Басы » Бастауыш сыныптар » Су. Табиғаттағы су айналымы

Су. Табиғаттағы су айналымы

suУразымбетова Алтын Маратқызы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым
қалыптастыру; судың физикалық қасиеттерінің үш
күйде кездесуін, судың еріткіш екенін, өсімдіктердің
суды сіңіруі мен буландыруы туралы алған білімдерін
пысықтау; оқушылардың өткен сыныптарда алған
білімдері мен күнделікті өмірден білетіндерін қорыту;
су, оның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы
білімдерін нығайту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын
арттыру; ой-өрісін, есте сақтау қабілетін,
шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, табиғатты қорғауға,
үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ой жинақтау,
ой қорыту, түсіндіру, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, информатика
Сабақтың көрнекіліктері: жарты шарлар картасы, шыны ыдыс, су, мұз,
магнитофон, компьютер, слайдтар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі күннің ауар-райы туралы әңгіме қозғап, сабаққа дайындықтарын бақылау.
ІІ. Сабаққа мақсат қою.
— Су, оның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы білімдерін нығайту.
— Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.
— Судың физикалық қасиеттерінің үш күйде кездесуін пысықтау.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) «Сен – маған, мен – саған»
Оқушылардан «Пайдалы қазбалар» тақырыбын сұрап қорыту. Сынып екі топқа бөлініп, бір топтан бір оқушы ортаға шығады. Ол келесі топтың екінші біріне қолына кубик беріп, осы тарау бойынша бір сұрақ қояды. Сол оқушы жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қояды. Осы қалыпта әрі қарай жалғаса береді.

ә) «Сен білесің бе?»
Үстелдің үстінде шартты белгілер жатады. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, таңдаған шартты белгіні алып, кездесетін өңірін атап, сол жерге қадайды.

ІҮ. Жаңа сабақ
1. «Су туралы ақпарат»
а) Оқушылардан су туралы не білетіндерін сұрау.
— Су туралы не білеміз?
(Судың қасиеттерін еске түсіріп, компьютерде жазу)
жұққыш түссіз еріткіш

мөлдір

аққыш мөлдір
иіссіз

ә) Судың қандай физикалық күйін білесіңдер?

2. «Су туралы таңғажайып деректер»

1) Ең бірінші жарты шарлар картасын көрсетіп, сұрақ қоямын:
— Жер неге су әлемі деп аталады?
— Иә, балалар, жердің 3/4 бөлігін су алып жатыр екен.

29%                                   71%

— Кәне, осыны дәптерге салып қояйық.
2) Мұхиттар бүкіл жердің 97 % суын құрайды және үшеуі бірігіп (Тынық, Атлант, Үнді) 350 млн шаршы км аумақты алып жатыр
-Тынық
— Атлант
— Үнді
3) Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе адам өледі. Сусыз адам 1 апта ғана шыдайды.
4) Өсімдіктің құрамында да су бар. Оған су құймасақ өліп қалады.

3. «Су туралы статистика»

1) Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиты. Жердегі судың жартысына жуығын құрайды. (Тынық мұхиттың слайды)
2) Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий теңізі (Азия) 371,000км2 (Слайдтан бейнетаспа)
3) Қазақстандағы қорықты көл – Марқакөл. (Слайдтан бейнетаспа)

4. «Ой толғаныс»
1) – Балалар, бізбен жүрген мына тамшы қайдан келеді?
— Бұлттан.
— Бұлттың қандай түрлерін білесіңдер? Аттарын ата. (Компьютермен жұмыс) Оны орнына орналастыр. (Слайд компьютерде)

«Таңғаларлық құбылыс»
2) – Балалар, жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?
— Топыраққа сіңіп кетті. (Оқушылар өздері қорытып айтып кетеді)
Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Су – сүзгіш.
3) Бір оқушыға 51- беттегі соңғы жолды оқытамын
— Судың тағы бір кереметі – ол жер бетіндегі үнемі тынымсыз айналыста жүретіні.
Оқушылар алдында сұрақ туындайды. Олар өздері жауап іздейді, айтады.

5. «Судың да сұрауы бар»

Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, судың маңызы, яғни І — топ судың пайдасын, ІІ- топ зиянын жазып шығады. Сол бойынша сұралады.

Пайдасы
Зияны
Адам, өсімдік,
жануарлар үшін маңызды.
Электр қуатын аламыз.
Кемемен жүк тасиды.
Өндіріске керек. Айсберг ериді.
Сел апаты.
Топырақтың беткі қабатын шаяды.
Жаңбыр жиі-жиі жауса, өсімдік шіриді.

6. «Су – ғажайып саяхатшы»
Ү.Қорыту. Үнемділік.
— Балалар, суды үнемдеуіміз керек. Арал теңізінің суы жағадан 100-деген км-ге қашықтады. Ашылған Арал теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады. Арал теңізі «қасіреті» ашық жарияланып, дүниежүзілік масштабқа шықты.
ҮІ.Үйге тапсырма.
«Су – тіршілік көзі» эссе жазу.
Су туралы мақал-мәтелдер жаттау.
ҮІІ.Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *