Басы » Tәрбие сағаттары » Тамырлық әдет-ғұрып

Тамырлық әдет-ғұрып

Алматы облысы Талдықорған қаласы

А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Акмолдаева Жулдыз Кабдешовна

Сабақтың тақырыбы: Тамырлық әдет-ғұрып
Жалпы мақсаты: халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын оқушы бойына сіңіру;

  1. Білімділік: қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері туралы,соның ішінде тамырлық әдет-ғұрып туралы кең көлемде мағлұмат беру.
  2. Дамытушылық: оқушының ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика-эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік: оқушыны жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, достыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:  тірек кесте, слайдтар, суреттер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері, топтау стратегиясы, ойын элементтерін пайдалану, сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту стратегиясы.
 Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет, география, әдеп, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу
2.Топқа бөлу

Кіріспе сөз

1.Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
    Құрметті оқушылар, ұстаздар!Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тамырлық әдет-ғұрып».
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

1. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

  1. Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
  2. Жасы үлкендерге құрмет көрсету
  3. Тамырлық және қоныс таңдау әдет-ғұрпы
  4. Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
  5. Бата беру
  6. Бала тәрбиесі

Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі

  1. Тамырлық әдет-ғұрып дегенді қалай түсінеміз?
  2. Әдет-ғұрып дегенді қалай түсінеміз?

Дәстүр — латынша жапсыру, жалғастыру — тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
Әдет-ғұрып — дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт-сана.
Тамырлық әдет-ғұрпы

  1. Қазақтардың арасында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Бұл рәсім куәлардың көзінше салтанатты жағдайда өткізіліп, нығайтыла тү-
    сетін. Рәсім кезінде екі дос кылыштың не қанжардың жүзін сүйіп,
    мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішісетін. Олар бір-біріне мәңгі
    достықтың белгісі болсын деп кымбат бағалы бұйымдар ұсынатын.
    Дос-жаран, тамырдың үйінде қашан болса да қонуға болатын, ал
    үй иесі оған қолдау көрсетіп, қамкорлық жасайтын. Оларды анда болу деп те атайды.
  2. Қазақстан аумағында коныс аударып келген Ресей казактары мен орыс шаруаларының пайда болуына байланысты мал өсіретін көшпелі казақтар және егін салатын отырықшы орыстардың арасында достасып, тамыр болу әдет-ғұрпы етек алды. Іс жүзінде әр қазақтың орыс шаруалары мен шекара шебіндегі әскери казактардың арасында өзінін тамыр-досы болды. Мұның өзі халықтар арасындағы достықтың кеңінен қанат жаюына игі ықпалын тигізді. Әдетте олар бірінің тілін бірі үйренді, бірінің мәдениетін бірі құрметтеді. Бұл әдет-ғұрыптың ен мықты түрі дос-тамыр болу еді. Олар бір-бірінен өздеріне ұнаған нәрсесінің бәрін де қалап ала беретін. Дос-тамырлық әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете беретін сипат алды.

Мағынаны тану

 Мәтінмен жұмыс.Әр топқа мәтін таратылады

Инсерт кестесі үлгісі. Инсерт (Түртіп алу) стратегиясы бойынша кесте толтыру, әр топ өз ойларын ортаға шығару.

+Мен үшін жаңа ақпарат VКелісемін ?Мені ойландырады, таңқалдырады келіспеймін

 

ІІІ.Көрініс.                  «Достық нешеу?»

1-топ Адал достық – өмірлік нұсқа болады

2-топ Амал достықтың өрісі қысқа болады

Сергіту сәті. «Жан досым» әнін орындау

Әдеби-монтаж

Абыз-жырауларымыздан мынадай өлең шумақтары қалған:

Екі жақсы дос болмас,
Дос болса түбі бос болмас.
Екі сырттан ит болса,
Қой жібермес қорадан,
Екі жігіт тең болса,
Ат жібермес арадан.

Үмбетей жырау Тілеуұлы (1697-1786) жолдас сынын былай деп жырлайды:

Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін берсеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.

Ал жолдастың нашарынан қазақ сақтана білген. Қазақтың қара өлеңінде айтылғандай:

Баспадым жардың шетін құлайма деп,

Ішпедім арықтан су лайма деп.

Қорқамын дос болуға жаманменен,

Тар жерде ертоқымын сұрайма деп.

 

Жақсылар жақсымын деп айта алмайды,

Жамандар жақсымын деп айқалайды.

Жүрген соң бауырыңды күнде көріп,

Таулардың биіктігі байқалмайды.

 

Жас ақындарымыздың достық туралы ойлары:

 

Досым, саған сенемін,сеніп өтем,
Жолы бөтен демейін, жөні бөтен
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – адалдың серігі екен

Өмір деген өсіп тұрған гүл емес пе,
Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе
Әрбір жан ДОСТАРЫМЕН бірге болса,
Өмірдің ең қызығы сол емес пе!
Тұрғанымда қысылып,
Медет берген достарым.
Өз қайғысын ысырып,
Көмек берген достарым.

Замандастың жеңісін —
Көре білген достарым.
Қолындағы жемісін —
Бөле жеген достарым.

Сынға түскен кездерде
Сырын бермес достарым.
Қамыққанын өзгеге
Біліндірмес достарым.

Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаев өзінің досы – халық деп санаған.

 

Шыныменен дос жоқ-ау дос жоқ менде.

Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?!

Осылай бір байламға келдім бүгін,

Қарадым да сүйіскен қос кептерге.

Менде арамдық жоқ еді ала бөтен,

Доссыз өмір жалғанда қараң екен.

Қақ жарылған қауымға қайранжүрек,

Қашан ғана қаңырап қалар екен?!

Сәл сабыр ет, ей досым, жасымағын,

Доссызбын деп мен неге ашынамын?!

Дос көп менде, қашаннан досым — халқым,

Қараймын да мен соған басыламын.

Доссызбын деп айта алман халқым барда,

Саясында халқым бар салқындауға.

Қарғамаса болғаны халқым мені,

Айналмаса болғаны нарқымдауға…

Қалт-құлт етіп, мейлі, мен күн кешейін,

Күн кешейін, еліммен бірге өсейін.

Мені әзірге, ей, тағдыр, мазалама?

Емін-еркін жұртыммен тілдесейін!

«Достық»-өмірдегі қасиетті ұғым,бұл сөз әр адамға қатысты сөз, осы сөзбен кездеспеген адам жоқ және осы сөзде үлкен мағына бар. Досы бар адам бақытты адамдардың санына жатады деу де қате болмас,себебі жан досы бар адамның жаны екеу. Достың көп болуы адамның өзіне байланысты, оның ішінде адал досқа тап болатындар 65% болып келеді екен.

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті:
Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.

Бала – бауыр, дос – тамыр.

«Қазақстан ұлттық энциклопедиясының» 3-томында «Достық»  – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.  Ал Ә. Болғанбайұлы, С. Бизақовтың авторлығымен жарық көрген Синонимдер сөздігінде «Достық» сөзінің синонимдер тізбегін жолдастық, дос-жаран, дос-жора, татулық, жақын-жуық, тамыр-таныс, жора жолдас, сыйластық, бауырластық деп өрбітеді.

Ой толғаныс  Эссе жазу 

1-топ Мәңгілі ел белгісі –мемлекеттік тілінде

2-топ Мәңгілі ел – салт-дәстүрін сақтаған ел

«Мәңгілі ел белгісі»  Н.Айтұлы

 Бағалау: Кері байланыс парағы арқылы әр топ өз жұмыстарын бағалайды.

Рефлексия.

Қорытындылау.

Н.Назарбаев өзінің халыққа ұсынған “Қазақстан -2030” ұзақ мерзімді еңбегінде Қазақстанның 8 артықшылығын көрсеткенде, соның біреуі “қазақстандықтардың байсалдығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілдігі мен ақжарқындығын” атаған. Дәстүрді сақтау, ұлықтау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау біздің парызымыз.
Назарларыңызға рақмет!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *