліктерін,не себепті жомарт,алтын күз деп атайтынын.
Болуы керек: Өткен тақырыпқа деген қызығушылықтарының болуы.
Баланың қолынан келуі:Қойылған сұрақтарға жауап беру,тпасырманы орындау.
калай скачать етуге болады?