Басы » Информатика » Проектіде бірнеше форманы пайдалану /Презентация/

Проектіде бірнеше форманы пайдалану /Презентация/

Қызылорда облысы
Қызылорда қаласы
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі
Қаражанова Гүлназ
Информатика пәні оқытушысы

Сабақтың технологиялық картасы

І блок «Мақсаттылық»

Пән атауы: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері Мамандығы: 1304043 – Техник-бағдарламашы Тобы: ЭЕТ-И-13 Күні: 21.10.2015 Оқытушының аты-жөні: Қаражанова Гүлназ
Сабақтың тақырыбы: Проектіде бірнеше форманы пайдалану
Құзыреттілікті қалыптастырудағы сабақтың негізгі мақсаты: Базалық Бағдарламалау тілдері туралы түсінік қалыптастыру,  Дельфи бағдарламалау тілінің компоненттерімен жұмыс жасай алуын меңгерту
Кәсіптік Дельфи бағдарламалау ортасында терезелі қосымшалар жасай білу
Коммуникативтік Әлеуметтік – мәдени, оқу – ғылым саласында байланыс жасау қабілеттіліктері мен іскерліктерін жетілдіру;

ақпараттардың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу қабілеттері мен іскерліктерін дамыту;

ақпараттық технологиялар арқылы кәсіби сұхбатты жүргізе білу;

ақпараттық ортада ақпараттық мәдени тәртіптің нақты деңгейін пайдалану;

«Адам» — «компьютер» диалогын жүргізуі;

қашықтықтағы адаммен жергілікті және ауқымды желі арқылы қатынасуды ұйымдастыру үшін телекоммуникацияларды меңгеруі;

— біріккен бағдарламалық жоба құрғанда топпен, жұппен жұмыс істей білуі;

Проблеманы шешу Берілген тапсырманы кәсіби деңгейде орындай білу, топпен жұмыс жасай алу
Сабақтың міндеттері:

 

Білімділік Delphi программалау ортасында графикалық батырмалармен  жұмыс жасай отырып, бірнеше формаларды өзара біріктіру
Тәрбиелік Оқушыларды шығармашылыққа, шапшаңдыққа, шешім қабылдағыштыққа тәрбиелеу. Кәсіби құзыретті маманның еліміздің болашағының нық болуына тигізер әсерінің мол екендігін оқушыларға ұқтыру
Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеттерін, есте сақтауларын дамытып, жетілдіру
Сабақтың типі: Аралас  сабақ
Сабақтың түрі: Лабораториялық сабақ
Оқытудың технологиясы: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы,  Компьютерлік оқыту технологиясы
Болжам етілетін нәтиже: Delphi программалау ортасында басқару компоненттерімен, батырмалармен,  графикалық компоненттермен бірнеше форманы байланыстыра отырып  жұмыс жасай білу
Қалыптасатын

 

 

Білім Білік Дағды
Оқушының бағдарламалау ортасы туралы білімін жетілдіру Оқушының дельфи бағдарламалау тілінің негізгі компоненттері туралы теориялық білімін дамыту. Форма ұғымын, оның қасиеттері мен оқиғаларын меңгеру. Оқушы лабораториялық жұмыстар арқылы графикалық  компоненттерді пайдаланып, paintbox, image,  shape,  colorbox компонентерімен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар қосымшада бірнеше форма ашып оларды байланыстыра алады
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын, физика.
                                                         ІІ блок «Сабақтың жабдықталуы»
Қолданылатын дидактикалық материалдар: Таратпа материалдар Негізгі әдебиеттер Қосымша әдебиеттер ОӘК
Лабораториялық жұмыстар Ж.Динисламов «Delphi ортасы» Қызылорда, 2004 жыл

131-136 беттер

 

1.                   М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жаппасбаева «Информатика» Астана,2004 жыл

2.                   Комардинов «Информатика» оқу құралы. Алматы,2008 жыл

Delphi.Help электоронды оқулығы

Stud.kz сайтынан алынған материалдар

Қолданылатын техникалық құралдар: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, есте сақтау құрылғылары
ІІІ Блок «Ұйымдастыру – рефлекциялық»
  Оқытушы іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Күтілетін нәтиже Оқыту технологиясы
І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация Топпен сәлемдесу. Топ оқушыларын түгелдеу. Сабақта жоқ оқушылардың себебін білу. Аудитория тазалығына көңіл бөліп, техникалық құралдарды іске қосу. Сәлемдесу. Оқу құралдарын дайындау.

 

   
ІІ. Сабақтың тақырыбы

Мақсаттың қойылуы

Проектіде бірнеше форманы пайдалану.

Өткен сабақты қайталау.

Дельфи ортасының графикалық батырмалары.

Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білімді беру кезеңі.

Delphi бағдарламалау ортасы. «Қазақ  хандығы» жобасы

Назарын сабаққа аудару.

Сұрақ-жауап арқылы және берілген есепке қарапайым бағдарлама құру арқылы үй тапсырмасын тапсыру.

 

Оқушы өткенді еске түсіру арқылы жаңа тапсырмаларға бет бұруы. Өткен лабораториялық сабақта құрылған жобаны,  негізге алу КОТ, ДОТ
ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер «Қазақ хандары» презентациясы

Лекция сабағында алған білімдері мен лабораториялық жұмыстағы қысқаша теория

Жаңа сабақта көрсетілген  деректер мен лабораториялық жұмыстағы қысқаша теорияны негізгі алу Өткенді қайталау және оқулықты тиімді пайдалану КОТ, ДОТ
ІҮ. Алған білімді бекіту Деңгейлік тапсырмалар

«Қазақ хандығы» қосымшасы

Теориялық білімдерін ортаға салу, талдау Лекция барысындағы теориялық материалдарды лабораторияда пайдалану КОТ, ДОТ
Ү. Білімді бақылау, бағалау Үй тапсырмасына дайындығы мен деңгейлік тапсырмалар және қосымша сұрақтар арқылы бағалау

Бағалау парағы. Өткен сабақпен салыстыра келе диаграмма арқылы моноторинг жасау

Үй тапсырмасын,  деңгейлік тапсырмаларды тексерту және қосымша сұрақтарға жауап беру Оқушы білімін тексеру КОТ, ДОТ
ҮІ. Қорытынды Деңгейлік тапсырмалардың шешімін талдау, бүгінгі жаңа ұғымдарға тоқталу Өз қатесін жөндеу Оқушы мен оқытушы арасындағы байланыс —  оқушы білімінің жетілдірілгені КОТ, ДОТ
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру Теориялық тапсырма: Ж.Динисламов «Delphi ортасы» Қызылорда, 2004 жыл. 132 бет  24 жаттығу

 

Шығармашылық тапсырма: «Менің отаным — Қазақстан» тақырыбында бірнеше форманы байланыстыра отырып,  графикалық компоненттерді  пайдаланып программа құру.
  Өзіндік жұмыс: Мәзір жасауға арналған компоненттерді пайдаланып калькуляторға арналған мәзір қосымшасын бағдарламалау

 

 

ІІ. Сабақтың тақырыбы

Мақсаттың қойылуы

Проектіде бірнеше форманы пайдалану.

Өткен сабақты қайталау.

Дельфи ортасының графикалық батырмалары.

Үй тапсырмасын тексеру. Үй   тапсырмаларында деңгейлік тапсырмалар сұрақ-жауап ретінде және қарапайым бағдарлама құру ретінде берілген.

Жаңа білімді беру кезеңі.

Delphi бағдарламалау ортасы. «Қазақ  хандығы» жобасы

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, ExtCtrls, StdCtrls, jpeg;

type

TForm1 = class(TForm)

Image: TImage;     Label1: TLabel;    Timer: TTimer;     Timer2: TTimer;     Button: TButton;

procedure TimerTimer(Sender: TObject);

procedure Timer2Timer(Sender: TObject);

procedure ButtonClick(Sender: TObject);

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

implementation

uses Unit2;

{$R *.dfm}

procedure TForm1.TimerTimer(Sender: TObject);

begin

if label1.Enabled then

Label1.Enabled:=False

else begin

Label1.Visible:=False;

Timer.Enabled:=False;

Timer2.Enabled:=True;

end; end;

procedure TForm1.Timer2Timer(Sender: TObject);

begin

Label1.Visible:=True;

Timer.Enabled:=True;

Timer2.Enabled:=False;

end;

procedure TForm1.ButtonClick(Sender: TObject);

begin

Form1.Hide;

form2.show;

end;

end.

ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

Қысқаша  теория

Дельфи проектілерінде бірнеше форма қолдануға болады. Проектіге жаңа форма қосу үшін Бас мәзірден File – New – Form командасын орындау керек немесе View панелінен New Form белгішесін басу қажет. Нәтижесінде экранға жаңа форма шығады.

Бір формадан екінші формаға өту немесе қажетті форманы экранға шығару Бас мәзірден View – Forms командасын орындағанда немесе View панелінен View Form белгішесін басқанда пайда болатын View Form терезесінен қажетті форманың атауын таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Бір форманың қодынан екінші форманың кодына өту үшін код терезесінің жоғарғы жағында орналасқан код атауларымен аттас панельдерді басса жеткілікті.

Бір формадағы объектілерді және құрылған процедураларды екінші формаға көшіруге болады.

Программалауда формаларды экранға шығару немесе жасыруда формалардың Visible қасиеті қолданылады.

Сондай-ақ формаларды шығаруда немесе жасыруда келесі әдістер кеңінен қолданылады: Show – форманы шығару, ShowModal – форманы шығару, бұл әдіспен шығарылған форма жабылмай басқа формалар екпінді бола алмайды.  Hide- форманы жасыру.

Программалауда жазылу мысалдары:

Form2.hide; Form1.show; Form3.Visible=False

Бұл процедураларды алғаш рет жазып, қосымшаны іске қосқанда, дельфи ортасы қосымшаға жаңадан кірістірілген формаларды модульдер бөліміндегі тізімге тіркеу туралы хабарлама шығарады.

Қосымшаны іске қосқан кезде үндемеген жағдайда экранда Form1 объектісі көрінеді. Басқа объектіні бірінші көрсету керек болса, Project – Options командасын орындап, шыққан терезеде  Main form тізімінен қосымша іске қосылғанда көрінуі тиіс объектіні таңдау қажет.

Бір форманың программалық код терезесінен екінші форманың объектіерін басқару үшін, алдымен форманың атын, содан соң нүкте қойып, қажетті объектінің аты мен қасиеттері мен әдістерін жазу қажет, мысалы:

Form1.Edit1.Text:=Form1.Caption

Form2.Listbox1.Clear

Form3.Button2.Enabled=True

 

ІҮ. Алған білімді бекіту

Деңгейлік тапсырмалар

«Қазақ хандығы» қосымшасы

А деңгейі

Жаңа форма (Form1) ашыңыз. Форманың түсін жасыл түсті етіп, форманың тақырыбына «Қазақ хандығы» атауын беріңіз. Тақырып атауы қосымша іске қосылғанда экранның дәл ортасынан шығуы керек. Форма ортасында қалың шрифтпен «Қазақ хандығы» мәтіні шығып тұрсын.

В деңгейі

Қосымшаға тағы да екі форма (Form2, Form3) қосыңыз. Олардың түсін сәйкесінше алқызыл және көгілдір түске бояңыз. Формаларға Қазақ хандығы туралы  мәлімет енгізіңіз.

С деңгейі

Формаларды байланыстырыңыз. Бірінші форма (Form1) екпінді болуы керек.

 

Ү. Білімді бақылау, бағалау

Үй тапсырмасына дайындығы мен деңгейлік тапсырмалар және қосымша сұрақтар арқылы бағалау

Бағалау парағы. Өткен сабақпен салыстыра келе диаграмма арқылы моноторинг жасау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *