Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы
«Чернова орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Ешекенева Бактыгуль Нурахметовна
Шаңырақ сыны
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, мектеп пен ата-ана байланысын нығайту.
Міндеттері:
— Отбасы жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру. — Ата-ананының, баланың оқу-тәрбиеге жауапкершілігін арттыру.
-Ұлттық салт-дәстүрді, өнерді оқушылардың санасына құю.
-Отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатын өткізудің формасы: сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ой қозғау, ойын, жаттығу, слайдтармен жұмыс.
Көрнекілігі: үнтаспа, слайдтар, сызба, қолөнер бұйымдары, асық, ою-өрнектер, шаңырақ пен уық бейнесі, шарлар.
1. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»
2. Ата-асқар тау, Ана-бауырындағы бұлақ
Бала-жағасындағы құрақ, деген сөздер жазылған плакаттар
Сайыстың барысы: ұйымдастыру кезеңі
1- оқушы:
Армысыздар, ата – аналар!
Армысыздар, жас достар!
Ата – ана келді ортаға,
Сайысып өз отбасын қорғауға.
2 — оқушы:
Бүгінгі іс-шараға
Келіпсіздер жиылып.
Сәлем бердік сіздерге,
Барлығымыз иіліп.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен ата- аналар, оқушылар!
Бүгінгі « Шаңырақ сыны» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырылды.
Мұғалім: «Шаңырақ сыны» атты сайысымызға 3 отбасы қатыспақшы. Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған отбасыларын ортаға шақырайық. «Ата толғауы» күйінің әуені естіліп тұрады.
(слайдтағы отбасылар суреттерін көре отырып, балалар ата – аналарымен арнайы дайындалған орындарына отырады)
Мұғалім:
Балалар, біз қандай елде тұрамыз ?(Қазақстан)
Қазақстан – бұл үлкен Отан. Отбасы кіші Отан. «Отан отбасынан басталады» дейді халық .Отбасы мүшелеріне кімдер жатады ? (топтастыру
Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана.Бір шаңырақ астында тұратын бір-біріне сыйластығы, бауырмалдығы, татулығы, бірлігі жарасқан отбасыларды көріп тұрсыздар. Әкешім-тірегім, анашым-жүрегім деп бүгінгі сайысқа ата-аналарыңмен қатыса отырып, болашақта жақсы азамат болып өсулеріне, жан-жақты тәрбиелі болуларына отбасына берілген ұлттық тәрбиеге байланысты
Мұғалім: сайысымыз 7 бөлімнен тұрады. Енді сайысымыздың бөлімдерін таныстырып өтейін.
Сайыстың бөлімдері:
1. «Отбасымен таныс болыңыз» өзін-өзі таныстыру
2. «Өнерліге өріс кең» деп, өз қолдарынан жасалған бұйымдарын және қолөнер бұйымдарына салатын түрлі түсті ою-өрнектерді қағаздан қиып алып, таныстыру.
3. «Тыйым сөз» сайысы (әкелер мен балалар қатысады)
4. «Өнерлі отбасы» (ән, би, өлең, мәнерлеп оқу, спорт түрі т.б )
5. «Менің отбасымның сүйікті тағамы»
Аналар өздері дайындаған ұлттық астың пайдасы туралы әңгімелеу.
6. «Бірлескен еңбек» оқушылар өз ата- аналарымен топ құрып қатысады. Ата-ананың өз баласын тәрбиелеуді арттырудың бір жолы бірлесіп еңбектену.
7. «Тыңдап отырған үштік» жаттығуы
Мұғалім: Салт-сана, дәстүр сияқты әр халыққа тән өздерінің ұлттық ойыны болады. Қазақ халқының ұлттық ойындары сан алуан. Сайысымызды бастайтын кезек ретін анықтау үшін «Шеңбер» ойынын ойнайық. Шеңбер сызамын, оның ортасына асықтарды тізіп қоямын. Сіздер шеңбердің сыртында тұрып атасыздар. Қай топ асықтарды шеңбердің сыртына көп шығарса, сол отбасы сайысты бастайды.
Мұғалім:
Отбасылар келіп қапты танысуға,
Әдеппенен, ізетпен танысуға –дей келе
«Отбасымен таныс болыңыздар» (өзін –өзі таныстыру)
Мұғалім:
Шеберлердің өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата — баба жолынан .
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз көрелік шеберлердің өнерін-деп екінші бөліміміз бойынша өз қолдарынан жасалған бұйымдарын және қолөнер бұйымдарына салатын түрлі түсті ою-өрнектерді қағаздан қиып алып, таныстырсын.
Ал, ол екі арада (өлеңін жазған Ә. Табылдиев, музыкасын жазған И. Нүсіпбаев) « Айналайын, ақ мамам!» әнін Серікқан Айғаным орындап берсін.
Мұғалім:
« Ырым-тыйым- ұлағат көзі» дегендей, халқымыз әртүрлі жаман әдеттерге тыйым салу мақсатымен осы сөздерді айтып отырған. Енді тыйым сөздерге кезек берейік.
Мұғалім:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Өлең айтып, би билеп
Сайысамыз бәріміз, дегендей сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерлі отбасы»
Мұғалім:
Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас- адамның арқауы» дегендей «Менің отбасымның сүйікті тағамы» деп аналар өздері дайындаған астың дайындалуын, пайдасын айту.
Ал, ол екі арада Ескендір Хасанғалиевтің « Келші, келші, балашым» әнін сынып ата- анасы Жұрынтаева Шынар орындап берсін.
Мұғалім:
Келесі сайысымыз «Бірлескен еңбек» деп аталып отбасылар сайысқа түседі.Отбасылар құрамы толық қатысады. Мақсаты: ата-аналардың, балалардың ептіліктерін, тездіктерін байқауға арналған сайыс.
Ойын шарты: шелектің ішінде жатқан картопты баласы алып келіп, әкесіне береді.Әкесі картопты аршып анасына береді. Анасы картопты турап, әділқазылар мүшелеріне апарып береді.
Мұғалім:
Келесі сайысымыз « Тыңдап отырған үштік» деп аталып, қоржыннан алынған асықтар реті бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Мақсаты:
Бұл сайыста қойылған сұрақтарға топ мүшелерінің жауаптарын, бақылаушы қорытындылап сараптау.
Ұйымдастыру:
Топтар үшеуден отырады, анасы мен баласы бірге, ал біреуі оларға қарсы сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.
Жаттығудың сипаттамасы:
Топтар үшеуден отырады. Топ мүшелері шешен, тілші және хатшы рөлін атқарады. Анасы бір сұрақты түсіндіреді, баласы көмектесіп отырады. Хатшы рөліндегі әкесі қорытындылайды.
Отбасылар сайысқа дайындалғанша сынып оқушылары (сөзі мен әнін жазған Абдығафур Кенжебаев) «Домбыраның күмбірі» деген әнді орындап берсін.
Қойылған сұрақтар:
1.Салт-дәстүрлерді атап беріңіз (Атқа мінгізу,тоқым қағу,сүндет той, тілашар, балаға ат қою, шілдехана,бесікке салу,тұсау кесу т.б)
— Отбасының негізгі міндеттері не?
2. «3» саны нені білдіреді.
—- Балаңыздың болашағы қалай болады деп армандайсыз?
3. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдар мен сусындарды білесіз ? (шелпек,құрт,ірімшік,бауырсақ,айран,қымыз,шұбат т.б)
— Отбасы ережесін атаңыз? (мейірімділік, достық, сыйлау,адалдық,келісім т.б)
4. Ата-ана парызы деген не? (Білімге үйрету,үлкендерді сыйлау,ақыл-ойын дамыту т. б)
—- Балаңыздың қандай іс-әрекеттерін үлгі етесіз?
Мұғалім: «Әке-асқар тау, ана –бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке», «Ана» деген сөздер қандай ыстық, қандай жақын !
Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол. Енді қазір «әкелер тобы» шаңырақ бейнесін ұстап тұрып «бала» кім деген сұраққа жауап берсін
«Аналар тобы» шаңырақтың уықтарын қадап, балаларға қандай ақыл айтасыздар.
«Балалар тобы» күн бейнесін құрау.(Анашым, әкешім деп жақсы сөздер, тілек сөздер жазып, оқу)
Әділқазылар шешімін шығарғанша сынып оқушыларының «шаңырақ» биін тамашалаңыздар.
Мұғалім: Сайыстың түрлері осымен аяқталады, төрешілер алқасы қорытындысын шығарғанша, құрметті ата – аналар, қонақтар осы өткен « Шаңырақ сыны» атты сайысқа орай өз пікірлеріңізді қысқаша айтуларыңызды сұраймын. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, келіп қатысқан ата-аналарға алғыс білдіремін.Әрбір отбасына қуаныш, бақыт, мейірімділік тілеймін.
Сайыстың қорытындысы. Әрбір жауаптары үшін топтардың алған ұпайлары саналып, жалпы көрсеткіші анықталды. Жеңіске жеткен топ марапатталды. Оларға мақтау қағаздары ұсынылды. Қорытынды сөз тәрбие ісінің меңгерушісіне беріледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Әнші балапан» ән жинақ
2. « Жеті қазына» (С. Кенжеахметұлы)
3. Қазақ халқының салт – дәстүрлері ( С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова)
4. «Өнерліге өріс кең»